Бүгін Германияның Хайлигендам деп аталатын курортты қаласында басталып жатқан өндірісі дамыған Үлкен сегіздік елдері саммитінің күн тәртібінде ғаламдық ауа райының өзгеруі ең басты мәселе ретінде қаралады. Десек те, АҚШ пен Ресейдің барған сайын шиеленісе түскен қарым-қатынасы да үш күндік жоғары дәрежелі кездесудің өзекті тақырыбына айналары сөзсіз.
Сөз болып отырған саммит басталар-басталмастан оған наразылық танытушылар өз шерулерін бастап кетті. Бірнеше жүз шеруші қауіпсіздік сызығын кесіп өтіп кеткен. Полиция жиналғандарды тарату үшін сушашыртқыларды қолданған. Ал мыңдаған шеруші Росток қаласынан саммит өтетін аймаққа апаратын жолды жауып тастауға ұмтылыс жасап көрген екен.
Германия шенеуніктері бұл саммитте ғаламдық жылыну бойынша немесе Африканың кедей елдеріне көмек беру бойынша кез келген бір үлкен келісімдерге қол жеткізіле қояды деп күтпейді. Сол себептен де болар үш күндік басқосудың бейсенбіге жоспарланған жиынында ең өзекті болғалы тұрғаны және басты назар аудартатыны да бұрынғы одақтастар, ал қазір болса бір-бірінің көзіне тура қараудан тайсақтайтын Ресей президенті В.Путин мен АҚШ президенті Дж.Буштың кездесуі мен әңгімелесулері болатын сыңайы бар.
- Мен президент В.Путинмен кездесіп, сөйлесуді Үлкен сегіздікте ғана емес, ол АҚШ-қа келгенде де асыға күтемін. Сіздер білесіздер, мен оны Владимир деймін. Сіз зымырандық қорғаныс жүйесінен қорқуға тиіс емессіз. Шындығында, сіз неге бізбен зымырандық қорғаныс жүйесінде ынтымақтаспайсыз деп сұраймын,- деді Буш.
Сейсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш Американың зымырандық қорғаныс жүйесінің радар бөлшектерін Чехия жеріне орналастыру жоспары турасында Чех елінің басшыларымен жан-жақты әңгімелесулер өткізген болатын.
Қанша қайталаса да, Вашингтон өзінің Европада орналастырмақшы даулы зымырандық қорғаныс жоспарына Мәскеуден қолдау таба алмаған соң, Буш Ресейдің атына ол елде демократиялық реформалар жүзеге асырылмай жатыр деп қатал сын айтқан болатын.
- Ресейде азаматтардың өз өкілеттігіне беріледі деп айтылған демократиялық реформалар демократиялық дамуға қауіп төндіретіндей сипатта бетімен жіберілді. Жақсы деген қарым-қатынастың бір бөлшегі - біздің келіспеушіліктеріміз турасында ашық айта алатындай болу. Сол себепті де АҚШ бұл елдермен, демек Ресей, Қытаймен құндылықтарымыз бен принциптерімізге нұқсан келтірмей отырып, қарым-қатынастарды жақсарту жолында жұмыс істей береді, - деген еді АҚШ президенті.
Өзінің жақын күндерде айтқан сөздерінде Путин де АҚШ тарапына қатал сөздер айтты. Ол Үлкен сегіздік елдерінің журналистеріне Европаға зымырандық қорғаныс жүйесін орналастыру мақсатын көздей отырып, АҚШ әлемдік қауіпсіздік құрылымын мүлде өзгеріске ұшыратып жібергеніне бірден-бір жауапты болады деп атап көрсеткен еді.
Бұл ретте Ресей президенті Европаға орналастырылмақшы зымырандық жүйе Ресейге қарсы бағытталған деген үрей танытты. Ал Вашингтон болса, жоқ, бұл жүйе өктемдік етуші елдерді нысанаға алады деп мәлімдеді, ол жүйе лаңкестер мен экстремистерден қорғану қызметін атқарады деп Мәскеудің көзін жеткізбекші болды.
Үлкен сегіздік елдері саммитінің өткізілуіне қонақжайлық танытып жатқан Германия канцлері Ангел Меркель барлық тараптарды байсалдылық танытуға, күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылауға шақырды. «Азаттық» радиосының Хайлигендамдағы тілшісінің хабарлауынша, Ресей президенті В.Путин А.Меркелмен бүгін кешке кездесетін болады. Ал Меркель мен Буш бүгін таңертеңгісін ертемен кездесіп, ғаламдық жылыну турасындағы келісімдердің ең соңғы түйткілдерін талқылаған болатын.