Қаңтардың 30-ы күні Алматы облысы Қарасай аудандық соты "Кришна санасы" қоғамы діни бірлестігіне қарсы аудандық әкімшіліктің талап-арызын қарап, діни бірлестік қарамағындағы 47,7 гектар жердің заңсыз сатып алынғандығы жайлы шешім шығарған. Бұл туралы "Азаттық" радиосына сәрсенбі күні хабарлаған "Кришна санасы" қоғамының төрағасы Виктор Голоус судьяның өзін жаңылыстырып, шешімді олардың қатысуынсыз, сырттай шығарып жібергендігін айтты. Соған сәйкес "Кришна санасы" қоғамы судьяның іс-әрекеті және оның шығарған сот шешімі бойынша әрі қарай жоғарғы инстанцияларға арызданбақ.
Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан «Кришна санасы» қоғамының мүшелері қаңтардың 31-і күні осы күнге сәйкес келген діни мейрамдарын әдеттегідей атап өтті. Бірақ, тақау уақытта құдайға сыйынатын ғибадатханадан айырылып қалулары мүмкін екенін жеткізді «Кришна санасы» қоғамының төрағасы Виктор Голоус:
«Бұл жерде біздің ғибадатханамыз бар. Осында біз құдайға сыйынамыз! Егер бізді осы мүмкіндіктен айырса, онда олар дінді жояды!»
Қаңтардың 30-ы күні Алматы облысы Қарасай ауданы соты «Кришна санасы» қоғамы мүшелері орналасқан 47 гектардан астам жердің заңсыз сатып алынғандығы жайлы шешім шығарған.
«Бұл шешім біздің қатысуымызсыз, сырттай шығарылды. Мен сотқа шақыртуды алдыңғы күні күндізгі сағат 12-де алдым. Ертесінде сотқа бардым. Сот мәжілісіне дейін маған қорғаушы қажеттігін айтып арыз жаздым. Содан кейін мені судья өзіне шақыртып, жақсы, адвокатсыз болмайтын болса, бара беруіңізге болады деді. Мен: сот талқылауы қалай болады? деп едім, қажет кезінде шақырамыз деп жауап берді. Мен кетіп қалдым. Ал кешке таман соттың сырттай шешім шығарғанын естідім. Судья мені алдап, біздің жекеменшігімізді қорғауға мүмкіндік берген жоқ!», - дейді «Кришна санасы» қоғамының төрағасы Виктор Голоус
Алматыда орналасқан Адам құқығын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюроның директоры Евгений Жовтис «Кришна санасы» қоғамына қатысты сот қызметкерінің әрекеті заңды өрескел бұзу деп бағалайды.
«Егер бұл факт дәлелденсе, онда бұл - судьяның қылмыстық іс жасауының белгісі болып табылады. Яғни, тараптардың бірін жаңылыстырып, сот шешімін шығару бойынша. Бұл - өте өрескел заң бұзушылық болғандықтан, прокуратура мен Жоғарғы соттың да осы жайында көзқарасын білгім келеді. Екінші жағынан, барлық әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, «Кришна санасы» қоғамына қарсы қысым көрсету жалғасуда. Оларға қатысты кемсітушілік көзге ұрып тұр. Сондықтан, сот шешімдерінің әділеттілігі мен заңдылығы туралы айтуға әлі ерте», - дейді Е.Жовтис.
Ал сот шешімін шығарған Алматы облысы Қарасай ауданы сотының судьясы Жайлыбаевқа хабарласып, неліктен сот шешімінің «Кришна санасы» қоғамы өкілдерінің қатысуынсыз шығарылғандығы туралы сұрағанымызда Қарасай аудандық сот судьясы «олардың ақпараттары жалған» дегенді айтты:
- Сіз сотсыз ба, Жоғарғы сотсыз ба, неге оны қарайсыз? Информация у них ложные. Бұған дейін «кришнаиттер істері» бойынша теледидардан, радиодан өтірік хабар шыққан. Соның бәрін қазір сотқа беріп жатырмыз... Прокурор сотқа беріп жатыр. Заң бойынша соттың шешіміне риза болмасаңыз, облыстық сотқа шағымдануға құқыңыз бар. Болды! Солай жазу керек. Ал оның әңгімесі көп. Екіншіден, ондай жауап сізге телефонмен берілмейді!
Қарасай аудандық сотының қаңтардың 30-ы күнгі шешіміне сай, Қарасай ауданы әкімшілігіне «Кришна санасы қоғамын» 47 гектар жерді пайдаланушы деп таныған Жоғарғы соттың былтырғы жылдың мамыр айының 30-ы күні шығарған шешіміне қарсы арыздануға кеңес берілген. «Жоғарғы соттың шешімі күшін жойған кезде біз жерімізден айырыламыз» дейді «Кришна санасы» қоғамының баспасөз-хатшысы Максим Варфоломеев.
«Біріншіден, егер жерімізден айырылсақ, біз заңды мекен-жайымыздан айырыламыз. Бұл біздің қоғамның жойылуы дегенді білдіреді. Екіншіден, бұл жерде біздің ғибадатханамыз орналасқан. Біз заңды мекен-жайымыздан айырылған кезде діни рәсімдерімізді өткізетін жерден айырыламыз. Содан кейін біздің қоғамның мүшелері осы 47 гектар жерде ауылшаруашылығымен айналысып отырған. Яғни, қоғамның мүшелері мен «Өмір азығы» қайырымдылық бағдарламасы есебінен тегін ауқаттанып отырған жағдайы нашар адамдар үшін күнделікті ауқат көзі жойылады, - деді М.Варфоломеев.
Оның айтуынша, қаңтардың 29-ы күні сонымен бірге былтырғы жылғы қарашаның 20-сы және 27-сі күндері шыққан сот шешімдеріне сәйкес «Кришна санасы қоғамы» мүшелері орналасқан 3 саяжайды алып тастау туралы ескерту хаты жолданған. Егер 5 күн ішінде саяжайлар алынбаса, олар күшпен құлатылатындығы ескертілген. Былтырғы жылдың қараша айының 21-і күні кришна дінін ұстанушылар тұратын 13 саяжайдың құлатылуы салдарынан 40-қа жуық адам баспанасыз қалған.