Жұма күні Алматы соты тәуелсіз журналист Сергей Дувановты әкімшілік заңды бұзғаны үшін айыпты деп тауып, оған 17 айлық есептік көрсеткіш шамасында айыппұл салды. Содан бір күн бұрын кешке Алматының орталық алаңына шығып, Қазақстан президентінің билік басында шексіз отыруына мүмкіндік беретін заң өзгерісіне өзінің азаматтық қарсылығын білдірген Дувановты полиция ұстап алып кеткен болатын.
Қазақстандық тәуелсіз журналист Сергей Дуванов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шектеусіз мәрте президенттікке сайлануына құқық беретін құжаттың қабылдануына қарсылығын білдіру мақсатында мамырдың 24-күні сағат 19-да Алматының орталық алаңына шықты. Артынша-ақ қала полициясы журналистің қасына жиналған көпшіліктен алаңды тез арада босатуын талап етіп, арнайы автобусқа С.Дувановты күштеп салып әкетті. Полиция өкілдері журналисті заң бұзғаны үшін ұстағанын айтса, жиналған қауым құқық органдарының әрекетінде заңсыздық барын алға тартып отыр.
Қазақстан парламенті өткен аптада қабылдаған «конституциялық реформаларды» саяси алдау деп бағалаған қазақстандық тәуелсіз журналист Сергей Дуванов елдің Негізгі заңына өзгертулерді депутаттар халықтың пікірімен санаспай қабылдады деп есептейді. Өзінің осындай азаматтық ұстанымын білдіру мақсатында мамырдың 24-күні кешкісін Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің жанына келді.
- Конституцияға енгізілген өзгерістерді демократиялық құндылықтарға қайшы деп есептеймін. Үш күннің ішінде Негізгі заңды өзгерту жағдайын мемлекеттік төңкеріс деп атауға болады. Бұл жерде халықтың пікірі ескерілмей отыр. Дәл осы жағдай мені қатты ызаландырады. Әрине, кез-келген басшы мейлінше көп құқыққа ие болғысы келеді, бірақ оған жету үшін халықты алдаудың қажеті қанша?! Маған салса, президентті бөбектің жаялығы секілді үнемі ауыстырып тұру керек, - дейді Сергей Дуванов.
Бұл уақытта алаңға көпшілікпен бірге жинала бастаған заң өкілдерінің бірі монумент қасына топтасқан жүз шақты адамнан тез арада тарауын талап етті:
- Мырзалар! Сөйлеп тұрған Бостандық ауданы прокурорының орынбасары. Сіздердің бұл әрекеттеріңіз - заңсыз. Түсіндіремін: митинг, шеру акцияларын ұйымдастыру тәртібін бұзғандар әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартылады. Бұл орынды тез арада босатуды және акцияны доғаруды талап етемін!
Осыдан соң полиция полковник шеніндегі, өзін таныстыруды жөн көрмеген адам ескерткіш жанында тұрған Сергей Дувановқа келіп, онымен бірге автобусқа еріп жүруін талап етті. Ал Дуванов болса танымайтын кісіге ермейтіндігін айтып, өзіне мұндай талапты не үшін қойып отырғандығын түсіндіруді сұрады. Алайда, әлгі полиция полковнигі өзінің кім екендігін Дувановтан ғана емес, сол жерде оған сауал қойған көпшілік журналистерге де айтпады. Сөйте тұра, полицейлерге Дувановты автобусқа апарып салуға бұйрық берді. Соны айтуы мұң екен, төрт полицей журналисті аяқ-қолдан лақша тартып, автобусқа апарып тиеді.
Көпшілік жұрт полицияның бұл әрекетіне қарсылық көрсеткісі келгенімен, автобустың алдын көлденеңдеген кісілерді полиция күшпен кері шегіндірді. Солардың арасында полицияның әрекетінен денесін ауырсындырып алғандары да болды.
