Жақында Иранның Есірткімен күрес жөніндегі орталығы ирандық жасөспірімдер арасында есірткіні таблетка күйінде пайдаланатындар көбейгенін хабарлап отыр. Орталық басшысы Фада Хуссейн Малеки ел ресмилерін Ирандағы есірткі пайдаланушылармен күресу жолында бірге жұмыс жасап, жаңа әдістерді қолға алуға шақырды. Азаттық радиосының сарапшысы Вахид Сепери кең етек жайған есірткі проблемасымен күресті екі деңгейде жүргізу керек дегенді алға тартады. Оның бірі құқық қорғаушы органдар арқылы, екінші қоғамдық шаралар мен заң шығару жолымен дейді.
Иранның Есірткімен күрес жөніндегі орталығының басшысы Фада Хуссейн Малеки жауапты орындарды жастардың есірткіге бой алдыруына тосқауыл қою үшін барлық ғылыми және мәдени мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Хамедиан провинциясындағы Есірткіге қарсы күрес Кеңесінде сөйлеген сөзінде ол, осыған дейін Иран әдеттегі героин мен апиын пайдаланушыларын жүгендеп келген болса, енді жастар арасында есірткіні таблетка күйінде қолданатындар қатары өскені туралы жаңалықты айтты. Сөйтіп, Малеки жастардың отбасы мүшелері, ата-аналар бұл проблемамен күреске ат салысуы керек деген.
Ирандық ресмилер әрдайым есірткі ағыны көрші Ауғаныстаннан келіп жатқанына наразылық танытып жатады. Малеки сол алаңдаушылықтарды алға тарта отырып, Кеңеске Ауғаныстандағы апиын өндірісін дамыту шаралары Иранға үлкен қауіп төндіріп тұр деген. Ол Ауған апиынын пайдаланушылар қатары көбейіп жатқаны мен апиын көкнәрін өндіру 6,100 тоннаға дейін көтерілгенін атап өтті. Және де аймақта есірткіге тәуелділер қатарын көбейтуге тырысқан шетелдік астыртын әрекеттер бар деген Малеки, Иранның шығысындағы есірткіге байланысты бұзақылықтар мен қылмыстарды тоқтату үшін полиция сақшылары мен қауіпсіздік құрылымдарын құруды талап етті. Сонымен қатар, есірткі тасымалдаушылардың Пәкістан арқылы есірткі тасымалына тосқауыл қоюды ұсынды.
Осылайша бүкіл үкіметтік құрылымдарды есірткімен күресте біріге жұмыс атқаруға үндеген Малеки, есірткі қолданушылар арасында тарауы мүмкін жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, санитарлық шараларды күшейтіп, заңдарды дамытуға күш салып, сауықтыру орталықтарының жұмыстарын жақсартуға шақырды.
Ол сонымен бірге өзінің орталығы провинциялық бөлімшелеріне қолдау танытып отырғанын, жергілікті деңгейде есірткімен күрес жүргізуде әрі провинция басшыларын бұл істе қажетті машықтандыру шарасын жүргізіп жатқанына тоқталды.
Хамедиан провинциясының денсаулық сақтау ресмилері де өздерінің ел ішіндегі нашақорларды жүгендеуге күш салып жатқандарын, оның ішінде 25 қоғамдық және жеке сауықтыру орталықтары жұмыс жасап жатқанын тілге тиек еткен. Бұл провинцияның полиция басшысы Али Рустай айтып отырғандай, бұл өңірде соңғы он айдың ішінде есірткі қылмысына байланысты 15 мыңдай адам қамауға алынған.
Одан бөлек, Есірткіге қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Әмір Хоссейн Моттахар, көшелерді нашқорлардан тазарту шарасының екінші кезеңін жүзеге асыру ұйымдастырылып жатыр деген. Оның сөзіне қарағанда, бірінші кезең жақсы нәтижелер беріп, полициядағы нашақорлар денсаулықтарын сауықтыру орталықтары мен өз еркімен емделуге жіберілген. Екінші кезеңдегі шараларда алдағы бірнеше апта бойы тағы басқа нашақорлар қамауға алынатын болады дейді ол.
Тәрбиелік және қайта қалпына келтіру шараларымен қатар Иран билігі есірткі ағыны мен контрабанданы тоқтату үшін құқық қорғау орындарының операцияларын жалғастырып жатқаны жайлы хабарлар айтылды. Жақында полицияның арнайы операциялары Иранның шығысындағы қауіпті шекара аймағындағы есірткі тасымалы мен қарақшылық жүктерді ауыздықтауды нысанаға алған.
Бұл тұрғыда Иран Ауғаныстанмен шекарасына 500 метрлік қабырға орнатқаны туралы да сөз болды.