Бейжиндегі бір аптадай уақытқа созылған Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жөніндегі алты жақты келіссөздер алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми Пхеньян егер келіссөз жүргізуші әріптестерінен Солтүстік Кореяға жанар-жағар май көмегі берілетін болса, өзінің үлкен ядролық реакторын жауып, ақыр соңында ядролық бағдарламасынан бас тартуға келісіп отыр. Мұндай алғашқы келісімге Солтүстік және Оңтүстік, Құрама Штаттар, Ресей, Жапония мен Қытай делегаттарының келіссөздері барысында қол жетті.
Бейжиндегі алты жақты келіссөздердің қортындысы туралы Қытайлық өкіл Вудың мәлімдеуінше,
“Солтүстік Кореяның ядролық нысандарын қарусыздандыру соңғы мақсатымыз болды, Солтүстік Корея өзінің Ионбенедегі ядролық кешенін жабатын болады, Солтүстік Корея қажетті тексерулер жүргізу үшін қайтадан инспекторларды шақыратын болады”- деген қытайлық өкіл.
Оның айтуынша, Солтүстік Корея өзіне көмек берген жағдайда, 60 күннің ішінде, өзінің үлкен атом реакторларын жабуға келісіп отыр.
“Шамамен, 100 мың тонна жанар-жағар май мен гуманитарлық көмектер, оның ішінде бірінше кезекте жанар-жағар майдың 50 мың тоннасы Солтүстік Кореяға жеткізілетін болады. Көмекті жеткізу жолы экономикалық әрі ядролық топтар арқылы келісіледі.”
Қытайлық өкіл Вудың сөзіне қарағанда, егер ядролық бағдарламасы толығымен тоқтатылса, Пхеньянға 1 млн тонна жанар-жағар май немесе тура сол көлемде экономикалық көмек жеткізіледі.
Ал, алты жақты келіссөздердің АҚШ-тық басшысы Кристофер Хилл, бұл келісім Уашингтонның мақсатынан шығып отырғанын қоштады:
“Біз алдыңғы келісімді мақұлдадық. Менің білуімше, біз мұны қабылдадық. Мен сіздерге кеше айтқанымдай, Қытай өте жақсы жұмыс атқарды”.
Енді бұл келісім бойынша, Уашингтон Солтүстік Кореяның терроризмді қолдаушы елдер қатарынан шығарып, дипломатиялық қарым-қатынасын реттеуге кірісетін болады. Сонымен қатар, Солтүстік Корея Құрама Штаттармен қаржылық санкцияларын тоқтатуға жөніндегі келіссөздерін қайта бастап, дипломатикалық байланыстарын жаңартпақшы.
Келіссөздерге қатысушы Жапониялық өкіл Кеничиро Сасаэ Бейжиндегі кездесу барысында бұл келісімді мадақтап сөйледі:
“Біз келісімнің жақсы жобасына қол жеткіздік. Дегенмен, әлі де әртүрлі пікірлер болып отыр, сондықтан ақырғы келісімге жету үшін Солтүстік Кореяның позитивті реакциясы керек” деген жапондық өкіл.
Оның айтуынша, бұл келісім турасында әлі де сақтанушылық бар. Солтүстік Корея дәл осындай келісімге 1990 жылы қол қойған, бірақ кейінірек Пхеньян ядролық бағдарламасының бір бөліктерін қайта қарап, оны дамытуды жалғастырған.
Бейжинде алты елдің өкілдерінің келіссөздері барысында қол жеткен келісім жобасы бойынша формалды құжат бүгін кешірек жарыққа шығады. Ондағы келісім бойынша Солтүстік Корея өзінің Ионбенедегі ядролық кешенін 60 күннің ішінде жауып, халықаралық инспекторлардың ол жерлерді аралауына рұхсат беру керек. Оның есесіне, Солтүстік Корея 50 мың тонна жанар-жағар май немесе соған тең көлемде экономикалық көмек алатын болады. Келісімге сәйкес, ядролық мүмкіндіктерді жабу жөніндегі басқа да шарттар орындалған жағдайда, Пхеньянға бір миллионға жуық жанар-жағар май немесе сондай бағадағы көмек берілмек.
Келіссөздерге қатысушы Қытай өкілінің сөзіне қарағанда, келіссөздердің келесі кезегі наурыздың 19-ында басталатын болады.