- Дувановты сүйреп бара жатқан кезде мен араша түскім келіп еді, сол сәтте бір полицейдың қатты итеріп жібергені сонша екі қолымда көгерген ізі қалып қойды, - дейді қолындағы қарайған іздерді көрсете сөйлеген дәрігер Тамара Үлкенова.
Сонымен қатар, көпшілік қауым полицияның әрекеті заңсыз болғандығын айтып қана қоймай, бірқатары құжаттарын көрсетпеген кісілердің шын мәнінде құқық органынан екендігіне күмән келтіретіндігін ашық айтып жатты.
- Сергей бұл жерге ешкімді жинаған жоқ, ұйымдастырушы да емес. Оны неге алып кеткендігін түсінбеймін, - дейді тіркелмеген «Алға» партиясының өкілі Әлихан Рамазанов.
Бұл арада Дувановты қайда алып кеткендігін білу мақсатында «Азаттық» тілшісі әлгі полковникке микрофон ұсынған еді, ол кісі:
- Дуванов Бостандық аудандық полициясының қолында. Оны заң бұзғаны үшін ұстады, - дей келе, қандай заңды бұзған деген сұраққа «уақытым жоқ» деп жалтарып кетті.
Алайда Бостандық аудандық полиция мекемесінің ауызғы бөлмесіндегі кезекші майор (ол да өзін таныстырудан бас тартты) осында келген журналистердің сұрағына берген жауабында өздеріне Дувановты әкелмегенін айтып, азар да безер болды.
- Мұнда алып келген жоқ, әйтпесе жасырып отыр дейсіз бе? - деп реніш білдіргендей сыңай танытты кезекші майор.
Ғимаратты екі айналып шығып, қас қарайғанша полиция мекемесінің алдын торыған көпшілік ешқандай мардымды жауап ести алмаған соң үйді-үйлеріне тарасты. Алайда, кейін мәлім болғанындай, бұл уақытта Дуванов Бостандық аудандық полиция басқармасының ішінде отырыпты. Тек сағат 23 шамасында ол бостандыққа шыққан. Ал мамырдың 25-күні Алматы соты ел парламентінің шешіміне өзінің азаматтық қарсылығын білдірген жуналист Сергей Дувановты әкімшілік заңды бұзғаны үшін айыпты деп тауып, оған 17 айлық есептік көрсеткіш шамасында, яғни 18 мың теңге немесе 125 АҚШ долларына тең көлемде айыппұл салды.
Ал журналистің әріптестері мұны халықтың үніне мойын бұрғысы келмеген саяси режимнің өзіндік пікірі барлардың конституциялық құқығын бұзу деп бағалайды.
- Әсіресе А.Сәрсенбайұлы мен З.Нұрқаділовтың қазасынан кейін халық қорқып қалды, үрей үстінде. Елдегі саяси режим халықтың мақсат мүддесіне құлақ түретін жағдайда емес. көпшілік сол үрейдің салдарынан өздерінің наразылығын іштерінде сақтап, ас үйлерінде әңгіме айтудан аса алмай отыр. Жеке азамат өзінің пікірін білдіру үшін әкімшіліктен қағаз алудың қажеті жоқ. Сол секілді ҚР азаматы Сергей Дувановтың жеке пікірін білдіруге толық құқығы бар, - дейді Қазақстан сотының шешімімен 5 жылға баспа ісімен айналысу құқығынан айырылған тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи.
Қазақстандағы билік жүйесіне сыни көзқарастағы мақалаларымен танымал тәуелсіз журналист және адам құқығын қорғаушы Сергей Дуванов 2003 жылы ауыр қылмыс жасады деген айыппен 3,5 жыл мерзімге сотталған болатын. 2004 жылғы тамыз айында түзету мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Халықаралық демократиялық ұйымдар мен журналистің әріптестері тәуелсіз журналисті Қазақстан билігі оның сындарлы пікір-көзқарасы үшін еш дәлелсіз жазалады деп санайды.