Сейсенбі күні жарық көрген басылымдардың бірі ағайынды Махмахановтар туралы мақала жазған журналист жоғалып кеткендігі туралы жазыпты. Сонымен қатар, тағы бір газет Заречный колониясындағы жағдайды анықтауға жиналған төрт азаматтың қамауға алынғандығына мән берсе, басылымдардың бірқатары 2007 жылдың алғашқы үш айында 506 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырғандығына тоқталып өтіпті.
Республикалық «Закон и правосудие» газетінің тілшісі Оралғайша Жабағытайқызы жоғалып кеткендігі туралы «Әділ сөз» қоры таратқан ақпарат «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында жарық көріпті. «Соңғы рет журналисті оның әріптестері мен туған-туыстары наурыздың 30-күні көрген» делінген мақалада. «Оралғайша Жабағытайқызының «Ағайынды Махмахановтардың артында кім тұр немесе қанды қақтығыс» атты соңғы мақаласы наурыздың 26-күні жарық көрген. Материал соңында мақаланың жалғасы келесі беттерде басылатындығы айтылған. Газет редакторы Мұхит Ысқақовтың айтуынша, осы мақала шыққаннан кейін белгісіз біреулер Оралғайшаны телефон арқылы бірнеше мәрте қорқытқан. Журналисттің әріптестері мен туған-туыстары Оралғайшаның жоғалып кетуін оның кәсіби жұмысымен байланыстырып отыр» делінген «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында басылған ақпаратта.
Ал «Время» газеті болса Алматы облысының Заречный қыстағындағы колонония алдына жиналған жұртшылықты полиция күшпен тарқатуға тырысқандығы туралы жазыпты. «Сәуірдің 15-күні қатаң режимдегі колониядағы 80 адам өздерінің қан тамырларын кесіп, қарындарын тілген. Колония әкімшілігі бұл мәліметті таратпауға талпынғанымен, осы мекемеде жатқандардың туған-туыстары колония алдына жиналды. Жұртшылықты бір ғана мәселе қызықтырады: колониядағы адамдардың қал жағдайы туралы толық мәлімет білу» делінген мақалада. «Темір тордағылардың осындай әрекетке баруына не себеп екендігі белгісіз. Колония басшылығы ол жайын түсіндіріп жатпастан, мекеме алдына жиналған халыққа Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерін қарсы қойған. Колониядан шыққан жүз жақты сарбаз жұртшылықтың ішінен төрт адамды ұстап алып кеткен. Алайда халықтың тарқайтын түрі көрінбейді. «Не мәселенің мәнісін білеміз, не осы жерде өлеміз» деп беріспей отыр» делінген «Время» газетіндегі мақалада.
Қазақстандағы колониялар мен түрмелерде ВИЧ инфекциясының таралу жағдайы жоғары екендігі туралы мақала «Казахстанская правда» газетінде жарық көріпті. «Осы жылдың басынан бері Қазақстанда 506 ВИЧ-инфекциясы жаңадан тіркелген. Алғашқы үш айдың ішінде СПИД диагнозы 34 адамға қойылды» делінген мақалада. «Жалпы Қазақстан бойынша қатерлі вирусты жұқтырғандар саны - 7906 адам. Жыл басынан бері қатерлі кеселден 22 адам көз жұмған. Ал жалпы СПИД эпидемиясы Қазақстанда тіркелген уақыттан бергі аралықта сөз болып отырған кесел 422 адамның өмірін қиды. ВИЧ инфекциясына шалдыққандардың көбі Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында тіркелген. Вирус жұқтарғандардың жарымы жастар. Осы жылы тіркелген науқастардың үштен бірі колонияларда анықталған. Ал жалпы көрсеткіштегі ВИЧ инфекциясын жұқтырған 2 334 адам колонияда тіркелген» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
«Айқын» газеті болса Қазақстанның басым бөлігіне сел қаупі төніп тұрғандығына мән беріп өтіпті. «Сәуірдің 15-күні Алматы қаласының таулы аймағындағы ондаған үйді лай көшкіні басып қалды. Шүкіршілік етерлігі, тұрғындар зардап шекпеген. Дәл осындай су тасқындары республиканың басқа да аймақтарында болуы мүмкін» делінген мақалада. «Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов Үкіметте өткен жиында мәлімдеді. Оның айтуынша, республика көлемінде 732 елді мекен орналасқан аумақта сел жүру қаупі бар 852 участок орналасқан. Аталған елді мекендерде бір миллионға жуық халық тұрады» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Бұдан былай
министрлердің қызметі рейтинг бойынша бағаланатындығы туралы мақала «Жас Алаш» газетінде жарық көріпті. «Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қарамағындағыларға осы жүйенің егжей-тегжейін жасап шығуға тапсырма берді» делінген мақалада. «Осыған дейін облыс әкімдерінің еңбегін рейтинг бойынша бағалау жүйесі енгізілген еді. Үкіметтің 2006 жылға қорытындысы мынадай: бірінші орынды Қарағанды облысы иемденсе, екінші орынға – Алматы қаласы, «қола жүлдеге» Шығыс Қазақстан облысы ие болды. Көштің соңында Жамбыл және Қызылорда облыстары келеді екен. Үкімет бұл рейтингті аймақтағы экономикалық-әлеуметтік 10 көрсеткіш бойынша объективті түрде бағалайтынын айтып сендіруді. Бұл рейтингті жасауда, әдеттегідей, халықтың ешқандай рөл ойнамайтыны белгілі» деп түйіндейді «Жас Алаш» газеті.