Жұма күні жарық көрген басылымдар Бурабай ойын-сауық орталығын салу барысында миллиондаған қарағай оталуы мүмкін екендігі туралы жазыпты. Сонымен қатар, газеттердің бірі құрылыс компаниясы балалар үйін сотқа бергендігіне мән берсе, тағы бір басылым тұрғын үй бағасы тағы 30 пайызға қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздепті.
Бурабай орманы жеке біреулердің фазендасына айналып кетуі мүмкін екендігі туралы мақала «Новое поколение» газетінде жарық көріпті. «Мемлекет басшысының «Бурабай» табиғи аймағын ойын бизнесінің орталығына айналдыру туралы айтқандарын көпшілік күдікпен қабылдаған болатын. Енді міне, президент істері жөніндегі басқарма туристік-сауық орталығының жоспарымен таныстырып отыр» делінген мақалада. «Сөз болып отырған басқарма төрағасының орынбасары Абай Бисембаевтің айтуынша, ойын-сауық орталығы Шортанды қаласындағы дендропарктан «Зеленый бор» шипажайына дейінгі аралықта салынбақшы. Ал бұл аумақты ең әдемі әрі көне ормандардың бірі алып жатыр. Мамандардың айтуынша, мұнда миллионнан астам қарағай бар. Басқармадағылар болса оның барлығын басқа жерге көшіру қиын тірлік емес деп санайды. Алайда, мамандар ормандағы ағаштардың көпшілігі көшіруге жатпайтындығын, оның үстіне орманда әртүрлі аңдар мекендейтіндігін алға тартып отыр» деп жазды «Новое поколение» газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Республика» газеті былай деп жазды: «Туризм өндірісі комитетінің төрағасы Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, миллиондаған ағашты қолдан көшіру мүмкін емес шаруа. Сенатор Серік Аяғанов болса, бұл әрекет облыс тұрғындарының наразылығын туғазады деп есептейді. Алайда, мұның барлығы құр сөз болып қалатын секілді» делінген мақалада. «Өйткені, барлығы іс жүзінде шешіліп қойған. Бисембаев мырзаның айтуынша, жоспарды дайындау мақсатына 2 миллиард теңге бөлініп, оның 48 миллионы жаратылыпты. Бурабайдың курорт болып қалуы немесе Лас-Вегас секілді тақырға айналуы алдағы апталардың бірінде шешіледі» деп түйіндейді «Республика» газеті.
Бұл уақытта «Азиястройэкспресс» компаниясы Алматының №1 балалар үйін сотқа бергендігіне «Караван» газеті мән беріпті. «Қазіргі таңда балалар үйінің жазғы еңбек лагері орналасқан жерге зәулім баспана тұрғызылғалы жатыр. Балалар үйінің әкімшілігі сотқа шағымданғанымен, судья Жапқанова шағым-өтінішін қабылдамаған. Енді балалар үйінің басшылары тағы бір өтініш дайындап жатқан кезде, құрылыс компаниясы оларды құрылыс жұмыстарына бөгет етіп отыр деген желеумен сотқа берді» делінген мақалада. «Осыған орай балалар үйінің 92 қызметкері президенттің атына хат жазыпты. Онда әділетке жете алмаған балалар үйіндегілер мемлекет басшысынан өздеріне араша түсуін сұраған» деп жазды «Караван» газеті.
«Капитал» газеті болса Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы 30 пайызға қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздепті. Коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығының өкілі Нариман Төрехановтың айтуынша, үлескерлік туралы заң күшіне енген соң баспананы қайта жоспарлауда біршама қиындықтар туындаған. Осыған орай Алматы қаласында үйдің бағасы 30 пайызға көтерілуі мүмкін дейді ол. Ең басты себеп – сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы. Қазіргі таңда қаладағы тұрғын үй тапшылығы 6 миллион шаршы метр. Бағаны тек мемлекеттік бағдарламаларды енгізу арқылы тоқтатуға болады» деп жазды «Капитал» газеті.
Шетелдік құрылыс компанияларының Қазақстан рыногына келуі отандық құрылыстың сапасын арттыруы мүмкін екендігі туралы мақала «Панорама» газетінде жарық көріпті. «Қазақстандық құрылыс компаниялары шетелдерде жұмыс істеуіне мүмкіндік алып жатқанда, басқа елдердің құрылысшылары республикада күн өткен сайын көбейіп келеді. «Абсолют» жылжымайтын мүлік агенттігінің өкілі Роман Костенконың айтуынша, шетелдік құрылыс компанияларынан ұсыныстар көптеп түсіп жатыр. Қазір олардың біздегі нарыққа қосылуы жосапр жүзінде ғана. Егер шетелдіктердің алға қойған мақсаттары орындалып жатса, бұл жағдай отандық құрылысшыларға үлкен қозғау салуы мүмкін. Әсіресе, шетелдік компаниялар бағаның төмендеуі мен құрылыс сапасының жақсаруына оң әсер етуі мүмкін» деп түйіндейді «Панорама» газеті.