Сейсенбі күні жарық көрген басылымдардың бірі үш айға жабылып қалған қазақстандық КТК телеарнасы сәрсенбіден бастап қайта эфирге шығатындығы туралы жазды. Сонымен қатар, газеттер өздерінің баспаналарын қорғағаны үшін екі жылға абақтыға жабылған бақайлық азаматтар бостандыққа шыққандығына мән берсе, тағы бір басылым Нұротан атты сәби дүниеге келгендегіне тоқталып өтіпті.
Негізгі акционері Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев саналатын «КТК» телеарнасы маусымның 6-нан бастап жұмыс істей бастайтындығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «КТК эфирге қайта шығады, бірақ жаңалықтарсыз..» делінген мақалада. «Дүйсенбі күні аталған телеарнаның ұжымымен жиналыс өткізген компанияның бас директоры Руслан Жемков КТК телеарнасының акционері Рахат Әлиев болып қала бермек екендігін жеткізген. Оның айтуынша, Рахат Әлиевтің басында қазір проблемалар туындап жатқандықтан арнадағы жағдайды бақылау міндеті Дариға Назарбаеваның қолына өтеді» деп жазды «Время». Сонымен қатар, мақала авторы телеарнаның жаңалықтар қызметіндегі журналистерді бір айға демалысқа жібергендігін атап көрсеткен. «Соған байланысты КТК әзірге ойын-сауық арнасы бола тұрмақ. Әрі қарай не болатындығы белгісіз» деп түйіндейді «Время» газеті.
Ал «Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса Австрия үкіметі Рахат Әлиевті экстрадициялау ісіне дайындалып жатқандығына мән беріп отыр. «Қазір Австрия билігі бұрынғы елші Рахат Әлиев пен тағы төрт адамды еліне қайтару немесе Венадағы қазақ полициясының қолына тапсыру мәселесін қарап жатыр. Әзірге Әлиевтің өзі 1 миллион евро көлемінде кепілдік төлеп абақтыдан шыққан. Австрия заңдары бойынша Рахат Әлиев күн сайын белгіленген уақытта сот өкілдеріне өзінің қайда екендігін хабарлап отыруы тиіс. Оның Вена қаласынан шығып кетуге құқы жоқ. Егер шарт бұзылған жағдайда миллион евро күйіп кетеді, ал Рахат Әлиевке Австрия полициясы іздеу жариялайды» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта Қазақстанға ресми сапармен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров келгендігіне «Литер» газеті тоқталып өтіпті. «Оның алғашқы ресми сапары жеке саяхаттарға жалғасты» делінген мақалада. «Өйткені Рамзан Қадыровтың әкесі, Шешенстан Республикасының бірінші президенті Ахмад Қадыров Қазақстанда туған болатын. Ахмат қажының әкесі Абдулхамид біраз жылдар бойы Қарағандыдағы шахтада жұмыс істеген. Республиканың көмір астанасына келген ресми қонақ өзінің атасының басына құран оқып, шахтада қайтыс болған құрбандардың монументіне гүл шоқтарын қойды» деп жазды «Литер» газеті.
Ал «Жас Алаш» газеті болса өткен жылы өз баспаналарын қорғағаны үшін екі жылға бас бостандығын алған Бақайлық екі азамат түрмеден босап шыққандығына мән беріп отыр. «Бақайдағы алашапқыннан кейін абақтыға жабылған Нұрхат Мұқажанов пен Ілияс Томпақов бостандыққа шықты. 11 ай қараңғы қапастан кейін..» делінген мақалада. «Нұрқат пен Ілиястың әке-шешелерінің қуанышында шек жоқ. Балаларының аман-есен келген қуанышына арнап мал сойып, «бақайлықтардың» басын қосып, құдайы таратты. Бақай ауылын жау шапқандай еткелі бері бір жыл өтіпті. Сол уақыттың ішінде не өзгерді? Ештеңе де! «Бақай» сол қалпында бомба түскендей күйде жатыр. Бақайлықтардың көпшілігі сол баяғы лашықтарын жамап-жасқап күнелтуде» деп жазды «Жас Алаш» газеті.
Бұл уақытта «Айқын» газеті тағы бір Нұротан дүниеге келгендігін хабарлап сүйінші сұрап отыр. «Астананың ескі қала жағындағы бір отбасында шілдехана. Дүниеге Нұротан есімді сәби келді. 29 жастағы отағасы Қанат Ахметов пен зайыбы Айгүл Асқарова Ақтөбеден Астанаға келгеніне 5 жылдың жүзі болыпты. Олар болашаққа сенеді. Сондықтан болар 19 мамырда дүние есігін ашқан сәбилеріне Нұротан деп есім берген. «Өзімізге де бұл ат ұнады. Несі бар, қайта баламыз мұндай қайталанбас есімді алып жүрсе жақсы емес пе?!», – дейді анасы риза көңілмен. Нұротан шаңырақ иелерінің екінші перзенттері екен. Тұңғыштары Ақтөбедегі ата-әжесінің қолында көрінеді. Жас отбасы тұрмыстық қиындықтардың артта қалуына «Нұр-Отан» партиясының жетекші күш боларына сенеді. Ал шақалақ Нұротан – Қазақстан тарихындағы осы партияның есімін алған алғашқы адам. Олар тұрмыстағы бар қиындықты «Нұр Отан» партиясына арқа сүйей отырып жеңетініне үмітті. Жас отбасының мұнысына біз де түсіністікпен қарадық» деп түйіндейді «Айқын» газеті.