Сәрсенбі күні жарық көрген басылымдар Есіл өзені ернеуінен асқандығын мәселе етіп көтеріп отыр. Сонымен қатар, газеттер Алматыда мемлекеттік маңызы жоқ ескерткіштер бұзылатындығына мән берсе, тағы бір басылым құрылыс компаниясымен келіспеген тұрғындардың үйлері жанып кеткендігі туралы жазыпты.
Солтүстік Қазақстан облысында су басу қаупі туғандығына «Айқын» газеті тоқталып өтіпті. «Есіл өзенінің суы ернеуінен көтерілгендіктен Қызылжар өңірі су астында қалудың аз алдында тұр. Қазір су қала маңындағы ықшамаудандар мен халықаралық маңызы бар тас жолды шайып кетті» делінген мақалада. «Заречное ықшамауданының тұрғындары бірнеше күннен бері аралдағыдай күй кешіп отыр. Жолдың бәрі су астында қалды. Үш жарым мың халқы бар ықшамауданда колония және тергеу изоляторы орналасқан. Қазір аудан жұртын қаламен шағын көпір ғана байланыстырады. Су тереңдігі әзірге тұрғындарға азық-түлікті жүк көліктерімен тасуға мүмкіндік беріп тұр. Өзенді бойлай орналасқан екі мыңдай саяжай мен жер үйлер де су астында қалды. Ал тұрғындар бүгін ертең тағы көтерілетін судан қорқып отыр. Қазір судың кесірінен бес елді мекенмен қатынас үзілген. Бірнеше күннен бері Челябі, Новосібір бағытындағы халықаралық маңызы бар тас жол су астында тұр.Мамандар Есіл ернеуі әлі де көтеріледі деген болжам айтуда» деп дабыл қағады «Айқын» газеті.
Алматы қаласында бұзылуға тиісті тұрғын үй жанып кеткендігі туралы мақала «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында жарық көріпті. «Он екі пәтерлі үйдің тұрғындары болса бұл жағдайды әдейі жасалған әрекет деп бағалап отыр» делінген мақалада. «Оқиға осы жылғы сәуірдің 28-күні түнде болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған. Соған қарамастан 12 отбасы баспанасыз қалған. Тұрғындардың айтуына қарағанда, бұл үй бұзылуы тиіс екен. Соңғы уақытта баспана иелері мен жерді иемденуші компания арасында келіспеушіліктер болған. Соған байланысты тұрғындар тосыннан келген өрттің себепшісі бар деген болжам жасап отыр. Әзірге өрттің шығу себептері анықталған жоқ. Баспанасынан айрылған азаматтар болса билікке талап қойып, заңсыз шерулерге шығуға дайын екендіктерін айтуда» деп түйіндейді «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
«Аргументы и факты: Казахстан» газеті болса Алматыны жасылдандыру процесіне құрылыс қарқыны кедергі келтіріп тұрғандығына мән беріп өтіпті. «Бұл жолы қаладағы талшын аллеясы тракторлардың табанында тапталды. Оның орнына күрмеу жолдар салынғалы жатыр» делінген мақалада. «Талшын ағаштарының отырғызылғанына да көп болмап еді. Алайда бұл аллеяның шетінен жол өтетіндігі белгіленіп, соған сәйкес бүткіл талшынды түбірімен қопаруға шешім қабылданды» деп жазды «Аргументы и факты: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта Алматыда мемлекеттік маңызын жоғалтқан ескерткіштер жойылатындығы туралы мақала «Айқын» газетінде жарық көріпті. «Кеңес дәуірінен қалған Ленин, Сталин, Фрунзе ескерткіштерінің бүгінгі күнге дейін сақталуында не мән бар? Міне, осы мәселе жуырда Алматы қалалық мәдениет департаменті «Мәдени мұра» және ескерткіштерді қорғау бөлімінің мамандары арасында талқыға түсті. Департамент мамандары осы мәселе жөнінде біраз өзгерістер жасалып жатқандығын мәлімдеді» делінген мақалада. «Мәдениет департаменті «Мәдени мұра» және ескерткіштерді қорғау бөлімінің бастығы Еркеболат Тоқмағамбетовтың айтуынша, Алматыда жалпы тарихи-мәдени 179 ескерткіш бар. Қаладағы ескерткіштерді реттеу барысында бірнеше жағдайда оларды тізімнен шығаруға мәжбүрміз. Яғни тарихи нысан қайта жөндеуге келмейтіндей жағдайда және мемлекеттік маңыздылығын жоғалтқан жағдайда. Қазір тізімнен шыққан бірнеше ескерткіштер бар. Мысалы, Ленин ескерткішінің бір Алматының өзінде үш-төрт жерде тұруы қаншалықты маңызды? Сонымен қатар алдағы бір-екі жылда қалада Т.Рысқұлов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Б.Момышұлы секілді қайраткерлерге және Райымбек батырға ескерткіш орнату жоспарымызда бар» депті Еркеболат Тоқмағамбетов «Айқын» газетіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар, аталған басылым Эстонияның Кеңес Одағына қалай қосылғанына баға бермейінше, Қола солдаттың тұғырынан түсуіне әділ баға бере аламыз ба деген сұраққа жауап іздепті. «Тарихшы Гүлжауһар Көкебаеваның айтуынша, бүгінгі саяси оқиғалардың түп-төркінін ұғыну үшін сонау 1939 жылдары кеңес-герман құпия хаттамаларының орындалу контексінде қарауымыз керек. Ол бойынша Кеңес Одағына ықпал аймағына Балтық елдірінің енгізілуін сол кездегі ресми әдебиеттер «өз еркімен қосылды» деп түсіндіріп келді. Ал Балтық елдерінің тарихнамасында 1939 жылғы құпия келісім басып алу деп бағаланады» делінген мақалада. «Қазіргі Эстония-Ресей қырғи-қабақ қатынасы сол кеңес-герман келісімінің салдары деп ойлаймын. Әрине, моральдік жағынан қарағанда, Ресей және басқалар мұны қорлау деп түсінуі мүмкін. Егер де орнын ауыстырып, қайтадан құрметпен орнатса, оған реніш білдірудің не керегі бар? Эстониядағы орыс жастарының бой көтеруін бұл екінші дүниежүзілік соғысқа моральдік тұрғыдан қарауы деп түсінуге болады. Ал жалпы Ресей мен Эстония арасындағы мәселеге біз бейтарап қарағанымыз дұрыс шығар» депті тарихшы Гүлжауһар Көкебаева «Айқын» газетінің мақаласында.