Қырғызстанда қызмет ететін америкалық сарбаз Захарий Хетфильдке қатысты дау-дамай әлі басылмай жатыр. Ол желтоқсан айының басында "Манас" әуежайында орналасқан америкалық базада күзетте тұрғанда Қырғызстан азаматын атып өлтірді. Қырғыз ресми өкілдері Захарий Хетфильд қырғыз сотында тергелу керек дейді. АҚШ ресми өкілдері Захарий Хетфильд өзін қорғап оқ атуға мәжбүр болған, АҚШ пен Қырғызстан арасындағы келісімге сәйкес ісі Қырғызстанда тергеле алмайды дейді.
Захарий Хетфильд "Манас" әуежайында орналасқан америкалық базада күзетте тұрғанда қару қолданған, әуежай қызметкері Александр Ивановты атып өлтірген. Александр Иванов "Эйркрафт петролеум" компаниясында жұмыс істеген. Сарбаздың айтуынша, Александр Иванов оған кенеттен жақындап келе жатқан, қолында пышағы болған. Америкалық сарбаз мұны қауіп ретінде қабылдаған, Ивановтың кеудесіне екі оқ атқан.
Екі ел арасында жасалған келісім бойынша Қырғызстан жерінде қылмыс жасады деп күдіктелетін америкалық әскери қызметкерлер Қырғызстанда тергеуден босатылады, олардың істері Америка Құрама Штаттарында қаралады. Дегенмен, кейбір қырғыз ресми өкілдері мұндай келісім қаншалықты қажет деп жатыр. Америка тарабы сарбазды Қырғызстаннан алып кетпейміз, тергеу аяқталғанша әкетпейміз, екі ел үкіметтері іс бойынша келісім тапқанша Қырғызстаннан сарбазымызды шығармаймыз деген. Қырғызстан тарабы америкалық сарбазды өзіміз тергейміз, өзіміз соттаймыз деген алғашында. Енді олар америкалық сарбазды Қырғызстанға ұстап беру-бермеу жағын америкалық басшылық өзі шешеді дейді. Мұны Қырғызстан бас прокуратурасының өкілі Тоқтоғул Қачекеевтің сөзінен білсе болады.
Кісі өлтірген америкалық сарбазды Қырғызстанға беру-бермеу мәселесі осылайша басылғанда енді қаза болған азаматтың отбасына өтемақы беру мәселесі шықты. Бұл мәселе осы айға шейін анық болмады, наурыз айында АҚШ үкіметі Александр Ивановтың отбасына бір мың доллардан сәл ғана асатын өтемақы ұсынды. Қырғызстанда көптеген жұрт бұған наразы, асыраушысын жоғалтқан отбасына Америка Құрама Штаттары сияқты бай мемлекет көк тиын бергісі келеді дейді. Оның үстіне қаза болған азаматтың жұмыс орны - "Эйркрафт петролеум" компаниясы Александр Ивановтың зайыбы Маринаға алты ай ішінде 50 мың доллар төлеп береміз деді, келісім сотта жасалды. Бұған Марина көніп отыр.
Қырғызстан ресми өкілдері Америка тарабының ұсынған өтемақысынан соң америкалық әскери қызметкерлерді тергеуден босату келісімінің Қырғызстанға қажеті жоқ, ол келісімді бұзу керек дейді. Мұндай пікірді, мәселен, президент әкімшілігінде адам құқықтары департаментін басқаратын Тұрсынбек Ақұн айтып отыр.
Сарапшылар америкалық сарбаз Захарий Хетфильдтің ісі қырғыз сотына жете қоймас дейді. Қырғызстан қоғам пікірінде Захарий Хетфильд зұлымдықпен адам өлтірді, оны жазалау мүмкіншілігі кем екен, тиісті өтемақы алу жолы қарастырылмаған делініп жатыр. Қырғызстанда орналасқан америкалық әуе-әскери базаны әкету керек деген ұран күшейсе, Захарий Хетфильдтің ісі талай мысалға келтіретін сияқты.