Наурыздың 27-сі күні халықаралық Хельсинки федерациясы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше елдердегі 2006-шы жылғы адам құқығына қатысты жағдай бойынша жылдық есебін жария етті. Онда бұл ұйым ЕҚЫҰ-на мүше 56 елдің 39-ындағы саяси және азаматтық құқыққа қатысты жағдайды ашып көрсетеді. Баяндамада Қазақстандағы адам құқығына қатысты ахуал да кеңінен сөз болады.
Оппозиция лидерлерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктерінің қастандықпен өлтірілуіне Халықаралық Хельсинки федерациясының «Еурападағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы аймағындағы адам құқығы» бойынша былтырғы жылғы деректер негізінде әзірленген есебіне басты орын берілген. Бұл оқиға «елді саяси дағдарысқа соқтырды» делінген наурыздың 27-сі күні жарияланған есепте. Халықаралық ұйымның бұл бағасы өте орынды деп есептейді А.Сәрсенбайұлының ағасы әрі «Нағыз Ақ жол» партиясының Алматы облысы бойынша жетекшісі Рысбек Сәрсенбайұлы:
- Шын мәнісінде, Қазақстанда саяси дағдарысқа ұшыратты. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалыққа ұмтылғанымен, халықаралық аренадағы мақсатына жете алған жоқ, Себебі, жаңағы террорлық әрекет, биліктің оппозицияға, оппозиция көшбасшыларына жасаған қастандығы елдің халықаралық ұйымға төрағалық етуіне кедергі болды.
«Қазақстан ЕҚЫҰ-на 2009-шы жылы төрағалық етуге өтініш беруін жалғастыруда, бірақ ЕҚЫҰ-ның көптеген мүшелері – демократиялық елдер Қазақстан үкіметі адам құқығына қатысты өзінің төмен абырой-беделін көтермесе, оған қолдау білдірмейтіндігін мәлімдеген» деп жазады Халықаралық Хельсинки федерациясы. Бұл ұйымның хабарлауынша, «Қазақстан конституциясы қауымдастықтардың еркіндігі құқығын қорғайды, бірақ заңды түрде жұмыс істеуі үшін барлық қоғамдық ұйымдардың тіркелуі шарт».
«Дегенмен, тіркелу ең алдымен оппозициялық партиялар үшін қиын болған. Әсіресе, жастар жағын қорқытып-үркітіп, қуғынға ұшыратып, жастар ұйымдарына тіркелуде тосқауылдар қойылған» дейді адам құқығы бойынша халықаралық Хельсинки федерациясы. Қазақстандағы «Социалистік қарсылық» жастар ұйымының белсендісі ретінде танылған журналист Данияр Енекеев былтыр өзінің және серіктестерінің қуғынға ұшырағанын, қазір өзінің саяси қызметтен өз еркімен бас тартқанын айтады:
- Кей жастар ұйымдарына қысым жасалды. Мысалы, былтыр қазан айында бес адам қалалық ІІБ алдында саяси пикет ұйымдастырдық. Сол үшін мені 10 тәулікке қамауға алды. «Қаһар», «Айбат» ұйымдарына қатысты да былтырғы жылы қудалаудың болғанын білемін. Осы сияқты жастар ұйымдарына қатысты қысым болған, қазір де бар.
Жастар ұйымдарына ғана емес, жалпы оппозиция өкілдеріне қарсы қолданылған қысым былтыр орын алған, биыл да жалғасын тауып отыр дейді саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы:
- Соның бір көрінісі – Болат Әбіловтің соты. Соған қатысып жүріп көз жеткізгенім: қылмысты қаржы полициясы қолымен жасап, Болат Әбіловті қалайда соттауды мақсат етіп отыр. Билікке қарсы келген, халыққа танымал азаматты осындай жолмен жазалауға әрекеттену – елдегі саяси дағдарыстың тереңдегенін байқатады.
Хельсинки федерациясының есебінде «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің саяси сарында айыпталып отырғандығы айтылған. Сонымен бірге, Қазақстанда оппозицияның митингілері мен шерулері қошталмайтындығы, ал бейбіт жиындар өткізу туралы заңның Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келмейтіндігін адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросы мәлімдегендігі тілге тиек етілген. Оған қоса Хельсинки федерациясының есебінде Қазақстанда «Президенттің ар-намысына нұқсан келтірді» деген сылтаумен сыни пікірдегі журналистер мен баспагерлерге айыппұл салып, оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары жабылатындығы, бірнеше тәуелсіз журналистерге белгісіз адамдардың былтыр шабуыл жасағандығы баяндалған.
Сонымен бірге, бұл халықаралық ұйым Қазақстандағы мигранттар мен босқындар мәселесіне жете көңіл аударған. Оның ішінде, халықаралық ұйым соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше ұйғырдың жоғалып кеткендігіне орай алаңдаушылық білдіріп, олар күштеп Қытайға жөнелтілген деген болжамның бар екендігін алға тартады. Түрлі сылтаулармен Қазақстанда ұсталып, Қытайға жіберілген ұйғырдардың саны ресми деректерден әлде қайда көп, олар Қытайда қатаң жазаланады дейді Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығы белсенділерінің бірі Қаһарман Қожамберді:
- Қазақстан қашып шығып, осы елге келгендерді қайтарып бермеу керек. Егер Қазақстан заңдарын бұзған болса, осы жерде соттаулары керек. Не БҰҰ-на тапсыру керек. Ал Қытайға жіберсе, олар асырып жазаланады. Мысалы, осында саудамен келіп, 1 айлық визасын ұзартпаған адам қайтарылса, оның кінәсі ол жақта үлкен болып есептеліп, 1 жылдан бастап түрмеге қамалады.
Сонымен бірге Хельсикни федерациясының адам құқығы бойынша жылдық есебінде Қазақстандағы адам құқығына қатысты оң қадамдар ретінде обмдусменнің құзыретінің кеңейтілуін, соңғы жылдары үкіметтің түрме жүйесін ішкі істер министрлігінен әділет министрлігіне беруі, түрме қызметкерлерін адам құқығы мен медициналық қызмет алу құқығы негіздерімен таныстыру бойынша жобалардың жүзеге асырлуы баяндалған.