Ресей аймақтарында өткен жергілікті сайлауларда президент Владимир Путинді жақтайтын партиялар алға шықты. Путинді қолдайтын "Бірігей Ресей" партиясы 14 аймақтың 13-інде алға шықты. Президентшіл бағыттағы "Әділетті Ресей" жаңа партиясы бір аймақта басым дауыс алды. Дегенмен, дауыс беруге келген сайлаушылардың саны үштің бірінен аз болды, сайлаушылар дауыс беруге ынта танытқан жоқ. Оппозициялық партиялар сайлауға қатыса алмай қалдық дейді.
Ресей аймақтарында жексенбі күні өткен сайлау нәтижесінің осындай болуы жалпы үлкен жаңалық әкелген жоқ. Жергілікті парламенттердің көпшілігіне Путинді жақтайтын партиялардың кандидаттары өтті. Сайлаудың түпкілікті қортындылары бүгін кешке шығады деп күтіліп отыр. Жергілікті парламенттерге өту үшін партиялар ең азы жеті пайыз дауыс жинау керек. Бұл жердегі өлшем – қазіргі сайлау желтоқсан айында өтетін парламент сайлауының жобасы іспеттіс, сынағы іспеттес.
Путиннің жағындағы "Бірігей Ресей" партиясы алға шықты. Өзін оппозиция деп түстеген "Әділетті Ресей" партиясы жақсы бастау алды. Дегенмен, "Әділетті Ресей" партиясы оппозициямыз десе де Кремльден қолдау көріп отырған партия. "Әділетті Ресей" партиясы бір өлкеде жеңіске жетті, бұл Ставрополь өлкесі, "Әділетті Ресей" партиясының кандидаттары көптеген аймақта екінші айналымға шықты.
"Бірігей Ресей" партиясының төрағасы Борис Грызлов партиясының жеңіске жететініне сенімді:
- Фракциямыздағы жағдайды жалпы айтатын болсам, 14 аймақтың тоғызында "Бірігей Ресей" партиясының фракциясы 50 пайыздан астам жинады. Аймақтардың көпшілігінде жалпы басымдылыққа ие болдық.
Оппозициялық партиялардың көпшілігі нәтиже шығара алмады. Оппозициялық партиялар сайлауға кандидат қоса алмадық, мемлекет тарабынан ығыстырылдық, Кремль бақылап отырған баспасөзге жолатылмадық дейді. Оппозиция ұсынған кандидаттардың көпшілігін сайлау комиссиялары техникалық себептерді алға тартып, додаға жолатпады. Мәселен, Санкт-Петербор қаласында сайлаудан "Яблоко" партиясы шеттетілді. Сайлау комиссиясы "Яблоко" кандидаттарын тіркеу үшін жиналған қолдардың он жарым пайызы жарамсыз болып шықты дейді.
"Яблоко" партиясының кандидаттары төрт аймақтада ғана тіркелді. Алайда, бұлардың бірде бірінде "яблоколықтар" табысқа жете алмады.
"Яблоко" партиясының төрағасы Григорий Явлинский сайлау нәтижесінің осылай болатын білген едік деді "Азаттық" радиосына. Ол үкімет жағындағы партиялардың жеңісі қолдан жасалып отыр дейді. Мәселен, оппозиция бақылаушылары отырған сайлау бөлімшелерінде көбірек дауыс жинадық, ал бақылаушы қоя алмаған бөлімшелерде оппозицияға берілген дауыс аз, бұл сайлау бюллетеньдерінің дұрыс саналмағанын көрсетеді, дейді Григорий Явлинский.
Коммунистік партиясының басшысы Геннадий Зюганов журналистерге айтқан пікірінде сайлау қатты бұрмаланды, Ресейде мұндай лас сайлау әлі ешқашан болмады дейді:
- Бұл - Мемлекеттік Дума сайлауының алдында және президент сайлауының алдындағы бас репетиция. Біз дауыстарды өз тарабымыздан есептеп шығамыз.
Дегенмен, сайлау барысына айтылатын шағымдар сайлаудың ресми қортындыларына әсер етпейтін сияқты. Бұған Ресей президенті Владимир Путиннің ұпайына ұпай қосылып жатқаны кепіл. Ал енді оппозициялық партиялар енді желтоқсанда айында өтетін Ресей парламентінің сайлауына қамданамыз, шегінбейміз деп жатыр.