Сейсенбі күні АҚШ президенті Джордж Буш Конгресте жылдық жолдауын жариялады. Буш американдықтарды Ираққа қатысты жаңа стратегиясын қолдауға шақырды. Ал жүргізілген соңғы сауалнамаларға қарағанда, осы мәселеге қатысты Бушты қолдайтындар қатары 30 пайыз шамасында болып отыр. Сонымен қатар Сенат Ираққа қосымша 21500 әскер жіберу туралы Буштың шешіміне қарсылық танытатын екі қарар бойынша талқылаулар өткізбекші.
Буш Ирақта сектанттық негіздегі қақтығыстар өршіп кетті, АҚШ күштерінің бұдан да мықтырақ әрекет жасауына уақыт келді деп мәлімдеді.
Президент Ирақтағы АҚШ әскерлерінің санын көбейту жөніндегі өзінің жоспарына елде қарсылықтың бар екенін мойындады бірақ бұл тек бір ғана бағыт болып отыр деді.
“Отандастарым, әскери қолбасшыларымыз бен мен барлық жайтты мұқият таразылап көрдік. Біз мүмкін болған барлық жағын талқыладық. Ең соңында, мен осы бағытты таңдадым себебі ол жетістікке әкелетін ең жақсы ғана жол. Конгрестегілердің көбі Американың Ирақта сәтсіздікке ұшырамауы керек екенін түсінеді себебі сәтсіздіктің салдары қиын болатынын сіз түсінесіз”, - деді Буш.
Кей сыншылар Бушты Ирақтағы әскерлердің санын көбейтудің орнына керісінше оларды біртіндеп шығаруға шақырды. Олар Ирақ үкіметі өз елінің қауіпсіздігі үшін өздері жауапты болуы керек дейді.
Ал Буштың айтуынша, егер АҚШ күштері Ирақтан дереу шығарылса, ол ел бейберекетсіздік жағдайында қалады. Ал бұл АҚШ дұшпандарына тиімді болады дейді Буш.
“Ирақтағы бейберекетсіздік жағдай жаңа қауіпсіз панада Америкаға зиян келтіретін дұшпандардың, жаңа ресурстардың пайда болуына жол ашады. Ал мұның жүзеге асуына мүмкіндік беру 11-ші қыркүектегі шабуылдардың сабағына көз жұмып, трагедияны шақыру дегенді білдіреді. Ханымдар мен мырзалар, Американың Таяу Шығыста, Ирақта жетістікке жетуі және Америка халқын төніп тұрған қауіп-қатерден сақтауымыз өте маңызды”, – деді Буш.
АҚШ президенті, сондай-ақ, Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликидің үкіметі елдің қауіпсіздігі үшін жеткілікті жауапкершілікті әлі өз қолына алмады деді.
Сонымен қатар, Ирақ халқы қауіпсіздікті қалайды, сол үшін Ирақ үкіметінің елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне уақыт келді, деді Буш.
“Ирақ басшылары біздің міндеттемеміздің шектеусіз емес екендін біледі. Олар Бағдадқа көбірек өз күштерімізді орналастырамыз деп уәде берген. Сондықтан олар солай жасауы тиіс. Ирақ басшылары кез келген топ пен саяси партиялардың радикалдарымен күресеміз деп уәде берген. Олар Ирақ пен коалиция күштерінің қауіпсіздікке қатысты шараларына қойылған керек емес тиымдарды алып тастап, өз уәделерін орындауы керек, сөйтіп Бағдадта қауіпсіздікті орнатуы тиіс”, - деді Буш.
Джордж Буш президент болғалы бері 6 жылдың ішінде жылдық жолдауына байланысты алғашқы рет Конгресс тарапынан қарсылыққа ұшырап отыр. Осыдан шамамен 3 ай бұрын өткен сайлаулардан кейін Демократтар Сенат және Өкілдер палатасындағы бақылауды өз қолына алған болатын. Ал сәрсенбі күні сенаторлар Ираққа қосымша 21500 әскер жіберу туралы Буштың шешіміне қарсылық танытатын қарар бойынша талқылаулар өткізбекші. Айта кету керек, Буштың Республикашылар партиясындағы кей мүшелер де осы қарарды қолдап отыр.
Оппозициялық Демократтар партиясы Буштың жолдауына байланысты пікір білдіру үшін Вьетнам соғысының ветераны әрі Сенаттың жаңа мүшесі демократ Джэймс Уебті таңдады. Уеб мырза халықаралық лаңкестермен күресте мықты болу керек екендігін қолдайтынын, сондай-ақ, Ирақтағы әскерлердің ерте шығарылуына қарсылық білдірді. Бірақ ол Ирақ соғысына өте қарсы екенін айтты.
“Президент бұл соғысқа бізді дұрыстап ойланбастан апарды. Ол ұлттық қауіпсіздік кеңесшінің ескертулеріне құлақ аспады, және армия басшылары мен әскери қолбасшылардың, сол сияқты қауіпсіздік мәселесіне қатысты тәжірибесі мол болған басқа да көптеген адамдардың айтқандарын тыңдамады”, - деді Уеб.