Жұма күні жарық көрген басылымдар Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің иелігіндегі ақпарат құралдары кімдердің қолына көшуі мүмкін деген сұраққа жауап іздепті. Сонымен қатар, газеттердің бірі эфирге қайта шыққан КТК телеарнасына соңғы президент сайлауында кандидат Назарбаевтың сайлау штабының баспасөз қызметін басқарған адам басшы болып тағайындалғаны туралы жазса, тағы бір басылым мемлекеттік айыптаушы Шымкентте жаппай ВИЧ инфекциясының таралуына кінәлі дәрігерлерді соттауын сұрағандығына тоқталып отыр.
Өткен айдың 24-күні Алматының экономикалық сотының шешімімен жабылған «Караван» апталық газеті екі аптаға созылған үзілістен соң маусымның 8-күні қайта жарық көріп отыр. Алайда аталған газет өзінің құрылтайшысы саналатын Рахат Әлиев төңірегіндегі дауға қатысты материал басуды жөн көрмепті. Бірақ басқа газеттер Президент Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты жанжалға ерекше мән беріп отыр. Мәселен, «Литер» басылымы Австрия полициясы Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғағандығы туралы жазды. «Маусымның 7-күні Астанада өткен брифингте Қазақстан ішкі істер министрілігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожақметов осылай деп мәлімдеді» делінген мақалада. «Аталған министрліктің мәліметі бойынша, Австрия Республикасының интерпол қызметі Инперполдың бас хатшылығына Венаның тергеу орындары Қазақстан азаматы Рахат Әлиевті қаржыны жылыстатқан деген күдікпен қылмыстық іс қозғағандығын хабарлаған. Тексерілген қаржылық құжаттарға сәйкес, Рахат Әлиев 2003 жылдың басында австрия банкілерінен өзінің атынан және өзіне қарасты компаниялардың атынан бірнеше есеп ашқан. Осы есептердің негізінде ірі операциялар жүргізілген» деп жазды «Литер» газеті.
Алайда «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты болса бұл ақпаратты жоққа шығарататын материал жариялап отыр. «Австрия прокуратурасы Қазақстан үкіметінің Рахат Әлиевке қатысты Австрия қылмыстық іс қозғағандығы туралы ақпаратын жоққа шығарды» делінген мақалада. «Австрия прокуратурасы қазіргі таңда Қазақстан жағының сұрауы бойынша Рахат Әлиевті экстрадициялау ісін қарастырып жатыр, бірақ одан өзге іс жүргізіліп жатқан жоқ, деп мәлімдеген Австрия прокуратурасының ресми өкілі Герхард Ярош. Осылайша ол бұрынғы елшінің үстінен қаржыны жылыстатқан деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл уақытта, президент Назарбаев өзінің күйеу баласына қатысты істің сотқа дейін жетуін қадағалайтындығын айтты» деп жазды «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
Ал «Республика» газеті Қазақстандағы барлық жеке ақпарат көздерін сатып алушылар кімдер деген сұраққа жауап іздепті. «Жақында Рахат Әлиев Ресейдің «Независимая газета» басылымына берген сұхбатында «мемлекет басшылығы елдегі барлық жеке ақпарат көздерін сатып алуды» Владимир Ни және Владимир Кимге тапсырды» деп мәлімдеген. Ким мырза көпшілікке белгілі тұлға, ал екіншісі кім екендігін анықтағымыз келді» делінген мақалада. «Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матайдың айтуынша, Владимир Ни – «Шаруашылық басқарма» ЖШС бастығы. Көпшліктің сөзіне қарағанда, бұл мекеменің президент Әкімшілігіне қатысы бар дейді ол». Сонымен қатар, Сейітқазы Матай бұрынғы елшінің қарамағындағы ақпарат көздерін басқаға беретін болса, онда еркін сауда болатындығына күмән келтірген. «Менің пікірімше, Рахат Әлиевтің қолындағы ақпарат құралдарын тартып алу дұрыс емес. Қалай дегенмен ол біреудің жеке меншігі ғой» депті Сейітқазы Матай «Республика» газетіне берген сұхбатында.
«Караван» газеті болса КТК телеарнасында өзгеріс болғандығына тоқталып өтіпті. «Арнаның бас директоры болып Арман Шураев тағайындалды» делінген мақалада. Жаңа бастық өзінің газетке берген сұхбатында бұған дейін президент Әкімшілігінде істегендігін айтқан. «Соңғы сайлаулар кезінде мен кандидат Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының баспасөз қызметін басқардым. Телеарнада революциялық өзгерістер болмайды. КТК – халықтың телеарнасы болып қала бермек» депті Арман Шураев «Караван» газетіне берген сұхбатында.
Бұл уақытта Шымкентте жаппай ВИЧ инфекциясына шалдығу оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта мемлекеттік айыптаушы дәрігерлерді барынша қатаң жазалауды сұрағандығына «Комсомольская правда: Казахстан» газеті мән беріп отыр. «Маусымның 7-күні сот процесінде айыптаушы соттан дәрігерлерді соттауын сұрады» делінген мақалада. «Сотқа дейін және сот кезінде айыпталушылардың біреуі де өздерін кінәлі деп есептемейтіндіктерін айтқан. Прокурор Нұрлан Сапаров 21 айыпталушының барлығын кінәлі деп тауып, оларды 3 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге соттауын сұраған. Алайда айыпталушылардың бірқатарына, атап айтқанда облыстық денсаулық сақтау депарматентінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова, оның бұрынғы орынбасары Нағима Жолдасова және айыпты тағы үш адамға жазаны шартты түрде тағайындау ұсынылған» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.