Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы адам өліміне соқтырған қақтығыстың мән-жайы сейсенбі күні жарық көрген республикалық басылымдарда кеңінен талқыланыпты. Онда келтірліген кейбір деректерге қарағанда, қақтығысқа 70-тен астам адам қатысып, 30-ға жуық адам жарақат алып, ауруханаға жетікізілген. Сондай-ақ кикілжің кезінде тапанша, автомат, мылтық, шоқпар тәрізді қару-жарақтар қолданылғаны жазылған. Бұл оқиғадан өзге сейсенбілік газеттер Қазақстан президентінің Мәскеуде жаңа интеграциялық ұйым - Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастама көтергендігіне тоқталады.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазатком ауылында орын алған қақтығыс сейсенбі күнгі жарық көрген газетердің басты мақалаларына өзек болған. «Время» газетінде «Қазаткомдағы атыстың себебі – ұлтараздық емес, бұзақылық» атты мақалада Шамиль Махмаханов деген кәсіпкердің үйіне бірнеше қарулы азаматтардың басып кіргендігі жазылған. Бұл кикілжіңге оның ұлы мен жергілікті бір жігіттің араздығы себеп болған. «Время» газетінің деректеріне қарағанда, Махмахановтың үйіне 70-ке жуық 25-30 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар сөйлесуге келген. «Бірақ, Махмахановтар бірден оқ жаудырған. Алдымен аспанға, сосын жиналған жұртқа оқ атқан. Қақтығысқа қатысқандардан тапанша, 2 аңшы мылтығы, Калашников автоматтарының 31 гильзасы және басқа да көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі тәркілінген» деп жазады басылым. «Время» газеті полицейлер 9 адам жарақат алды дегенмен, кейбір ақпарат көздері аудандық ауруханаға атыс болған жерден 30 адам жеткізілгендігін хабарлағанын жазады. 1959-шы жылы туған, «Махновец» лақап атпен белгілі кәсіпкер Шамиль Махмахановтың аты-жөні ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы тізімінде бар екендігі айтылған «Время» газетінде. Ол соңғы кезде Қазақстанға Омскіден мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан. Ерлі-зайыпты Махмахановтарға Есік қаласында операция жасалып, Алматыға ауруханаға жөнелтілген. Бірақ олардың ұлдары қаза болғандығын айтады Қазақстандағы шешен диаспорасының лидері Ахмад Мурадов «Время» газетіне. Оның айтуынша, бұл қақтығысқа тек тұрмыстық мәселелер себеп болған, оның ешқандай ұлттық сипаты жоқ.
«Литер» газеті де Алматы облысының ішкі істер басқармасына сілтеме жасай отырып, «бұл жерде ұлтаралық та, саяси да фактор жоқ екендігін, жас жігіттердің алдымен төбелесіп, содан кейін қару қолданғандығын» жазады. Бірақ, «орталыққа жиналған ауыл тұрғындары шенеуніктер мен құқық қорғау орындарынан тек қақтығыс себептерін анықтап қана қоймай, кінәлі Махмахановтар отбасын ауданнан көшіріп жіберуді талап еткен. Адамдар осы әулеттің соңғы кезде жасаған бейбастықтары жалықтырғанын айғайлап айтты» дейді «Литер» газеті.
«Жас алаш» газеті ауыл ақсақалдары бұл іске араласып, «халықтың талабы орындалып, мәселе 1-2 ай ішінде шешілетіндігін» айтқандығын жазады. Бірақ, «алғашқыда 48 сағаттың ішінде кінәлілер шеттетілсін деп талап қойған жұрт, олар 24 сағаттың ішінде көшіп кетсін деп қайтадан талап қойды» дей келе, «Жас алаш» газеті қазір ағайынды Махмахановтардың екеуі қамауда отырғандығын да хабарлапты.
«Айқын» газеті қақтығыстан кейін қарулар жоғалып кеткендігін, оларды полиция іздестіріп жатқандығын жазды. Сонымен бірге «осыған дейінгі ауданда болған қақтығыстар, қару қолдану фактілері туралы жергілікті тұрғындар арыздарын өткізуде» дейді «Айқын» газеті. «Ақсақалдар жастарға тоқтау айтып, істің артын тосуға шақырса, жастар жағы қаза болғандарды жерлегеннен кейін қайта жиналатын болып тарасты» деп аяқталады «Айқын» газетінде мақала.
«Эспресс К» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде жаңадан интеграциялық ұйым – мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағын құру идеясын көтергенін жазады. «Бұған бірқатар елдер тобы пісіп жетілді» деген Қазақстан президенті «осындай жолмен Еуропаның да жүргенін, мұндай мүмкіндік Ресейде, Қазақстанда және кейбір мемлекеттерде бар» деп атап көрсеткенін жазады «Экспресс К» газеті.
«Айқын» газеті болса, «ТМД-да тағы бір Одақ құрыла ма?» деген мақаласында бұған дейінгі Бірыңғай экономикалық кеңістік тәрізді интеграциялық ұйымның пікірталас тудырғанын тілге тиек ете отырып, ресейлік сарапшылардың жаңадан құрылуы мүмкін экономикалық одақ жобасына көп мән беріп отырғанына тоқталады. «Ресейлік сарапшылар айтып отырған Еуразиялық Экономикалық Одағы мемлекеттерінің альянсын құру – болашақтың ісі. Десек те, бұрын сауда-экономикалық ынтымақтастықта тығыз өмір сүріп келген посткеңестік елдердің енді оқшауланып өмір сүруі мүмкін емес», дейді «Айқын» газетінің тілшісі. «Кезінде ЕуроОдақ құру идеясы көтерілгенде де оған күмәнмен қарағандар көп болды. Ал Еуразиялық Экономикалық Одақ альянсы да қажеттілік қой» деп тәмамдалады «Айқын» газетіндегі мақала.