Сәрсенбі күні жарық көрген басылымдардың бірі мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты сотқа бергендігі туралы жазыпты. Сонымен қатар, газеттер Арқалықтағы түрмедегілер өз денелерін жаралау әрекетіне барғандығына тоқталса, тағы бір басылым қазақ-өзбек шекарасында тағы да оқ атылғандығына мән беріп өтіпті.
«Время» газетінің сәрсенбі күнгі санында аталған басылымның редакциясы Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты сотқа бергендігі туралы жазылыпты. «Сәуірдің 17-күні редакцияның заң қызметі Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына арыз-шағымын өткізді» делінген мақалада. «Басылымның сотқа жүгінуіне министр Ертісбаевтың осы жылғы наурыздың 9-күні «Республика» газетінде жарияланған сұхбаты түрткі болып отыр. Аталған материалда министр мырза «Время» газетінің тілшілеріне қатысты теріс пікірін білдірген. Өзінің осындай ойларын Ермұхамет Қабиденұлы телеарналардың бірінде тағы қайталап өткен. Соған байланысты редакция Ертісбаевтың журналистер алдында кешірім сұрауын сот арқылы талап етіп отыр» деп жазды «Время» газеті.
Ал «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты болса сәуірдің 17-күні мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев жергілікті телеарналардың бірінде ақпарат саласына қатысты сұхбат бергендігіне тоқталып өтіпті. «Министр мырза журналистік қауымдастықтың қарсылығына тап болған заң жобасын кері қайтарып алғандығын мәлімдеген. Бұл жердегі әңгіме баспа қызметі туралы жоба төңірегінде болып отыр» делінген мақалада. «Алайда, министр Ертісбаев мұндай қадамның уақытша сипаты бер екендігін, яғни Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық ету өтініші қаралып жатқанда мұндай заңның қабылдануын жөн таппағандығын айтқан. Сондай-ақ, ақпарат министрі БАҚ туралы заңды либерализациялау туралы көп әңгіме қылды» деп жазды «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
«Айқын» газеті гемофилия дертіне шалдыққан бір топ азамат Алматыда наразылық акциясын өткізгендігіне мән беріпті. «Акцияға қатысушылардың айтуынша, қаны сұйылған науқастарға құзырлы орындар тарапынан тиісті көңіл бөлінбейді. Мәселен, Үкімет 2003 жылдан бері балаларды ғана тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаулы қабылдаған. Ал мұндай мүмкіндіктен жасөспірімдер мен ересектер құралақан қалыпты» делінген мақалада. «Ең қиыны, республикада осы дертті емдейтін орталық жоқ. Министрлік Мәскеудегі гемофилия орталығына жылына 60 мың доллар төлейді. Одан да осындай орталықты өзімізде неге ашпасқа?» деген сауалды «Айқын» газеті қойып отыр.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса қазақ-өзбек шекарасында тағы да оқ атылғандығына тоқталып өтіпті. «Оқиға «Қақпақ» шекара бекетінен 250 метр қашықтықта орын алды» делінген мақалада. «Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, масаң күйдегі қазақстандық сарбаз Калашников автоматының шүріппесін үш мәрте басқан. Оқтың біреусі Өзбекстан азаматшасына тиіп, басынан жараланған ол сол жерде жан тапсырған. Қазіргі таңда Қазақстан және Өзбекстанның құқық қорғау қызметкерлері жағдайды анықтап жатыр» деп түйіндейді «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта Заречный колониясындағылардың өз денелерін жаралауына мекемедегі күтімнің нашарлығы түрткі болғандығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Колонияда өздерінің тамырын кесіп, қарнын тілген азаматтардың туған-туыстары түзеу мекемесіндегі жағдайдың нашарлығын айтуда. Бұл пікірді Алматы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Әмірқұл Құлмаханов та жоққа шығармады» делінген мақалада. «Оның айтуынша, колониядағы 90 адам Алматыдағы тергеу абақтысына көшірілген». Сондай-ақ, мақалада өз денесін жаралау оқиғасының Арқалықтағы түрмеде де орын алғандығы айтылған. «Сәуірдің 17-күні қамаудағы 23 азамат өз қарындарын кескен. Осы жағдайға қатысты ақпарат құпия сақталуда, алайда төтенше жағдай орын алғандығын ешкім жоққа шығармайды» делінген «Время» газетіндегі мақалада.
Сонымен қатар, аталған басылым Арқалықтағы түрмеде А.Сәрсенбайұлының өліміне қатысты іс бойынша өлім жазасына кесілген Рүстам Ибрагимов жатқандығына мән беріп отыр. Газеттің бүгінгі санында Ибрагимовтың адвокаты Нұрлан Өстеміровтың сұхбаты жарияланған. «Арқалықтағы кездесуде Рустам Ибрагимов өзінің адвокатына А.Сәрсенбайұлын кім өлтіргенін айтыпты» делінген «Время» газетінің мақаласында.