Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Германия Федеративтік республикасына сапары барысында, Европа одағында қазіргі таңда президент міндетін атқарушы осы елдің канцлері Ангела Меркелмен кездесіп, келіссөздер өткізді. Соңынан екі ел жетекшілерінің БАҚ өкілдері үшін баспасөз-мәслихаты болды.
Күн тәртібіне Евродақтың Германия бастаушы болып отырған Орта Азиямен байланыстар стратегиясы шығарылды. Сондай-ақ Европа үшін қазіргі күрделі мәселелердің бірі - энергиямен қамтамасыз ету де әңгіме арқауына айналды.
Германия канцлері жоғарыда аталған мәселелермен қатар Қазақстанды демократия мен адам хұқтарын дамыту мәселелеріне де көбірек көңіл бөлуге шақырды.
Жалпы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Берлинге баратын сапарына аса бір жақсы кезеңді таңдаған дейді сарапшылар.
Дәл осы уақытта Евродақтың қазіргі президенті Германия Орта Азия елдерімен жақынырақ байланыстар орнату бастамасын көтеріп, демек, Орта Азия стратегиясын дамытуға шақырып отырғандығы аян. Өйткені, соңғы екі жылдың көлемінде Ресей өзінің саяси мүдделеріне орай Европаны мұнаймен, газбен жабдықтау ісінде бірқатар қиындықтар келтірген болатын, соған орай Европа елдерінде бұл ретте өзіндік алаңдаушылық бар.
Осыдан да болар, Германия канцлері Ангела Меркелдің Орта Азиядағы табиғат қазыналарына өте бай елдердің бірі Қазақстан басшысымен келіссөздері қуат көздерімен қамтамасыз етуді түрлендіру мәселесіне арналды десек болады. Оған қос жетекшінің Берлиндегі кездесулерінен кейін бірлесіп өткізген баспасөз-мәслихатында Германия канцлері Ангела Меркелдің айтқан сөздері де дәлел болатындай.
«Германияның Евродақтағы президенттігі кезінде Орта Азия ең негізгі назар аударатын аймақ болып тұр және біз Европа одағы үшін осы аймақпан қарым-қатынастарды, оның ішінде әсіресе Қазақстанмен ынтымақтастықты неғұрлым жақындатуды қолдаймыз», - деді Меркел ханым.
Хабарларға қарағанда, Қазақстан президенті Назарбаев болса Меркелдің мұндай ойларын құптап қарсы алған, бірақ олардың қандай да бір энергия жобалары турасында нақты сөйлескендері туралы бірден белгілі бола қоймаған.
Берлиндегі Германия сыртқы қатынастар консулының сарапшысы Александр Рау былай дейді:
«Европа одағының қазіргі президенті Германия энергия импорты мәселесін Ресейді айналып өтіп шешуге тырысуда, міне осы ретте Қазақстан Орта Азиядағы ең басты потенциалды әріптес болатындығы айқын».
Талдаушы Рау сондай-ақ Назарбаевтың Берлинге сапары Германияның Евродаққа президенттік ету тізгінін қолға алған және осы бір кезеңде Үлкен сегіздік елдері ұйымына да төрағалық етуді бастағаннан кейінгі уақытта бұл елге бірінші болып сапармен келген шетелдік жетекші екендігіне баса назар аударады. Ол Қазақстанды табысты елдердің бірі ретінде суреттейді.
«Қазақстан пост-советтік кеңістіктегі ең табысты ел, ал Германияның бизнес қауымдастығы бұнда инвестиция салуға ықыласты, сондықтан да әріптестік пен стратегиялық ынтымақтастықты бастап кетті. Назарбаев та мұның бәрін біледі, ол дәл қазір Берлиндегі уақыт осы тұрғыдағы келісімдерді жасауға лайықты сәт екендігін бағамдайды», - деді сарапшы.
Меркел мен Германияның сыртқы істер министрі Франк-Уолкер Штейнмайер Европа үшін саяси және экономикалық қарым-қатынастарды Орта Азиямен тығыз дамыту бағытын қатты ұстанады және олар мұндай жақын қарым-қатынас аталған аймаққа Ресей мен Қытайдың ықпалын азайтып, тепе-теңдікте ұстауға және мұнда тұрақтылықты сақтауға әсер етеді деп біледі.
Алайда Орта Азия елдеріндегі адам хұқтарының жағдайы мен демократияның дамуы, әрине, алаңдаушылық тудырмай қоймайды. Сонымен, бір жағынан алғанда, Берлин мұндай елдермен әріптестік экономикалық байланыстарды нығайтқысы келеді, екінші жағынан, Орта Азия елдерінде адам хұқтарының бұзылушылығына жол берілетіндігіне де назар аудармай қалмайды.
Ал бейсенбі күні Назарбаев Украина астанасы Киевте болады. Онда мұнай тасымалына қатысты бірқатар келісімдерге қол қойылуы тиіс.