Еуропалық комиссия және БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры биылғы жылы Қазақстандағы құс тұмауымен күрес жұмыстарына 400 мың АҚШ долларын бөліп отыр. Қазақстанға бөлінген қаржы індеттің алдын алу үшін халықты ақпарттандыру жұмыстарына жұмсалмақ. Ал Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі республика аймақтарынан ауру ошағы анықтала қалған жағдайда халықты емдеу үшін қажетті деген 5 мың доза препаратты сатып алды.
Дүйсенбі күні Астанада Халықаралық ұйымдардың Қазақстанға бөліп отырған қаржысын тиімді пайдалану мәселесін талқылау басталды. Алдағы үш күн бойы шенеуніктер мен мамандар шетелдік әріптестерінен халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын қалай жүргізу керек деген мәселеге назар аударып, олардың іс-тәжірибесін бөліседі. Еуропалық комиссия мен ЮНИСЕФ қорының 400 мың доллар қаржысы «Қазақстандағы құс және адам тұмауы пандемиясының алдын алу жөніндегі стратегиясы» жобасы аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп отыр. Сарапшылар қазірге құс тұмауы тіркелмеген Қазақстанда дүрбелең туғызуға негіз жоқ, дейді.
«Әйтседе, Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай туа қалған жағдайда құс тұмауына қарсы қолданатын 5 мың доза препарат сатып алды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бөлім бастығы Айтмағанбет Жолшоринов.
Оның айтуынша, Қазақстан арқылы құс жолдары өтетіндіктен, көктем және күз айларында қауіп бар. Бұған Қазақстанның денсаулық сақтау саласы дайын болуы керек. Осыған байланысты ауыра қалған адамдарды емдеу үшін министрлік арнайы препараттарды сатып алыпты.
Бүгінде республикада екі референс зертхана жұмыс істеуде. Онда кез-келген сәтте тұмаудың белгісін анықтауға болады. Мұнымен қоса Айтмағанбет Жолшоринов: «Індет анықтала қалған жағдайда сол жерде жұмыс істейтін эпидемиологиялық бригада жасақталып, ірі әуежайларда ыстығы көтерілген жолаушыларды анықтайтын қондырғы орнатылды» дейді.
Құс тұмауының алғашқы белгілері Қазақстанда 2005 жылдың шілде және тамыз айларында, ал соңғысы өткен жылдың наурыз айында тіркелген болатын.
«Індеттің Қазақстанмен іргелес Ресей, Әзербайжан елдерінде таралу жағдайында оның Қазақстанға қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Дабыл қағатын жағдай жоқ. Бірақ, дайын болуымыз керек. Жұртты ескертуіміз керек. Өйткені, әлемнің 10 мемлекетінде құстардың емес, адамдардың құс тұмауымен ауырып қайтыс болғандығы тіркелді», - дейді ЮНИСЕФ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Александр Зуев.
«Қазақстандағы құс және адам тұмауы пандемиясының алдын алу жөніндегі стратегиясы» жобасы аясында Қазақстанға бөлініп отырған 400 мың АҚШ долларының 80 мыңын ЮНИСЕФ қоры бөліп отыр. Оның аясында ата-аналар мен балалар, әсіресе ауылды жерде тұратын азаматтар, індеттің таралуының алдын-алу туралы құлағдар болады.
Ресми мәлімет бойынша, 2003 жылдан бері әлемде 274 адам құс тұмауына шалдығып, оның 167-сі көз жұмған екен. Ал Қазақстанмен көрші Ресей елінде құс тұмауы соңғы рет биылғы жылы қаңтар айында тіркелген. Ресей федералдық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің сараптамасы тіркелген құс тұмауы адам үшін қауіпті екендігін анықтаған.
Бүгінгі күні Қазақстандағы құс тұмауына қарсы арнайы жобаны жүзеге асырып отырған Еуропалық комиссия Орталық Азия елдеріне 5 млн. еуро көлемінде қаржы бөліпті.