Сейсенбі күні жарық көрген басылымдар Шымкенттегі түзеу мекемесінде өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелгендігіне мән беріп отыр. Сонымен қатар, газеттердің бірі министр Ертісбаевқа қарсы сот өтетін күн белгіленгендігін жазса, тағы бір басылым қазақ тілінде сөйлеуге тиым салған түрік азаматы еліне қайтарылатындығына тоқталып өтіпті.
Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа қарсы сот процесі маусымның 7-күні басталатындығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріп отыр. «Мамырдың 21-күні Астанадағы Сарыарқа аудандық сотында аталған газет редакциясының шағымына сәйкес сотқа дайындық жұмысы өтті» делінген мақалада. «Шағымды редакция осы жылғы сәуірдің 17-күні өткізсе, мамырдың 14-күні аудандық сот осы істі өндіріске алған. Министр Ертісбаевтың адвокаты Виталий Вороновтың айтуынша, Ермұхамет Қабиденұлы «Время» газетінен кешірім сұрауды қаламайды. Оның пікірінше, министр «телекиллер», «аферист», «алаяқ» деген сөздердің ар-ожданға тиетін мазмұны жоқ деп есептейді» деп жазды «Время» газеті.
«Айқын» газеті болса мамырдың 21-күні Шымкентегі ИЧ-167/3 еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан бір топ айыпталушы тамырларын қиып, қарындарын жарғандығы туралы жазып отыр. «Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару комитеті басқармасының бастығы Бекболат Түзелбаев хабарлады» делінген мақалада. «Басқарма бастығының айтуынша, оқиға орын алысымен түрмеге дәрігерлермен қоса, сот-дәрігерлік сарап мекемесінің мамандары шұғыл түрде шақырылып, олардың жарақаттары туралы медициналық қорытынды жасады. Сот-дәрігерлік сарап мамандары сотталушылардың өздеріне өздері қол жұмсау арқылы жасаған жарақаттарының соншалықты қауіпті емес екенін анықтады. Бұған дейін түзеу мекемесінің қызметкерлері қамаудағылар жатқан орындарды жан-жақты тексеріп, тінту жүргізген. Соның барысында қамауда отырғандардың қолданылуына рұқсат етілмейтін бірқатар заңсыз заттар – ұялы байланыс телефондары, кәдуілгі егеу мен қарапайым киімдер және басқа да заттар тәркіленді. Түрме тәртібін бұзған адамдар арнайы қамау бөлмелеріне жабылған. Осыдан кейін-ақ, түрмедегілер «ереуілге» шығып, өрескел әрекеттерге барды» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Бұл уақытта түзеу мекемесіндегілердің туған-туысқандары да өз наразылықтарын білдіріп шыққандығы «Время» газетінде баяндалыпты. «Мекеме алдына жиналған әйелдер түрменің темір қақпасын бұзып кіріп, одан әрі полицияның тосқауылына тап болды. Қарауыл оларды мекеме аумағынан шығаруға тырысқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ полицейлердің бірқатарының қолдары жырылғаны көрініп тұрды» делінген мақалада. Сонымен қатар, газет тілшісі түрмедегілердің өзіне қол жұмсау жағдайы биылдыққа үшінші мәрте тіркеліп отырғанына мән берген. «Осы жылғы сәуірдің 15-күні Алматы маңындағы Заречный түрмесінде 80 адам дене жарақатына барса, екі күннен соң оларға Арқалық колониясындағы 23 адам қосылды» деп жазды «Время» газеті.
«Айқын» газеті қазақша сөйлеуге тиым салған түрік азаматы еліне қайтарылғанына мән беріп отыр. «Атырау облысының Қарабан мекеніндегі жұмысшыларға қазақша сөйлеуге тиым салған түрік азаматы Юсуф Бахчеге, облыстық соттың шішімен сәйкес, бес жыл мерзімге дейін Қазақстан аумағына келуге тиым салынып, ол бір тәулік әкімшілік қамауға алынды. Бүгінгі күні оны еліне кері қайтару мәселесі шешілуде» делінген мақалада. «Бұл іс алдымен Мақат аудандық сотта қаралған болатын. Алайда облыстық прокуратура аудандық соттың шешіміне қанағаттанбай шағым түсірген еді. Нәтижесінде сот қаулысы бұзылып, іс облыстық сотта қаралды. Облыстық сот осындай үкім шығарып отыр» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
«Экспресс К» газеті болса британдық сайқымазақ Бораттың туған ағасы Эррон Барон Коэн Қазақстанға келгісі келетіндігі туралы жазыпты. «Скрипкашы Марат Бисенғалиевтің айтуынша, композитор Коэн мырзаның «Зере» атты шығармасын Қазақстанға әкелу жағы ойластырылып жатыр. Сонымен қатар, шығарма авторының өзі де қазақ жерін көруге ниет білдірген. Алайда ол өзін Боратпен шатыстырғанды қаламайды - көпшілік композитор ретінде таныса деген ниет. «Зере» шығармасының Лондондағы тұсаукесер рәсімі, Бисенғалиевтің өзінің айтуынша, жоғары деңгейде өтті. Батыс басылымдары оны Боратқа қарсы соққы ретінде бағалап, соған сәйкес қазақтар есепті теңестерді деп жазды» депті Марат Бисенғалиев «Экспресс К» газетіне берген сұхбатында.