Сәрсенбі күні жарық көрген басылымдар Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучерді елдегі конституциялық реформалар қызықтыратындығы туралы жазыпты. Сонымен қатар, газеттердің біреуі Қазақстанда студенттер түрмедегі бөлмелерден тар орындарда тұрып жатқандығына мән берсе, тағы бір басылым қазақ ғалымдары құс тұмауының вакцинасын жасап шығарғандығына тоқталып өткен.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучер Қазақстанға келгендігі туралы мақала “Егемен Қазақстан” газетінде жарық көріпті. “Маусымның 5-күні құрметті қонақ Астанада Қанат Саудабаевпен кездесті. Біраз жыл Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі болған Қанат Саудабаев Ричард Баучерді жақсы танитындығын білдіріп, онымен құшақ жая аман¬дас¬ты» делінген мақалада. «Мен сізді өзімнің жаңа қыз¬метімде қабылдап отырғаныма қуа¬ныштымын, деді Мемлекеттік хат¬шы. Қазақстан мен АҚШ арасын¬да¬ғы жылы қарым-қатынастың орнауына қызмет етіп жүргеніңіз үшін алғыс білдіремін. Сіз Америка саясатындағы аса ықпалды және байсалды саясаткер ретінде екі елдің ынтымақтастығының дамуы¬на үлкен үлес қосып келесіз. Қайтарма сөзінде Ричард Баучер өзінің Қазақстанға келу құрметіне ие болғанына қуанышты екенін айтып, Қанат Саудабаевтың өзінің қызметіне берген бағасына алғысын білдірді. Әрине, деді ол, біз осы күні екі елдің арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық бағдарына қол жеткіздік. Баучердің айтуынша, осы сапар екі ел арасындағы эко¬но¬микалық және қауіпсіздік саласын¬дағы ынтымақтастықтардың дами түсуіне ықпал етеді» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
«Айқын» газеті болса Ричард Баучерді Қазақстандағы конституциялық реформалардың барысы қызықтыратындығына тоқталып өтіпті. «Мен Қазақстанға келген осы екі күндік сапарымда Қазақстан Республикасында болып жатқан Конституциялық реформамен жан-жақты танысып, саралап, оның заң жүзінде қалай жүзеге асырылатынын бағамдаймын деп ойлаймын, – деді өз сөзінде Ричард Баучер. – Ал біз жаңа кездесу барысында осы маңызды саяси реформа және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқыладық» депті Ричард Баучер газет тілшісіне берген сұхбатында.
Бұл уақытта маусымның 5-күнгі Үкімет отырысында халықтың әлеуметтің жағдайы тақылағандығына да «Айқын» газеті мән беріп отыр. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарақұсова жұмыс жасауға мойны жар бермейтін жатыпішер жалқаулар қазақ елінде көбейіп бара жатыр деп санайды екен. Ол кешегі Үкімет отырысында осы ойымен Үкімет басшысымен бөлісті» делінген мақалада. «Елде халықтың маргиналдануы кесірінен «тоқыраған жұмыссыздықтың» белгілері пайда бола бастады, – деп мәлімдеді ол. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың он пайызы, яғни 31 мыңнан астам отбасы бұл көмекті екі жылдан артық уақыт бойы алып келеді». Сонымен қатар, мақала авторы министрдің бұл жерде бар айыпты халықтың өзіне ғана аударып, ал ел арасында көп сыналып жүрген «әдіресті көмекке» шаң жуытпауға тырысқандығын атап көрсеткен. «Егер біз де осы күнкөріс минимумын екі есе көтеріп, солтүстік көршіміздегімен теңестірсек, еліміздегі кедейшіліктің нақты көрінісі айқындалар еді» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
«Экспресс К» газеті Қазақстандағы студенттердің тұрмысына тоқталып отыр. «Қазіргі таңда Қазақстанда 700 мың студент бар екен. Ал оларға арналған жатақханалар саны 163 қана» делінген мақалада. «Қазіргі күні әрбір студентке жатақханада үш шаршы метр ғана орын бөлінеді. Бұл түрмедегілерге берілетін орыннан да аз. Елді елу елдің қатарына енгізетін болашақ мамандар осындай жағдайда өмір сүріп жатыр» деп жазды «Экспресс К». Сонымен қатар, мақала авторы студенттер бір бөлмеде екеуден емес, сегіз адамнан тұрып жатқандығын атап өткен. «Кейбір бөлмелердегі адам саны 14-ке дейін жетеді екен. Себеп – жатақханалардың жетіспеушілігі. Осыған қарап, студенттер қазіргі күні «коммуналдық жұмақтың» барлық тамашасын басынан өткеріп жатыр» деп түйіндейді «Экспресс К» газеті.
Бұл уақытта қазақ ғалымдары құс тұмауының дәрісін жасап шығарғандығы «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауына қарсы отандық вакцина сынақтан өтті. Алдын ала жасалған қорытындыға қарағанда, дәрі өзінің пайдалы көрсеткіштері жағынан ресейлік вакцинадан да асып түсетін түрі бар» делінген мақалада. «Бұл вакцина – Жамбыл облысы Отар қаласында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу институтының ғалымдары Б.М.Хайруллин мен Ж.К.Қыдырбаевтың екі жыл бойғы жұмыстарының жемісі. Препарат Павлодарда табылған – А/үй үйрегі/1/05/ Н5N1/ штаммына негізделген. «Қазақстан-15» деп аталатын дәрі республика бойынша Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында сынақтан өтіпті. Нәтижесінде, егілген құстарда жарты жылға дейін құс тұмауына қарсы иммунитет пайда болады» деп жазды «Айқын» газеті.