Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар «Нұрбанктің» бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы жазыпты. Сонымен қатар, газеттердің бірі тақырға отырған «Валют-Транзит-Банкінің» дүние-мүлкі салымшылардың барлық ақшасын қайтаруға жетпейтіндігіне мән берсе, басылымдардың бірқатары демократияны дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындыларын талқылауды жалғастыруда.
«Нұрбанктің» бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Ақпанның 21-күні Алматыдағы Бостандық аудандық сотында Нұрбанктың бұрынғы басқарма төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың адвокаттарының шағымы қаралған. Ғылымов мырзаның қорғаушылары ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 110 бабына сәйкес өз қорғауындағы азаматты мекен-орнынан уақытша шықпау туралы қолхатпен босатуды талап етіп отыр» делінген мақалада. «Сот барысындағы сот төрағасы Адам мырза Ғылымовтың шағымын қанағаттандырмаған. Қаржы полициясындағылар болса, соттың осындай шешім шығаратындығын алдын ала болжағандығын айтып отыр. Олардың пікірінше, шулы істің негізгі тұлғаларын босату асығыстық болар еді» деп жазды «Время». Сонымен қатар, аталған басылым сәрсенбі күні банк қожайындарының өтініші бойынша Ғылымовқа қарсы екі қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады. «Сондай-ақ, бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары Жолдас Темірәлиев те өз қызметін асыра пайдаланған және өз қызметін асыра пайдалану барысында арандатушылыққа барған деген күдіктермен істі болып отыр. Темірәлиев мырзаның қайда екендігі әлі де белгісіз» делінген «Время» газетіндегі мақалада.
Ал «Жас Алаш» газеті болса Алтынбек Сәрсенбайұлы мен «Хабар» агенттігі арасындағы азаматтық іске қатысты сот шешімінің әділ болғандығына күмән келтіреді. «2005 жылы маусым айында Алматы қаласының Медеу аудандық сотында саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен «Хабар» агенттігі соттасқалы белгілі. Оған Алтынбек Сәрсенбайұлының тәуелсіз газеттердің бірінде Дариға Назарбаева мен оның туған-туыстары бірқатар телеарналары, радиостансалары мен басылымдары бар үлкен медиахолдингті иемденіп отырғанын жариялағаны себеп болған-ды. Неге екені белгісіз, ол кезде Алтекеңнің осы сөздері үшін Дариға Назарбаева емес, «Хабар» агенттігі сотқа жүгінген еді» делінген мақалада. «Енді, міне, Алтекеңнің қазасына жыл толғанда Дариға Назарбаеваның күйеуі, Австрия мен ОБСЕ ұйымындағы елші Рахат Әлиев «Рейтер» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ақпарат құралдарына қатысы барын ашық мәлімдеді. Рахат Әлиевтің бұл мәлімдемесі соттың әділетті өткеніне күмәндануға толық негіз болып отыр. Демек, Алтынбектің айтқаны ақиқат болып шықты» деп түйіндейді «Жас Алаш» газеті.
Бұл уақытта тақырға отырған «Валют-Транзит-Банкіне» қатысты сот ісі жүріп жатқандығы туралы «Время» газетінде баяндалыпты. «Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің төрағасы Сарыбай Қалмырзаевтың айтуынша, қылмыстық іс жақын күндері аяқталуы мүмкін. Қазіргі күні банктің айтарлықтай деңгейдегі мүліктері тәркіленген». Алайда агенттік төрағасы бұл активтер келген шығынның орнын түгел жабатындығына күмән келтіреді. «Бұл банкте проблема көп екендігін мен өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтқан едім. Менің ойымша, осы күдіктерге қырын қараған шенеуніктер жазасын тартуы тиіс» депті Сарыбай Қалмырзаев «Время» газетіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар, басылымдар демократияны дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындыларын талқылауды жалғастыруда. Мәселен, «ZONAKZ» интернет сайтында осы тақырыпқа ой қосқан Жармахан Тұяқбайдың мақаласы жарық көріпті. Онда мақала авторы комиссияның барлық ұсыныстары президенттік биліктің шекарасынан ары аса алмайтындығын айтқан. «Бұл - мемлекеттің авторитарлық сипаты сақталады деген сөз» деген пікірін білдірген Жармақан Тұяқбай «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында жарияланған мақаласында.
«Айқын» газеті болса саяси мәдениеті мен сауаты төмен депутаттардың мандатын кері қайтарып алу процедурасын енгізу керек пе деген сұраққа жауап іздепті. «Мәжіліс депутаты Зейнолла Алшымбаевтың пікірінше, егер депутат заңға қайшы әрекет жасап және бұл дәлелденген жағдайда, Парламенттің шешімі бойынша депутаттық мандаттың алынуы мүмкін. Заңгер Сәкен Өзбекұлы да бұл пікірді қостап отыр. «Уақыт талабына сай бұл дәстүрді қайта енгізу арқылы кәсіби дайындығы жоғары, жауапкершілігі зор халық қалаулысын лайықты тұғырдан көре алу үшін бұл бізге қажет нәрсе» деп жауап беріпті Сәкен Өзбекұлы «Айқын» тілшісінің сауалына.