Эстония президенті Томас Хендрик Илвес Прагадағы Демократия мен қауіпсіздік конференциясына қатысушыларға арналып берілген қонақасылық дастарханда сөйлеген сөзінде Ресейдің атына өте қатты сын айттты. Ол Ресей Үлкен сегіздік пен Европа кеңесі сияқты халықаралық маңызды ұйымдардың принциптерін сақтаудан қайтадан бас тартып отыр деп атап көрсетті.
Эстония президенті өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айту барысында аса қатал болды десек артық емес.
- Егер демократтар бір-бірімен соғысуға бармайтыны рас болса, онда Ресейдің өндірісі дамыған елдердің Үлкен сегіздік ұйымында өз зымырандары Европаны нысанаға алатын болады деп айтуына жол болсын, - деп атап көрсетті Эстония президенті.
Илвестің бұл мәлімдеулері Ресей президенті В.Путиннің «егер АҚШ өзінің зымырандық қорғаныс жүйесінің радар бөлшектерін Европаға орналастыратын болса, оған жауап ретінде біздің зымырандарымыз Европаны көздеп тұратын болады» дегеніне байланысты айтылды.
Үлкен сегіздік елдерінің жетекшілері сәрсенбі күні Германияның Хайлигендам қаласында үш күндік саммитке жиналады. Илвес өзінің сөзінде Үлкен сегіздік сияқты ұйымға мүше болуы Ресейдің мінез-құлқына еш әсер еткен жоқ дей келе, Ресей демократиясының заңдылығы күмән тудырады деп атап көрсетті:
- Егер әлдебір ғажайыппен Украина мен Грузиядан гөрі алыста жатқан ел, айталық Орталық Азиядағы бір ел демократияны таңдаса не болады? Ресей де сол үлгімен жүрер еді, өйткені демократияны таңдаған кез-келген ел солай етер еді. Солай болса, біз НАТО-ға немесе Европа одағына мүше болмағаны үшін ол елдерді қалай қорғаймыз?
Өткен сәуір айында Таллиннің орталығында екінші дүниежүзілік соғысындағы совет солдатына қойылған ескерткіштің орнынан жылжытылып басқа жаққа көшірілуіне байланысты Ресей мен Эстония арасында бірқатар келіспеушілік туындаған еді.
Монументтің көшірілуіне наразылық танытушылар екі күн бойына Эстония астанасы Таллиннде шерулер мен ереуілдерге шығып, онда полициямен қақтығыстардың орын алуы салдарынан, бір этникалық орыс азаматы қаза тапса, 150-дей адам түрлі жарақат алған еді.
Мәскеудегі Эстония елшілігі жанында да шерулер жалғасты. Одан кейінгі апталарда Эстония Ресейді «біздің үкіметтік веб-сайтымызға шабуыл жасады» деп айыптаған болатын.
Ал мамырдың 24-і күні Страсбургте Европа парламенті басым дауыстың жақтауымен Эстонияға қолдау білдірді. Эстония президенті Илвес өз сөзінде Ресейдің осындай қимыл-әрекеттері демократияға қауіп төндіреді деп атап көрсетті.
«Азаттық» радиосының бұрынғы тілшісі, талдаушысы, қазіргі Эстония президенті Томас Хендрик Илвестің бұл сөздері АҚШ президенті Дж. Буш Чех республикасының президенті Вацлав Клауспен және басқа да жетекшілерімен зымырандық қорғаныс жүйесінің радар бөлшектерін орналастыру мәселесін талқылау үшін Прагаға келген кезде айтылды.
Буш сейсенбі күні Прагада демократия мен қауіпсізідк мәселелеріне арналған конференциядағы сөзінде демократия процесін дамыту Ресей сияқты елдерде қиын да күрделі болатындығына тоқталды.
Бұл конференцияға қатысушылардың арасында Ресей оппозициясы жетекшілерінің бірі, шахматтан бұрынғы Әлем чемпионы Гарри Каспаров, бұрынғы совет диссиденті Натан Щаранский, Беларус оппозициясының жетекшісі Александр Миленкевич, сондай-ақ Чехия сыртқы істер министрі Карел Шварценбергтер бар.