Паруан провинциясында сейсенбі күні белгісіз біреулер жекеменшік радиокомпанияда істейтін Закия Закиді атып кетті. Оның алдында Қабул қаласында өз үйінде тағы бір журналист, 22-жасар Шакиба Сәнга Амай атып өлтірілді. Ауғанстан журналистер ұйымының төрағасы бұл оқиғалар елдің баспасөз құралдарына қарсы бағытталған, баспасөзде істейтін аздаған әйелдерге қарсы бағытталған дейді.
"Бейбітшілік" деп аталатын радиода істейтін Закия Заки өз үйінде сегіз жасар ұлының көзінше өлтірілді. Оны кім не үшін атқаны қазір анық емес. Закия Заки радиоға келмес бұрын мектеп директоры болған, 2003-2004 жылдары елдің жоғары кеңесі Лойя Жырға қызметіне қатысты. Бірақ біреулер оны радиодағы қызметіне байланысты қорқытып жүрген. Мұны Тәуелсіз журналистер бірлестігінің бастығы Рахимұлла Саманер айтып отыр:
- Бірнеше бағдарламасына байланысты оған қорқыту айтылған болатын, олар аймақтағы кейбір тұлғаларға тіл тигізесің деген. Олар бағдарламаларың бір кісіге қарсы жасайтын қастандығың деген. Аймақта қолбасшылар ықпалын жүргізіп отыр, олар бұрын оның басына бірнеше проблема туғызған. Ол мұны маған келіп бірнеше рет айтқан, кейбір басқа әріптестері де осылай деген.
Тәуелсіз журналистер бірлестігінің бастығы Рахимұлла Саманер әйел журналистерді өлтіру баспасөз құралдарында істейтіндерді қатты алаңдатып отыр дейді. Закия Закидің алдында бір аптаға жетер-жетпес уақытта Ауғанстанда тағы бір әйел журналист өлтірілді. Оны да белгісіз біреулер Қабулда өз үйінде атып кетті. Бұл – 22-жасар Шакиба Сәнга Амай. Күдікті азамат қамауға алынды, журналист қыз оған тұрмысқа шықпай қойған, сол үшін кек алынды деген жорамал бар. Дегенмен, баспасөз бостандығын қорғайтын "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Ауғанстан үкіметі бұл қылмыстар журналистердің кәсіби қызметімен байланысты деген жорамалды мұқият тексерсе жөн деп үндеу айтты.
Ауғанстанда тәуелсіз баспасөз енді-енді аяққа тұрып келеді. Талибан үкіметі 2001 жылы құлатылғалы бері баспасөз шапшаң дамып жатыр. Бірақ журналистерді кемсіту, қорқыту әдеті қалмаған. Бұрынғы дала қолбасшылары мен консервативті бағыттағы тұлғалар баспасөз бостандығын бұзып келеді. Әсіресе әйел журналистер қауіп-қатерге көп тап болады. Әйелдердің саны журналистердің арасында өте аз, біртіндеп өсіп келеді. Ауған әуелетінде ер азаматтардың өктемдігі басым, әйел журналистер жұмыста да, отбасында да қауіп-қатерге, зұлымдыққа тап болады. Ауғанстан парламентінің депутаты, әйелдер журналының бұрынғы редакторы Шұхрия Барекзай екі әйел журналистің өлтірілгені үлкен дабыл туғызып отыр дейді:
- Бұл оқиғаларды қатты айыптаймын. Баспасөз құралдарында жұмыс істегендері үшін ғана шектен тыс өлтірілген әйелдердің жағдайына алаңдаймын. Олар - журналистер, олар - парасатты әйелдер, олар Ауғанстанда әйел құқықтары үшін күресіп келеді. Жағдайға қатты алаңдап отырмыз.
Ауғанстан Тәуелсіз журналистер бірлестігі, басқа да журналистік ұйымдар Ауғанстан үкіметі журналистердің қауіпсіздігін қамту мақсатында тиісті шара қолданса жөн дейді.