Иранның кейбір шолушылары Ахмеденижадтың шешендігі жақын айларда Иран саяси күштерінің қайта құрылып, топтасуларына жеткізді дейді. Оның нәтижесінде пайда болған оппозиция бір жағынан орталықшылар немесе прагматиктер деп аталатындардың басын қосса, екінші жағынан радикалдар президентпен тізе қосуда. «Азаттық» радиосының талдаушысы Вахид Сепери бұндай өзгерістер 2005 жылдың аяқ кезінде реформашылдар биліктен кетірілгеннен бері олар бірінші рет үкіметтің сыншысы ретінде бас көтергеннен кейін орын ала бастады деп атап көрсетеді.
Бұл қимыл-әрекеттер Мақсаттылық кеңесінің төрағасы Әли Акбар Хашеми Рафсанжанидің маңындағы орталықшыларға қайта топтасу мүмкіндігін бергендей. Иранның бұрынғы президенті Рафсанжани либералды экономиканың жақтаушысы болған-ды. İс жүзінде Рафсанжанидың бастап жүзеге асыруға кіріскен істері үшін реформашылар қатты сынға ұшыраған болатын.
Рафсанжани наурыздың 5-і күні Техранда сөйлеген сөзінде қазіргі үкіметтің экономикалық саясатын негізгі нысанаға алған болатын.
Техрандық журналист Мохаммед Садық Жавдихесар, Фарда радиосына берген сұхбатында, Иранның экономикалық жағдайының күрделі екендігін ескерсек, Рафсанжанидің сыны өте жұмсақ айтылды дейді. Дегенмен де осындай пікірлермен көрінуі Рафсанжанидің алдағы уақытта саясат сахнасына оралатындығының белгісі деп атап көрсетеді ол.
Ең алдымен ол Үкіметтің ел алдында берген уәделерін орындауға жеткілікті уақыты болды деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол Мақсаттылық кеңесі Үкіметтің барлық шығындарының жұмсалуы мен шешімдерін тексеріп, олардың даму бағдарламасы мен конституцияға қаншалықты сай келетінін қарайды деді. Мұнда дамудың төртінші бесжылдық жоспары және 20 жылдық болжам, конституцияның жаппай жекешелендіруге шақыратын 44 бабы туралы айтылған.
Мақсаттылық кеңесінің Рафсанжаниден басқа мүшелері де батыл-батыл сыни пікірлер айтқан екен. 6 наурыз күні Мақсаттылық кеңесінің хатшысы Мосен Резаи журналистер алдында жаңа әкімшілік саясатының жасақталуын кеңес тексеретін болады деген.
«Өйткені, сіздер көріп отырғандай, бұл елде адамдар бюрократия мен әкімшілік қиындықтардан зардап шегеді», - деп атап көрсеткен Мосен Резаи.
Ол сондай-ақ Мақсаттылық кеңесі конституцияның жекешелендіру саясатының орындалуына кепілдік беруге шақырғандықтан, сынға ұшырауы да мүмкін деген болжам келтірді. Иранның жоғары рухани көсемі Аятолла әли Хаменей жақында өзінің олардан экономикалық төңкеріс күтетіндігін айтқан.
Президент Махмұд Ахмединежадтың үкіметі өз аттарына айтылып жатқан сындарға бейтарап қарап қалған жоқ. 7-наурыз күнгі жиында Ахмединежад өзінің алдынан үлкен майдан ашылғандығын атап өтті. Сөйтіп, ол өз сөзінде қызметте отырған шенеуніктердің сыбайласқан жемқорлықпен күрестен бас тартқанын алға тартты. Өткен уақытта жекешелендіруге бағытталған күш-жігер ешбір өлшемсіз және делдалдар арқылы жүзеге асырылды деп мәлімдеп, мыңдаған фабрика жұмысшыларының жұмыссыз қалуына солар кінәлі дегенді меңзеді.
Ахмединежадтың сөзі таратылған күні президенттің одақтасы Мохаммед Әли Рамин де үкіметте күнде дағдарыс туғызып отыру үшін 1995 жылы партия құрған адамдарды айыптады. Ол бұл сөздерін Рафсанжанимен бірлескен орталықшылардың Құрылыс партиясының жетекшілеріне арнаған.
Ал бұл аралықта реформашылдар болса байсалды, қалыпты түрде өздерінің үкімет саясатын зерттеп-тексеретіндіктерін мәлімдеп отыр.
Егер әділін айтар болса, реформашылар 2005 жылы биліктен айрылғаннан бері үкіметтік саясатты сынаудан сақтанып келген болатын. Реформашылар өздері маңайына топтанатын мықты тұлғаны да іздеген осы уақыт ішінде. Міне, дәл сондай тұлға соңғы екі жылда өзінің реформашылдық бағытын сәл жоғалтып алған, сол үшін радикалды консерваторлар тарапынан сынға ұшырап келген Рафсанжани болуы әбден мүмкін.