Мамырдың 30-күні кешке Алматы полициясы ел президентінің билік басында шексіз отыруына наразылық білдіріп, орталық алаңға шыққан үш кісіні тағы да ұстады. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік басында қалағанынша отыруына мүмкіндік беретін заң өзгертулеріне өз азаматтық ұстанымын білдіруге алаңға шыққан тәуелсіз журналист Ғалым Ағелеуовті, онымен бірге наразылық танытқан Алматының жұмысшылар қозғалысының басшысы Сахиб Жаңабаева мен «Ар-Рух-Хақ» қозғалысының мүшесі Бақытжан Төреғожинаны полиция арнайы көлікке күштеп салып алып кетті.
Тәуелсіз журналист Ғалым Ағелеуов биліктің кез-келген әрекетін қоғам бақылап отыруы тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, Қазақстан парламентінің депутаттары Негізгі заңға өзгертулерді қоғаммен санаспай қабылдаған. Соған қарсылық білдіру үшін және «еркін» елдің азаматтары өз ойларын білдіруі тиіс деген ұстаныммен алаңға шықтым дейді ол.
- Әрбір азамат өзінің көзқарасын білдіруге құқылы. Халық айтуға міндетті. Қоғамдық көзқарас деген болуы тиіс. Біздің Парламентіміз маңызды шешімді үш сағаттың ішінде қабылдап жатса, бұл жерде қайдағы қоғамдық көзқарас болсын. Ал егер халық ойланбаса, шешімнің барлығы жоғарыдан келіп жатса, онда саяси процестер тежеледі, сөз бостандығы шектеледі. Біз «еркін» елде өмір сүріп жатқандығымызды тәжірибе жүзінде көрсетуіміз керек, - дейді басына қағаздан ойып жасалған патша тәжін киіп алған Ғалым Ағелеуов, Тәуелсіздік монументінің қасына жиналған жұртшылыққа әртүрлі ұрандар жазылған жайма қағаздарды таныстырып жатып.
Бұл қағаздарда: «Мемлекет деген – Мен!», «Түркіменбашының орнына... өмірге Қазақбашы келді!», «Мен – Күн патшасымын!» деген сөйлемдер жазылған. Журналист осындай мазмұндағы қағаздарды алып шыға салысымен-ақ, әдеттегідей, алаңның бір жағынан қолына мегафон ұстаған, прокуратура қызметкерінің киіміндегі азамат шыға келді.
- Сіздердің бұл әрекеттеріңіз – заңсыз! Түсіндіремін: митинг, шеру акцияларын ұйымдастыру тәртібін бұзғандар әкімшілік-құқықтық жауапқа тартылады. Бұл орынды тез арада босатуды және акцияны доғаруды талап етемін! - деді өзін Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Еламановпын деп таныстырған бұл адам.
Артынша-ақ, полиция өкілдері қағаздан ойылған патша тәжін киген Ғалым Ағелеуовті, оған қоса жазуы бар қағаз жаймалар қолына тиген Алматының жұмысшылар қозғалысының басшысы Сахиб Жаңабаева мен «Ар-Рух-Хақ» қозғалысының мүшесі Бақытжан Төреғожинаны алаңның жанында тұрған полицияның арнайы көлігіне күштеп салып, алып кетті.
Полицейлердің бұл әрекетін бастан-аяқ бақылағандардың бірі - «Қазақстанның кәсіби жастары» қозғалысының заңгері Тимур Қадырбаев осы жолы заңды бұзған әлгі ұсталған үшеу емес, құқық органдарының өздері деген тұжырым айтты.
- Міне, менің қолымда Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Р.А.Бекеновтың 25-қыркүйек 2006 жылы №2-3515/06 іс бойынша шығарған анықтамасы бар. Онда сот дәл бүгінгідей жағдайда көпшілік шараны доғаруға тек қалалық әкімшілік өкілінің ғана құқығы бары тайға таңба басқандай анық жазған. Ал прокурор аталған мекемеге қарамайды. Яғни, олардың өздері шерулер туралы заңды өрескел бұзып отыр. Және бұл үнемі қайталанып келеді, - дейді заңгер.
Қалай дегенмен, соңғы бір жұманың ішінде Алматыда президент Назарбаевтың билік басында шексіз отыруына наразылық білдіргені үшін орталық алаңнан ұсталып, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілгендер саны бес адамға жетіп отыр.
Бұған дейін, мамырдың 24-і күні, қазақстандық тәуелсіз журналист, адам құқығын қорғаушы Сергей Дуванов Алматыдағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші жанына келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік мерзімін шектемеу туралы заң нормасына өзінің азаматтық наразылығын білдірген жазу ұстап тұрған еді. Сол жолы Дувановты полиция алып кетіп, сот арқылы айыппұл салды.
Арада бес күн өткенде дәл сол жерге әлгіндей наразылық білдіріп шыққан Екатерина Беляева да Дувановтың кейпін құшты. Беляеваға қарсы қозғалған әкімшілік іс осы аптаның ішінде сотта қаралмақ.
Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 18- күні Қазақстан парламенті Қазақстан конституциясына бірқатар өзгерістер енгізу туралы заң түзетулерін қабылдады. Онда парламенттің құрамын кеңейту, оны партиялық тізіммен жасақтау тәрізді толықтырулармен қатар Қазақстанның бірінші президентіне шектеусіз мәрте президент қызметіне сайлауына мүмкіндік беретін норма бекітілді.