Ресми билік тарапынан қыспаққа алыну, қауіпке бас тігу, кей жағдайда қайғылы қазаға ұшырау. Міне күн сайын әлемнің әр түкпіріндегі сан түрлі оқиғалардан хабар беру барысында журналистер осындай жайттармен бетпе-бет келеді. Олардың қатарында «Азаттық» радиосының да әр аймақта еңбек етіп жүрген тілшілері бар. Соңғы 12 айдың ішінде «Азаттық» радиосының екі тілшісі қаза болды, тағы біреуі жараланды, бірқатар тілшілерді жергілікті билік тұтқындап, қуғын мен қысымға алды.
Әлемдік баспасөз еркіндігі аталып өтіп жатқан күні «Азаттық» радиосының бірқатар редакцияларының жетекшілері өз қызметкерлері тап болған осындай жайттар турасында әңгімелеп берген еді. Әлемдегі журналистер үшін ең қауіпті орын Ирақ екендігі мәлім болып тұр, өткен жылы бұл елде 40-тан астам журналист қаза тапқан. Міне осы қара тізімге өткен айда Бағдадтағы үйінде өліп жатқан жерінен табылған «Азаттық» радиосының тілшісі Хамаил Халафтың аты-жөні қосылды.
«Азат Ирақ» радиосының директоры Сергей Данилочкинді тыңдап көрейік:
- Әріптесіңіз жоғалып кетті, соңынан ол азапталып өлтіріліпті деп хабарланса, әрине, бұл хабардың сізге өте қатты әсер етері сөзсіз, әсіресе егер сіз ол адаммен жаңа ғана сөйлескен немесе көрген болсаңыз. Алғашқы реакция осындай болғанымен, соңынан күнде адам өлімі болып жатқан Ирақтағы жайттарға алаңдайсыз. Көп адамның одан қашып құтылатын жолы жоқ, ал сіз онда паналайтын жеріңіз болмаса да, ол жерде тұрып, жұмысыңызды істеуіңіз керек, - деген «Азат Ирақ» редакциясының директоры Сергей Данилочкин осы қайғылы оқиғадан кейін де тілшілердің талай қауіпті деген аймақтардан шұғыл хабарлар мен репортаждарды тыңдармандарына жеткізгенін айтады.
Ал «Азат Ауғанстан» редакциясының осы елдегі тілшілерінің тәліптер тарапынан талай мәрте қуғындау мен қыспаққа душар болғандығы, қауіптерге бас тіккендігі белгілі, редакция директоры Акбар Аязи былай дейді:
- Осыдан бірер ай бұрын біздің Хост аймағындағы тілшіміз Амир Бахир соның алдында жанкештілік бомба жарылысында қаза тапқан Хост губернаторының жерлeу рәсіміне қатысып жатқанда, сол арада тағы бір жарылыс болды, бақытқа орай, біздің тілшіміз қатты жарақаттанған жоқ. Қазір де ол өзінің жұмысын атқарып жүр, ол өте батыл азамат. Міне, мұндай қауіп-қатерге біз кездесіп тұрамыз.
«Азат Ауғанстан» редакциясының директоры Акбар Аязи біздің тілшілеріміз тек қана тәліптер жағынан емес, жегілікті соғысушы тайпалар жетекшілері мен есірткі тасымалымен айналысатын топтардан да қысым мен қауіп-қатерге душар болып тұрады деп атап көрсетеді.
Ал Түркмен редакциясының директоры Оғулжамал Иазлиева 2006 жылы Түркменстанда Оғулсапар Мұрадованың түрмеде жұмбақ жағдайда қаза болғандығын айтады.
- Ол Түркмен редакциясы үшін 2006 жылдың наурыз айынан жұмыс істей бастаған еді. Оның хабарлары негізінен Түркменстандағы әлеуметтік жағдайларды қамтыған болатын. Маусым айында ол заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен түрмеге қамалып, қыркүйек айында сол түрмеде қаза тапты. Оғулсапардың отбасы мүшелері оның мәйітін көргенде денесінде азаптау мен қинаудың іздері болғанын айтып, мәйітке толық тексеру жүргізілуін талап еткен-ді. Бірақ, билік осы уақытқа дейін ондай зерттеу жүргізбеді. Осы кезге дейін біз Түркменстан билігінен тілшіміздің өлімі жайында ешбір ресми дерек алған жоқпыз, - деген Оғулжамал Иазлиева Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін де бұл елдегі бұрынғы режим жалғасып жатыр, онда «Азаттық» радиосының ғана емес, басқа да БАҚ тілшілері қауіп пен қатер жағдайында жұмыс істеп жатыр деп атап көрсетеді.
«Азаттық» радиосы бірнеше айдан бері Иран билігінен осы елдегі Фарда радиосының тілшісі Парназ Азиманың елден шығуына мұрсат етуін сұрап келеді. Көптеген кітаптар аударған аудармашы ретінде жақсы таныс Парназ Азиманың паспортын билік қаңтар айында оның Техранға барған сапарында алып қойып, қайтармай қойған.
«Азаттық» және «Америка даусы» радиоларының парсы тіліндегі Фарда радиосының директоры Амир Моссади Катоузиан қатты науқастанып жатқан шешесінің халін білуге барған Азиманың паспорты әуежайда тәркіленгендігін айтады.
- Фарда радиосының тілшісіне Иранның барлау қызметімен ынтымақтастық жағдайында жұмыс істеу жөнінде ұсыныс білдірілген, бірақ ол өзінің кәсіби журналист екендігін айтып, мұндай ұсыныстан бас тартқан.
«Азаттық» радиосы өзбек редакциясының тілшісі Құрмат Бабаджонов Өзбек редакциясының Ташкенттегі бюросы Әндіжан оқиғасынан кейін жабылғанын, ал бұрынғы тілші Носир Зокиров өткен жылы түрмеден босатылғанымен, ресми билік тарапынан әлі де қысымға душар болып отырғанын айтады. Ол 2005 жылғы Әндіжан оқиғасы жайында ең бірінші болып хабар берген тілші еді.