Қазақстанда мыңға жуық монополист бар және олардың кейбіреуі өзінің құрамдасы саналатын саудагер компания құрып, бағаны көтеріп отырады. Бұл туралы Астанада мамырдың 22-күні үкімет отырысында индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов хабарлады. Ал, Монополияға қарсы агенттік төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, монополистердің жұмысын реттейуге агенттіктің құзыреті жетпейді. Сондықтан Қазақстанда монополистерді тексеретін салалық реттеушілер құру ұсынылып отыр.
Қазақстанның индустрия және сауда министрінің мәліметінше мемлекеттік реестірде мыңға жуық монополист бар. Республикалық деңгейдегі монополистер көлік және байланыс саласында, отын-энергетикалық салада және мемлекеттік кәсіпорындар саласында көп деп хабарланды. Өткен жыл нәтижесі бойынша Министрлік ішіндегі Бәсекелестікті дамыту жөніндегі комитет 100 мекемеге 19 миллиард теңге көлемінде айыппұл салды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында электр қуатымен жұмыс істейтін компания өзінің құрамдасы саналатын саудагер компания құрып алған.
«Соның кесірінен Қазақстанның барлық дерлік аумақтарында электр қуатының бір киловатт-сағатының құны 90 тиыннан 1 теңге 42 тиынға дейін өсіп, бастапқы көтерме бағасынан 60 пайызға қымбаттап сала берген», - дейді индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов.
Оразбақовтың айтуынша, электр қуаты саласында осындай делдалдық жасау құқын беретін лицензия 500 компанияға берілген екен. Оның сыртында жанар-жағар май бағасы да делдалдардың кесірінен өсіп отырады деп хабарланды.
«Тексеру көрсеткендей, мұнай өңдеу зауытынан шықпай-ақ бірдей көлемдегі жанар-жағар май қағаз арқылы елдің түрлі аумақтарындағы бірнеше делдалға сатылған», - дейді Оразбақов.
Монополияға қарсы агенттік төрағасы Бақытжан Сағынтаев қазірде тарифтер заң жүзінде көтеріліп келеді және агенттік құзыреті жеткіліксіз дейді:
- Біздің кейде құзыретіміз жетпей жатады. Біз тек тарифті қараймыз, ал оның басқада шығындары бар. Олар басқа органдарда бекітіледі. Монополистер алып келеді бізге. Заңды түрде солай болғанан кейін оның бәрі тарифтің көтерілуіне әсер етеді.
Сағынтаевтың айтуынша, жағдайды жөндеу үшін монополистерді тексеретін салалық реттеушілер құрылады:
- Салалық реттеушілерде тарифтік және техникалық реттеудің бәрі бір органда болады. Мысалы, қаржы саласын қадағалап отырған агенттікке бәсекелестік мәселесінің құзыреті беріліп отыр. Екінші, телекоммуникация саласында Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне біздің агенттіктен тарифтерді бекіту құзыреті өтеді. Қалған салалар темір жол, электр қуаты, су, жылу табиғи монополияны реттеу агенттігінде қалады.
Ал, монополистерге жататын «Астанажылутранзит» кәсіпорнының бас директоры Айтмұхан Жұмабаевтың айтуынша, жағдайды өзге жолменде реттеуге болады:
- Астананың жылу жүйесі тозған. Уақытында айырбастамасақ, ол жылдан жылға тозады. Оны халық төлеу керек. Егер, халықты ойласақ, онда жергілікті бюджеттен субсидияны ойластыру керек.
Алайда астаналық кейбір тұрғындар монополистер жайында сыни пікірлерін білдірді:
- Тозған дегенімен жаңалауға мүмкіншілік бар ғой. Бірақ, олар оны істемей отыр. Ал халықтың 50 пайызы кедей.
- Бізде әлі монополистер көп. Пайдамыз жоқ деп, пайдасын көрсетпейді.
- Қымбаттай берсе еңбекақы көтерілу керек. Бірінші бәрі қымбаттайды, содан кейін тек 2-3 айдан кейін еңбекақы көтеріледі.
Ресми мәлімет бойынша 2000-ыншы жылы монополистер агенттікке жылына төрт рет бағаны көтеруге рұқсат сұрап келетін, кейін жылына екі рет тариф өзгертуге рұқсат берілген. Қазірде заңдарға өзгеріс енгізіліп жатыр. Ал соңғы шешім бойынша салалық реттеушілер құру жөніндегі қаулы бір аптадан кейін премьердің қарауына беріледі деп хабарланды.