Эстония астанасы Таллиннде 9 Мамыр күнінде жағдай ерекше болып тұр, үкімет орындары жергілікті орыстар Совет әскері қорымының көшірілгеніне тағы наразылық танытуы мүмкін, тағы бүлік шығуы мүмкін деп сақтық шараларын күшейтті. Осы орайда радиомызға Эстония қорғаныс министрі Яак Аавиксоо сұхбат берген еді. Бұл кісі - Совет әскерінің қорымы қала орталығынан қала шетіне көшірілсін деп бастама көтерген тұлғалардың бірі. Эстония қорғаныс министрі ескерткішті көшірмеуден басқа амал қалмады дейді өз сұхбатында.
Ресей дипломаттары бүгін ескерткіштің жаңа орнына барды, гүл шоқтарын қойды. Ескерткіш әскери зиратқа көшірілген. Таллиннде Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғаны кеше, 8 мамырда аталған. Бірақ Ресей елшісі Николай Успенский Эстония ресми шараларына кеше қатыспай қойды, ол Жеңіс күні Ресейде 8 мамырда емес, 9 мамырда аталады деп сылтаулатты. Совет Әскерінің ескерткіші Таллиннің орталық алаңынан алынған соң Ресей мен Эстония арасында дипломатиялық дау шықты. Ресей президенті бүгін Мәскеуде сөйлеген сөзінде Эстониядағы жағдайды тұспалдап, ескерткіштерді құлатып жатқандар өз ұлттарына қарсы қимыл жасап жатыр, араздық отын жағып жатыр деп айыптады.
Эстония қорғаныс министрі ескерткішті көшіру мәселесі 1989 жылы да, 1991 жылы да шыққан жоқ, тіпті Эстония тәуелсіздік конституциясын қабылдаған 1992 жылдан кейін де шыққан жоқ деп зейін қояды. Бұған себеп көп болды, негізгі себеп – төзімділікке ұмтылыс күшті болды дейді. Совет әскері Эстониядан 1994 жылы шыққанан кейін де елде әріптестік рухы басым болды, ескерткіш мәселесі соңғы жылдары ғана пайда болды, Эстония НАТО мен Еуропа Одағына қосылғаннан кейін Қола сарбаз ескерткішінің мәні өзгерді. Бұл жерде, дейді Эстония қорғаныс министрі, елде осыдан бір жыл бұрын саяси текетірес күшейе түсті, ескерткішті көшіру мұқтаждығы былтыр осы уақытта анықталды:
- Осыдан тура бір жыл бұрын, былтыр 9 мамырда болған нәрселерді білетін кез-келген адам ескеркішті көшіру қажеттілігін айқын түсінді. Ресей президенттігіне Путин келгелі соңғы жылдары Эстонияның қайта орнатылған тәуелсіздігіне шабуыл жасылынатын болды, Совет Одағының тоталитарлық билігі қайта дәріптеле басталды. Осыдан бір жыл бұрын Қола сарбаздың алдында Совет Одағының қызыл жалаулары желбіретілді, Эстонияның үш түсті жалауы түсіріліп тастады, Эстония жалауын көтерген азамат алаңнан қуылды, полиция қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қызыл жалауларды тұрған жерінде қалдыруға мәжбүр болды. Міне, Эстония халқының көпшілігі жетер енді, мәселе шегіне жетті деп түсінген күн осы күн болды.
Министр Яак Аавиксоо Эстония орыстары жүйелі түрде кемсітіледі дегенмен келіспейді. Бір жағынан, дейді ол, эстон тілін барша орыстар білетін болса мәселе шешіледі деп ойлағанымыз қате шықты. Интеграция мәселесі тілде емес, эстон халқы мен Эстония орыстары екі бөлек ақпарат кеңістігінде жасайды, екі ақпарат кеңістігін жақындастыру үшін тілді меңгеру жеткіліксіз екен, дейді Яак Аавиксоо.
Совет әскерінің ескерткіші көшірілу керек деп бастама көтергендердің бірі, радиомызға сұхбат берген осы министр Яак Аавиксоо совет оккупациясы кезінде Эстонияға келіп, тұрақтанған көптеген адам ерекше басымдылыққа ие болды, олар сол артықшылықтарынан қазірде айырылғысы келмейді, олар Эстония тәуелсіз мемлекетке айналғанын, көптеген мәселені өзі шешуге құзырлы екенін мойындаса жөн дейді. Ал енді кейбір азаматтар шеттетіледі деген нақты мәселе шығып жатса, олар сотта қаралса жөн, кейбір жеке жағдайларды жөнімен қабылдағанымыз бар сияқты, ондай жеке істер сотта қаралса жөн, мұндай заң тәжирибесі Эстония мемлекеттілігін күшейтуге де септігін тигізеді, дейді министр Яак Аавиксоо.