Түркменстанда президенттік сайлаудың нәтижесі де белгілі болып, онда президенттікке кандидат Гурбангулы Бердімұхаммедов сайлаушылардың 89,23 процент даусымен президент болып сайланды және ант та қабылдап үлгерді. Орталық сайлау комиссиясы Бердімұхаммедовтың жеңіске жеткендігін бүгін таңертеңгісін хабарлады. Сонымен, өзін-өзі өмірлік президент деп жариялаған Сапармұрат Ниязов дүниеден өткеннен кейінгі, Түркменстан президентінің кім екендігі анықталды. Ол - бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Гурбангұлы Бердімұхаммедов.
Жексенбі, ақпанның 11-күні болып өткен сайлаудың нәтижесі бойынша, Түркменстан президенті болып сайланғандығы жөніндегі ресми хабарлама жасалысымен, Бердімұхаммедов ант қабылдады. Сонымен, Түркменстанның пост-советтік кезеңдегі екінші президенті, күтілгендей 49 жастағы Гұрбангұлы Бердімұхаммедов болды.
Түркменстанның мемлекеттік теледидары бүгін таңертеңгісін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұрат Карриевтің Бердімұхаммедовтың сайлауда жеңіске жеткендігін хабарлаған сәтін былай деп берді:
- Президенттікке кандидат Гұрбангұлы Бердімұхаммедов сайлаушылардың 89,23 процент даусына ие болды.
Сайлау нәтижесінің дәл осылай болары алдын-ала күтілген де еді. Президенттік сайлауға Бердімұхаммедовтан басқа бес кандидат түскен болатын, бірақ олардың барлығы да елдегі жалғыз заңды партияның мүшелері болған-ды. Билік тарабының айтуынша, осы жолғы сайлауға 99 процент сайлаушы қатысқан.
Ресми хабарландырудан кейін бірден Ашхабадтағы Халық мәслихатының сессиясында жаңа президент ант берді.
Түркменстан президентінің ант қабылдау рәсіміне қатысу үшін 20-дай шетелдік тұлға келді. Олардың арасында Иран президенті Махмұд Ахмединежад, Ресейдің премьер-министрі Михаил Фрадков, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Баучер, Ауғанстан президенті Хамид Қарзай, сондай-ақ Түркия, Украина, Қазақстан, Тәжікстан және Грузия елдерінің жетекшілері болды. Сөйтіп, олар Түркмен елінің жаңа президенті қалай мінбеге көтеріліп, қалай ант қабылдағанының куәсі болды. Ал Бердімұхаммедов президенттік сайлаудың демократиялық жағдайда өткендігін былайша мадақтады:
- Түркмен халқы және бүкіл әлем президенттікке үміткерлер арасындағы бәсекенің ашық және өзара сенімділік жағдайында өткендігін көрді.
Бердімұхаммедовтың президенттік мерзімі әлемге Түркменбашы ретінде танылған бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтың мұрасының көлеңкесінде басталып отыр.
Өткен жылдың желтоқсан айында, Түркменстанды 20 жылдан астам уақыт басқарған Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан бергі екі айға жуық мерзімде, елді басқару тізгінін уақытша Гурбангұлы Бердімұхаммедов ұстап келген болатын. Президенттікке кандидат кезінде Бердімұхаммедов Ниязовтың тұсында қорқып қалған жастарды біліктілікпен басқаруға уәде еткен болатын.
Дегенмен де ол Ниязовтың жолын, бағытын ұстанамын деп айтқан еді. Ол сондай-ақ қуат көздеріне бай Түркменстанның энергия байлықтарына көз тігіп отырған елдерге де осыған дейін жасалған бизнес келісімдерге артықшылық беріледі, олар сақтала береді деп уәде берді.
Жаңа президент сайлау науқаны барысында елдің оқу жүйесіне де өзгерістер кіргізіледі деп айтты. Түркмен жастарының шетелдерде оқуына жол ашылады деген де болатын ол.
Бердімұхаммедов бұлармен қатар Ниязов тұсында күрделі жағдайға түскен денсаулық сақтау саласын, зейнетақы жүйесін де қайта қарастыруға уәде берді. Бердімұхаммедов өз алдына оқшаулану саясатын ұстанған Түркменстанда интернетке қол жеткізу де жеңілдей түседі деген еді.
Талдаушылар болса, Бердімұхаммедов қандай да бір реформалық қадамдарды өте тез арада жүзеге асыра алмайды, сондай-ақ ұзаққа да созып отыра алмайды деген болжам айтады. Десек те, олардың пікірінше, Түркменстанның жаңа басшысы кезінде Ниязов тыйым салған шаралардың бірқатарына жол ашу арқылы-ақ қысқа мерзім ішінде беделге, танымалдыққа ие болады.
Ал Адам хұқтары топтары мен Батыс дипломаттары және қуғында жүрген Түркмен оппозициясы президенттік сайлаудың халықаралық талаптарға сай өтпегендігін сынап жатыр.