"Нұрбанк" ісі бойынша іздеуде жүрген банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов ақпанның 3-5 аралығында Қырғызстандағы Манас әуежайынан Қытайға ұшып кетті деді адвокат Нұрлан Өстеміров "Азаттық" радиосына аты-жөнін әзірге жасырын ұстап отырған ақпарат көзіне сүйене отырып. Алайда, Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашева күйеуінің құжаттарын қаржы полициясы ақпанның 2-сі күні тінту кезінде тәркілегенін, оған қоса оның өзімен бірге қаражаты болмағанын алға тартады.
Оппозициялық саясаткер А.Сәрсенбайұлы ісінде қасақана адам өлтірді деп айыпталып, өлім жазасына кесілген Рустам Ибрагимовтың адвокаты болған Нұрлан Өстеміров бұл жолы, «Нұрбанк» төңірегіндегі шатақ оқиға бойынша мәлімдеме жасады.
- Мен бұл ақпаратты қайдан алғанымды ешкімге айта алмаймын. Бірақ, бұл - оған сенетіндей сенімді ақпарат. Жаңағы ақпаратты айтқан адам маған ақпанның 3-5 аралағындағы бір түнде Қырғызстандағы Манас әуежайынан Хасеновті бұған дейін көргендіктен, бірден танығанын, ал Темірәлиевті кейін суретін көріп, еске түсіргенін, ал үшінші бір адамды мүлдем танымағанын айтты. Бұл адамдар сол түні Манас әуежайынан Үрімжіге ұшып кеткен. Меніңше, бізде төлқұжаттардың сатылатынын ескерсек, олар құжаттарды оңай жасап, аты-жөнін өзгертіп, Үрімжіге ұшып кетуілеріне мүмкіндік болды. Оны шын тапқылары келген адамдар сол күні Үрімжіге ұшқан адамдар тізімін тексеріп, іздесе, тауып алар еді, - деді адвокат Нұрлан Үстеміров.
Ол егер сол ақпаратты айтқан адам жазбаша келісімін берсе, оның аты-жөнін айтуға әзір екенін айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашева күйеуінің қаңтардың 31-інен бері ұшты-күйлі жоғалып кеткендігін, бұған дейін оған Президенттің үлкен күйеу баласы, Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиевтің қысым көрсетіп, қамауда ұстағандығын мәлімдеген болатын. Армангүл Қапашева жұма күні «Азаттық» радиосына сол кезеңде күйеуі Жолдас Темірәлиевтің шетелге, оның ішінде, Қытайға ұшып кетуі мүмкін емес еді дейді.
- Ол құжатсыз, ақшасыз болатын. Оның құжаттарын ақпанның 2-сі күні үйімізге тінту жүргізген кезде қаржы полициясы тәркілеген. Соған қоса оған бірден іздеу жариялады емес пе?! Менің өзім оны бірден із-түзсіз жоғалып кеткен адам ретінде іздеуге бергенмін. Ол кезде оны бар жерде, шекарада бағдарға алғандықтан, ол қалайша ұшып кете алады? Меніңше, қазір бір істің ұшы шығып, адамдар тұтқындалып жатқан соң, тергеу ісін басқа жаққа бұрғылары келеді, - деген пікір білдірді Армангүл Қапашева.
«Нұрбанкке» қатысты шатақ оқиғаға журналистік зерттеу жүргізіп жүрген журналист Бақытгүл Мәкімбай да Жолдас Темірәлиевтің елден шығып кеткендігіне сенбейді. Бірақ, егер бұл ақпарат шын болса, онда іздеуде жүрген азаматтар талай шындықтың бетін ашар еді деп санайды журналист:
- Оларды тұтқындаған қаржы полициясы қалайша олардың қолдарына құжаттарын ұстатып, қашырып жіберді? Өстеміров айтқан Манас әуежайында оларды қанша адам көріпті? Ал оларды банктен ұрлап алып шығып, монша кешенінде ұстап отырғанын көрген қанша адам? Соның өзінде көп адам шындығын айта алмай отырғанда, бір адамның көре қалуын қалай түсінуге болар екен?
Саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы адвокат Нұрлан Өстеміровтің артында Рахат Әлиев тұруы мүмкін деп санайды. Ол Өстеміровтің мәлімдемесімен қатар, мамырдың 18-күні «Караван» басылымында Рахат Әлиевтің «Шындықты айтатын кез келді» деген мақаласы жарық көргендігіне меңзейді. Бұл мақалада Рахат Әлиев соңғы күндері өзіне, отбасына, әріптестеріне өте күшті қысым көрсетілгенін айта отырып, «кезекті қаралау науқанының ұйымдастырушылары» деп Алматы қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың аттарын атаған. Рахат Әлиев оларды сыбайласқан жемқорлық бойынша айыптап, «Алматыда криминалды алаяқтық бойынша жүріп жатқан сот ісіне қатысушылармен туысқандық қана емес, қызмет бабымен тығыз байланыста» деп көрсеткен. Бірақ, шын мәнісінде бұл қақтығыстар - Рахат Әлиев пен екі лауазым арасындағы қайшылықты емес, күйеу бала мен қайын атасының арасындағы араздықтан хабар береді деп есептейді Рысбек Сәрсенбайұлы:
- Қалай болғанда да, осы істе Рахат Әлиевтің бір үлкен кінәсі бар. Жеңіл кінә емес, ауыр кінә болуы мүмкін. Осыған қарағанда, оның қайын атасы, президент Назарбаев Әлиевтің «еркелігіне» енді шыдамайтын мінез көрсеткен. Тасмағамбетов те, Мұхаметжанов та Назарбаевтың келісімінсіз Рахат Әлиевке ашық қарсы тұра алмас еді.
Мамырдың 18-і күні Ішкі істер министрі мен Алматы қаласы әкімінен түсіндірме алу мүмкін болмады. Қазіргі кезде Алматының Медеу аудандық сотында «Нұрбанктың» бұрынғы басқарма бастығы Әбілмәжін Ғылымов пен осы іске қатысты сотқа тартылған арнайы жедел топ жасақтарының үстінен басталған сот ісі одан әрі жалғасуда. Ал іздеуде жүрген банкир Жолдас Темірәлиевті табуға көмектесетін кез-келген ақпарат үшін Рахат Әлиев 10 миллион теңге сыйақы тағайындап отыр. Оған қоса Президенттің күйеу баласы әрі Қазақстанның Австриядағы елшісі өз мақаласында Қазақстанның ішкі істер министрі мен Алматы қаласының әкімі «істеген істері үшін ғана емес, отбасына қарсы қаралау әрекетттері үшін де сот алдында жауап береді» дегенді ескертті.