Алматы қаласында 700-ге жуық діни-экстремистік сипаттағы үнпарақ табылды. Бұл туралы сейсенбі күні «Азаттық» радиосына Алматы ішкі істер басқармасынан хабарлады. Полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда, бұл үнпарақтар «Алатау» базары маңында жүрген бір ер адамды тексеру кезінде алынған. Үнпарақта қазақстандық құқыққорғаушылардың бұған дейін 50-ге жуық «Хизб-ут-тахрир» ұйымы мүшелерін ұстағандығы да айтылған. Ал адам құқығы бойынша Алматы Хельсинки комитеті адамдарды ой-пікірлерін жариялағаны үшін тұтқындауға болмайды, бұл адам құқығы бойынша халықаралық талаптарға қайшы дейді.
Наурыздың 31-і күні Алматы ішкі істер басқармасына «Алатау» базарында діни-экстремистік «Хизб-ут-тахрир» ұйымының жаппай үнпарақтары таратылады деген ақпарат келіп түсті деді «Азаттық» радиосына Алматы ішкі істер басқармасының қызметкері Дулат Омаржанов:
- Экстремизм, сепаратизм және лаңкестікпен күрес басқармасы Алматы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарма қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Алатау» базарына кіре беріс жерде тексеру кезінде 700 үнпарақ табылған ер адам ұстады. Барлық үнпарақтар филологиялық сараптамаға жіберілді, - дейді Алматы ішкі істер басқармасының қызметкері Дулат Омаржанов.
Полиция қызметкерінің айтуынша, үнарақтарда «Хизб-ут-тахрир» ұйымының 50-ге жуық мүшесінің ұсталғандығы айтылған. «Хизб-ут-тахрир» ұйымының үнпарақтарын таратып жүріп қолға түсіп, ақпан айында 1 жылға шартты түрде жазаланған Руслан Мәсімбаевтың әйелі 25 жасар Лаура бұл ұйымның мүшелері жазықсыз қудаланып отыр деп есептейді:
- Шариғатқа бағыну, Аллаға бой ұсыну қылмыс емес. Әлбетте, исламға шақыру – парыз. Дінді уағыздай Қазақстан республикасы заңдарына қайшы емес!
Адам құқығы бойынша Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина Қазақстанда «Хизб-ут-тахрир» ұйымына қатысты қолданылып отырған заңдар да, іс-шаралар да халықаралық адам құқығы бойынша талаптарға сай емес деп есептейді:
- Өйткені, бізде адамдарды басқа азаматтарға, олардың құқықтарына, қоғамға қауіп төндіретін нақты іс-әрекеттері үшін емес, олардың ойлары үшін заңды негізде қудалайды. Себебі, тыйым салынатын іс-әрекеттер олар тарататын үнапарақтарда жоқ. Ал халықаралық талаптар бойынша, егер адамның ой-пікірі ашық түрде зорлық-зомбылыққа шақырмаса, оған тыйым салуға болмайды! Бірақ, Қазақстан әлемдік «психоздың» жетегінде кетіп, «исламдық экстремизм» дегеннен үрейленіп, жеткілікті түрде дәлелденбеген қылмыс үшін адамдарды қудалап, жауапқа тартады, - дейді адам құқығын қорғаушы Нинель Фокина.
Ал саясаттанушы Қаһарман Қожамберді «Хизб-ут-тахирир» ұйымы Қазақстанда 1990-шы жылдары пайда болды дейді. Бұл ұйым Қазақстанның құқықтық-зиялы мемлекет болуына кедергі келтіреді, сондықтан, оның таралуына республика ауқымында жол бермеу керек деп есептейді ол. Бірақ, онымен күрес әзірге Қазақстанда дұрыс жүргізіліп отырған жоқ деген пікірде Қаһарман Қожамберді:
- Біріншіден, біздегі Бас муфтият дін мәселесінде осылармен жұмыс жүргізіп, күреспей жатыр. Құқық қорғау орындары болса, көбіне оларға күш көрсету шараларын қолданып, тәрбиелеу, түсіндіру жұмыстарынан тысқары қалып жатты. Қазір де олардың жұмыстарындағы қателіктер сақталған. Егер осылай әрекет ете берсе, олардың саны да көбейе бермек.
«Хизб-ут-тахрир» ұйымы 2005-ші жылдың наурыз айының 28- күнгі Астана қалалық сотының шешіміне сәйкес экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан ауқымында тыйым салынған. Содан бері бұл ұйымның қанша мүшесі ұсталып, қаншасы түрмеге қамалғандығы туралы нақты ресми статистикалық дерек жоқ. Бірақ, АҚШ мемлекеттік департаментінің биылғы жылдың наурыз айында жарияланған 2006-шы жылғы әлемдегі адам құқығы бойынша берген есебінде «Хизб-ут-тахрирдің» Қазақстанда 100-ден астам жақтастары жазаларын өтеп жүргендігі туралы мәлімет келтірілген.