Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиев қазір қайда деген сұраққа жауап іздепті. Сонымен қатар, газеттерде президент Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Әлиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалуына қатысты әртүрлі мәлімдемелер мен осы тақырып төңірегіндегі сарапшылардың пікірлері басылып отыр.
Рахат Әлиевтің қазір қайда екендігіне қатысты мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі күні Әлиев Австрияда, тек елшілік аумағында емес, Вена қаласындағы жеке үйінде тұрып жатыр» делінген мақалада. Сонымен қатар, автор оның қасына адам ұрлауға қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген бірқатар кісілер шоғырланғандығын атап көрсеткен. «Бүгінгі күні Қазақстанның құқық органдарының өкілдері, ал оның құрамында Бас прокуратураның, Интерполдың қазақстандық бюросының, ішкі істер министрлігінің және ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүшелері бар, бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев бастаған топ Вена қаласында жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда, олар жеке үйге кіре алмайтын секілді, өйткені оны Рахат Әлиев жалдаған жергілікті күзет фирмасы қорғап тұр» деп жазды «Время» газеті. Сондай-ақ, мақала авторы Қазақстанның құқық органдарының өкілдері Венада бірнеше кездесу өткізгендігіне тоқталып өткен. «Атап айтқанда, Австрияның бас прокуратурасы, ішкі істер министрлігі мен интерполының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Рахат Әлиевтің ісіне қатысты барлық құжаттар австриялықтарға тапсырылған. Біздегі бар мәліметтерге сүйенер болсақ, австриялықтар Қазақстанның ресми өкілдерінің сапарын түсіністікпен қабылдаған» деп түйіндейді «Время» газеті.
«Айқын» газеті болса Рахат Әлиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанына қатысты президент Назарбаевқа жолданған Алматы қаласы кәсіпкерлерінің үндеуін жариялап отыр. «Қолға алынған реформалардың аяғына дейін жеткізілетіндігі жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізіліп жатқандығымен көпшілік көкірегіне сенім ұялатып отыр. Кейбір араны ашылған шенеуніктер бұл – уақытша күрес, бірдеңе бола қалса, өздерінің байланыстары арқылы құтылып кетеміз деп үміттенді. Осындай өз орнын білмей, шектен шығып, заңды аяқ асты еткендердің бірі Рахат Әлиев болды» делінген үндеуде. «Бүгінде көптеген адамдар Рахат Әлиевтің және оның тарапынан жасалған рейдерліктің, соның ішінде, құқық органдары қызметкерлерінің құрбанына айналды. Р.Әлиевтің бүкіл өмірін туған халқына қызмет етуге арнаған ұлт Көшбасшысын алаламақ болған әрекеті ерекше ыза тудырады» деп жазылған «Айқын» газетінде жарық көрген Алматылық кәсіпкерлердің үндеуінде.
«ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты болса ресми тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Асылбек Қожахметтің Рахат Әлиев төңірегіндегі жанжалға қатысты сұхбатын жариялап отыр. Қожахметовтың пікірінше, Рахат Әлиевті оппозицияға қабылдау-қабылдамау қажет деген секілді сұрақтың өзі дұрыс қойылмаған. «Президент Назарбаевтың үлкен күйеу баласын оппозиционер ретінде қарастыруға әлі ертерек. Өйткені ол қазір дүрсін-дүрсін мәлімдемелер жасаумен ғана көзге түсті, сол айтқандарын жүзеге асырып жатса ғана бұл жайында ойлануға болады. Әйтпесе оның бар айтары алғашқы айқаймен шығып кетуі де мүмкін ғой..» депті Асылбек Қожахмет «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтына берген сұхбатында.
Осы тақырып төңірегінде саясаттанушы Досым Сәтпаев «Литер» газетіне жариялаған мақаласында былай деп жазды: «Элитаның көзқарасы бойынша, Рахат Әлиевтің кеудемсоқтығы елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп болып көрінді. Әрі қарай не болады? Кейбіреулер Рахат Әлиевтің қылмыстық ісі сотқа дейін жететіндігіне күмән келтіреді. Бірқатары оны шетелде қалып қояды деп болжап жатыр». Досым Сәтпаевтың пікірінше, Әлиевтің қолында көпшілік біле бермейтін құнды ақпарат көзі екендігін ескерер болсақ, онда оның президентке оппозиция болуы бұл оқиғаның қиын жолмен өрбігендігін көрсетеді. Ал Рахат Әлиевке де, президентке де ең тиімдісі, үлкен күйеу бала толқын басылғанша тұңғиық астында тыныш жата тұру керек. Оның үстіне, тәжірибе көрсетіп бергендей, халықаралық іздеу жариялану әрекеті мойынға қамыт салу дегенді білдірмейді» деп түйіндейді саясаттанушы Досым Сәтпаев «Литер» газетіне жариялаған мақаласында.