Түркіменстанның жаңа президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов осыдан екі апта бұрын ғана қызметіне ресми түрде кіріскен болатын. Бердымұхаммедов сайлау алды науқанында бірқатар уәделер берген. Оның кей уәделерін адамдар мүлдем күтпеген еді. Міне енді сол уәделердің тез орындалып жатқаны таң қаларлық жәйіт болып отыр. “Азаттық” радиосының тілшісі Түркіменстан президенті Бердымұхаммедов жасап үлгірген өзгерістер жайында екі талдаушымен сұхбат өткізген болатын.
Сонымен жаңа президент Бердымұхаммедов осыдан 14 күн бұрын өз қызметіне кіріскен болатын. Ол осы уақыт аралығында Түркіменстанда бірқатар өзгерістер жасап үлгерді.
Лондонда орналасқан Соғыс және Бейбітшілік Институтының бас редакторы Джон МакЛауд бұл өзгерістерді тамаша деп сипаттады.
«Бұрынғы президент жерлене салысымен, тамаша уәделер айтылғанын көріп отырмыз. Яғни, шын мәнінде бұрынғы «керемет басшының» керемет жетістіктері деп көрсетілген нәрселерді қайта қалпына келтіруге қатысты уәделер айтылды. Кей сыншылар бұл уәделер сайлаушылардың көңілін табу үшін немесе шетелде бірнеше дос табу үшін айтылды деулері мүмкін. Бірақ, бұл тек уәделер ғана болғандықтан, олардың орындалуы екіталай. Алайда, берілген кей уәделер орындалып жатқан көрінеді. Мұның өзі жақсы деп ойлаймын», - деді МакЛауд.
Бердымұхаммедовтың ең басты уәделерінің бірі білім беру саласына қатысты болған. Ол орта мектепте 10-жылдық білім алу жүйесін қайта қалпына келтірді. Ал бұрынғы президент марқұм Ниязов мектеп оқушылары тек 9 жыл ғана білім алу керек деген қаулы шығарып, мұғалімдердің көбін жұмыстарынан айырған-тұғын. Бердымұхаммедов, сондай-ақ, елдегі жоғары оқу орындардағы жүйені өзгертемін деп уәде берген.
Ашық Қоғам Институтының Түркіменстан жобасының директоры Эрика Дэйли президент Бердымұхаммедовтың білім беру саласына қатысты берген уәделерін жылы қабылдады. Бірақ, бұл тұрғыда әлі көп жұмыс атқарылуы тиіс деді ол.
«Ниязов билігі кезінде әбден құртылған білім беру жүйесін қайта құруға қатысты кейбір нақты қадамдар жасалып жатқанын көріп отырмыз, яғни осыған байланысты президент қаулысы мақұлданды. Ең маңыздысы, енді оны жүзеге асыру керек. Білім беру жүйесі бір сәтте-ақ қаламсаптың ұшымен құртылған болса, енді оны қайтадан қалпына келтіру үшін талай жылдар кетеді», - деді Дэйли.
Ал Джон МакЛаудтың айтуынша, Бердымұхаммедов басқа да уәделерін орындауға әрекет жасап жатыр.
«Қызық, ол азаматтарға Интернет кафелері ашылады деп уәде берді. Иә, ол жерде үкімет бақылауындағы бірнеше Интернет кафесі ашылды. Тағы басқалары да ашылады деп күтілуде», - деді МакЛауд.
Бұрынғы президент Ниязов адамдардың ақпарат алуларына шектеу қойған болатын, ал Интернет жүйесіне қосылуға дерлік ешкімнің мүмкіндігі болмаған.
Түркіменстанда Интернет кафелері ашылғанына байланысты Дэйли ханым мынандай пікірін білдірді:
«Ел астанасында 2 Интернет кафесі ашылды делінгенімен, олардың ешқайсысы жөнінде жарнама берілмеді. Интернет қызметі өте қымбат болғандықтан олар да жабылуы мүмкін».
Бердымұхаммедов, сондай-ақ, елдің ауыл шаруашылық саласына қатысты реформалар жүргіземін деп уәде берген.
«Жаңа президент бұл уәдесін де алдағы уақытта орындауы мүмкін, себебі, халықтың әл-ауқаты жақсарса, шетел мемлекеттері алдында ол елдің беделі де жақсарады», - дейді МакЛауд.
Талдаушылардың пікірінше, Түркіменстандағы жаңа әкімшіліктің сыртқы саясатына байланысты баға беру әлі ерте.
Алайда, Бердымұхаммедов Қытаймен және, ең қызығы, шекаралас Ауғаныстанмен қарым-қатынастарын жақсартқысы келетінін көрсетті, дейді Дэйли.
«Бердымұхаммедов Түркіменстанның Ауғаныстанмен қарым-қатынастарына аса зор мән беріп жатқан сияқты. Бұл өте қызық десе болады. Мысалы, Ауғаныстанның қарызын өшірді және екіжақты қатынастар жөнінде президент деңгейінде жылы қабылдаулар болды», - деді Дэйли.