Әзірбайжан астанасы Бакуде көз жұмған 14-жастағы баланың қазасына “құс тұмауы” дерті себеп болуы мүмкін. Қазір осы мәселе тексеріліп жатыр. Жалпы соңғы кездері Оңтүстік Корея, Жапония және Индонезия елдерінде жаңадан құс тұмауы тіркелген болатын.
14-жастағы Айдар Аскаровтың өліміне нақты не себеп болғандығы әзірше белгісіз. Әзірбайжан билік орындары Айдаров өкпенің қабынуынан қайтыс болды дейді:
“Тексеру нәтижесі теріс болып шықты. Науқастан алынған қанды Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының зертханасына жіберуге дайындалып жатырмыз. Ол ауыл мен оның маңайындағы аймақтарда құстардың жаппай қырылғандығы байқалмады”, - деді Әзірбайжан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз-қызметінің басшысы Анар Қадырлы.
Бірақ оның сөздеріне қарамастан, адамдардың көбі құс тұмауы қайта оралды деп сескенеді.
Айдар Аскаров Әзірбайжанның оңтүстік-шығысындағы Салян аймағында туып өскен. Ал бұл аймақта өткен жылы 5 адам құс тұмауы дертінен қаза тапқан тұғын. Олардың екеуі Аскаровтың туысы болған.
Өткен аптада Еуропа Одағының ресмилері жақында Мажарстанда анықталған құс тұмауы бұл дерттің қауіпті түрі деп есептелетін H5N1 вирусы болу мүмкін деп ескертті. Кейінірек Ресей Мажарстаннан құс етінің импортталуына тиым салды. Қаңтардың 23-і күні БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі бөлімі Азия елдерін құс тұмауының жаңа эпидемиясына байланысты дабыл қағуға дайын болуға шақырды.
Аталған ұйымның мәліметтеріне қарағанда, Қытай, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия және Вьетнам елдерінде таяуда құс тұмауы тіркелген.
Дүйсенбі күні Жапония ресми өкілі елдің батысындағы Окаяма аймағында құс тұмауының осымен үшінші рет таралғанын растады. Соңғы күндері Окаямадағы құс фермасында 40 тауық қырылыпты.
“Соңғы құс тұмауы H5N1 вирусы екенін біз растаймыз”, - деді Жапония өкілі.
Дәрігер мамандар құс тұмауының дәл осы қауіпті түріне байланысты алаңдап отыр. 2003 жылы Азияда H5N1 вирусы пайда болғалы бері одан әлемде 160-тан астам адам көз жұмған болатын. Мамандардың айтуынша, әлем елдері осы вирустың алдын-алу үшін арнайы шаралар өткізуі тиіс.
Ал Әзірбайжанның Салян аймағындағы орталық аурухананың бас дәрігері Ибрахим Сафаров жергілікті мейрамханаларда әліге дейін жабайы құстар ұсынылады, ал бұл ең үлкен проблема дейді.
“Біз алдын-алу шараларын іске асыруымыз керек. Ол үшін бізге бұқаралық ақпарат құралдары көмектесуі тиіс”, - деді Сафаров.