Ресейдің Польшадан ет тасымалдауға салған тиым шарасы алдағы айда өтпек Европа Одағы мен Ресей арасындағы жоғары дәрежелі кездесуді жоққа шығаруы мүмкін. Өйткені Польша Европа Одағының Ресеймен арадағы стратегиялық әріптестік туралы келіссөздерін вето арқылы бөгеп тастамақ. Алайда, Европа Одағы сыртқы саясатын белгілеуші жетекші саяси қайраткерлер мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасында Люксембургта өткен кездесу барысында анықталғандай, мәселе ауыл-шаруашылығы саласындағы айтыстан әлдеқайда тереңде жатқанға ұқсайды.
Европа Одағының сыртқы саясат мәселелері бойынша жетекшісі Хавьер Солананың сөзінше, мамырдың 18-інде Еділ-Волга жағасындағы Самара қаласында өтеді деп жоспарланған Европа Одағы мен Ресей арасындағы жоғары дәрежелі кездесуді әлі де сақтап қалуға болар. Дүйсенбі күні Люксембургта Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескеннен кейін ол:
«Жоғары дәрежелі кездесу барысында Европа Одағы мен Ресей арасындағы жаңа түйінді уағдаластық туралы келіссөздерді бастау туралы шешімге қол жеткізетінімізге үміттенемін. Бұл біздің мақсатымыз, және бұл біздің Ресейлік әріпетстеріміздің де мақсаты деп білеміз».
Алайда, демалыс күндері Кипрде өткен жоғары дәрежелі келіссөздер барысында Ресей мен Европа Одағының мамандары Ресейдің Польшадан ет тауарларын тасымалдауға салған тиымына байланысты ешқандай түйінге келе алмады. Ресей жағы Польшаның бұл өнімдері өзіндегі қауіпсіздік стандарттарына сай келмейді десе, Польша бұл тиым шарасының саяси астары бар деуде.
Кезек бойынша ауысып отыратын Европа Одағындағы президенттікке қазір ие боп отырған Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер дүйсенбі күні қайтыс болған Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельцинді еске ала тұрып, Ельцин бастап берген Ресей мен Европа Одағы арасындағы мәмлені ауыл шаруашылығы саласындағы айтысқа бола құрбандыққа шалуға болмайтынын атап өтті.
Европа Одағы мен Ресей арадағы «Ынтымақтастық және әріптестік туралы» келісім, еш тарап оның тоқтату жөнінде мәселе көтермесе, үстіміздегі жылы автоматты түрде қайтадан жалғасады. Алайда стратегиялық әріптестік туралы келіссөздердің болмауы екі тарап үшін де жеңіліс болмақ.
Мұның үстіне, Европа Одағы мен Ресей арадағы қарым-қатынастың соңғы кездері одан әрмен салқындап бара жатқаны байқалады. Ресей ресми орынадрының осыдан 10 күн бұрын Мәскеу мен Санкт-Петербургтағы оппозиция шерулерін басып жаныштауы бүтін Европада қатаң сынға ұшырады. Германия және Европалық Комиссия алаңдаушылық танытқан арнайы мәлімдемелер де жасады.
Германия сыртқы істер министрі бұл тұрғыда былай деді:
«Алдыңғы демалыс күндері Мәскеу мен Санкт-Петербургтағы оқиғаларға баспасөз ерекше назар аударғанын бәріміз білеміз. Мұнымен ғана шектелмей, Европа Одағына мүше жекелеген елдер, сондай-ақ естеріңізде болғандай, Европа Одағындағы президенттікке ие Германия бұл тұрғыда қатаң сын айтып, осының бәрі айтыс тудырғанын еске түсірген жөн».
Штайнмайер Ресей үкіметінің баспасөз өкілі елдегі құқық қорғау орындары бұл мәселеде қажетінен артық белсенділік танытқан болуы да мүмкін деп айтқанын атап өтіп, мәселені бұдан әрмен тереңдетпеді.
Алайда, Ресей сыртқы істер министрі Лавров өзінің Германиялық әріптесінің сөздеріне былай деп жауап қатты:
«Меніңше Вольтердің айтқаны бар, еркіндік демек заңдарға мойнсұну. Қатарында Ресей Федерациясы да бар, кез келген қалыпты мемлекетте азаматтардың конституциялық құқықтарын, оның қатарында жиын мен шеру өткізу еркіндігін қамтамасыз ететін заңдар мен ережелер бар».
Лавровтың сөзінше, шерушілер заң шеңберінен ауытқыған кезде ғана оларға шектеу қойылған. Бұндай принциптерді Европа Одағы да ұстанатын болса керек, деді Ресей сыртқы істер министрі.
Адам құқықтары мәселесінде Ресейдің алаңдаушылығын тудыратын өз проблемалары бар дей келе Лавров, ресми Мәскеудің көзқарасынша Европа Одағы Латвия мен Эстонияда орыс-тілді азаматтарға тиесілі жағдай жасай алмай отыр деп есептейтіндігін атап өтті.