Евродақтың кезекті президенті міндетін атқарып отырған Германия Орталық Азияға бағытталған стратегиялық жобасын осы аймақ елдерінің сыртқы істер министрлерімен наурыз айында болатын кездесуде алғаш рет ұсынамыз деп мәлімдеді. Мұндай хабарлама Евродақ ресмилерінің Қазақстан мен Қырғызстан өкілдерімен жыл сайын Брюсселде өткізілетін келісөздерінде жасалды.
Германия Орта Азия стратегиялық жоспарымен негізінен Қазақстанды жақынырақ байланыстырады дейді «Азаттық» радиосының Брюсселдегі тілшісі.
Германия қуат көздеріне бай Орта Азия аймағымен жақын қарым-қатынаста Европа одағын басты ойыншыға айналдыру бағытында көптен бері жұмыс жүргізіп келген болатын.
Сейсенбі күні Брюсселде Қазақстан делегациясымен кездесуден кейін Германия сыртқы істер министрінің орынбасары Гернот Эрлер Орталық Азиядағы аймақтық жаңа стратегия жобасы наурыздың 28-інде Қазақстан астанасында өтетін басқосуда бес елдің өкілдерінің назарына ұсынылатын болады деп атап көрсетті. Оған өзіндік жауап алғаннан соң, Германия бұл стратегиялық жоспарды Евродақтың маусым айындағы саммитінің күн тәртібіне шығарып, Одақ басшыларынан өзіндік қолдау табамыз деген үміттеміз деді ол.
Эрлер аймақтық стратегияда демократиялық реформалардан бастап, экономикалық ынтымақтастық шаралары қарастырылатын болады дейді.
- Біздің бұл мәселені қолға алуымыздың себебі, жалпы бұл аймаққа деген қызығушылық өсіп отыр, атап айтқанда Евродақ үшін қауіпсіздік саясаты, экономикалық мүмкіндіктер аймақпен ынтымақтастық барысында өсе түседі, әрине, ол біздің құндылықтарымыз бен шарттарымызға сай келген кезде біз демократияландыруды қолдау мен жақсы билік жүргізу, заң талаптарының сақталуы барлығы бірлесе келе аймақтағы тұрақтылыққа үлес қосады, ықпал етеді деп білеміз.
Эрлер стратегия философиялық құжат емес, бірақ ол Евродақтың нақты мүдделерін айқындайды дейді.
Эрлер сондай-ақ Германия бұл ретте Евродақ Орта Азия аймағындағы сыртқы ойыншылар Ресей, АҚШ немесе Қытай, Жапониямен бәсекелестікке түсейін деп отырған жоқ, оның орнына Евродақ Орта Азия үкіметтерімен және басқа да мүдделі әріптестермен ашық қарым-қатынас орнатқысы келеді деп атап көрсеткен.
Берлин өзінің бұл жаңа стартегиясында Қазақстанды ең табысты әріптес түрінде қарастырады. Германия қазір Евродақтың ішінде Астананың 2009 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткісі келетін ниетіне қолдаудың көбірек болуына жұмыс істеуде.
- Евродақтағы көпшілік Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалыққа кандидаттығын қолдайды, өйткені бұл ОБСЕ-нің аймақтағы ғана емес, оның сыртындағы да жұмысының беки түсуіне ықпал етеді деп ойлаймыз.
Дегенмен де Эрлер Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуіне қарсы болып отырғандар кімдер екендігін айтқан жоқ.
Евродақтың сыртында бұл ұсынысқа оншалықты жылы қабақ танытпайтын АҚШ екендігі аян еді.
Германия Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуіне қолдау білдіріп отырғанымен де, Эрлер сейсенбі күнгі сөзінде бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан болашақта сайлау туралы заңға өзгерістер енгізіп, баспасөз еркіндігін дамытып, саяси партиялар мен үкіметтік емес топтарды заңдастыруды жүргізуі керек деді.
Брюсселдегі бас қосуға қатысқан Қазақстан өкілі, Ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов егер Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалыққа қол жеткізсе, оның өзіндік жемісті боларына кездесуге қатысушылардың көзін жеткізуге тырысты.
Германия сыртқы істер министрінің орынбасары Генрот Эрлер оң өзгерістерді атағанда Қырғызстан елінде реформалардың кең дамып жатқанына назар аударды.
Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Данияр Үсеновпен әңгімелесуден кейін Эрлер өзінің белсенді азаматтық қоғамы арқылы Қырғызстан Евродақтың Орта Азия стратегиясын жүзеге асыруда айрықша роль атқарады деп атап көрсете келіп, Қырғызстанда да жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың үлкен мәселелер екендігін алға тартты.
Орталық Азия Ауғанстанға жақын жатқан аймақ. Бұл ретте Эрлер героиннің басым бөлігі Европаға Орта Азия арқылы тасымалданатындығына мән берді. Халықаралық лаңкестік пен Ислам фундаментализмі де Европаны алаңдататын басты проблемалардың бірі болып отыр.