АҚШ астанасы - Вашингтон қаласында әлемнің әр түкпірінде коммунизм қыспағында қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалып кеткен миллиондаған құрбандарды еске алуға арналған мемориал ашылды.
Жақында ғана бұрынғы коммунистік ел Чехия мен Польша және Болгария, Албания елдеріне барған сапарынан оралған АҚШ президенті Дж.Буш Коммунизм құрбандарына қойылған ескерткіштің ашылуына қатысып, коммунизм мен терроризмді салыстыра сипаттады.
Сейсенбідегі маусым айының аптап ыстық күнінде Вашингтон аспаны ерекше ашық, тап-таза еді. Жиналған көпшілік президенттің келуін күтіп тұрған. Олардың көпшілігі бұрынғы Совет одағында сталиндік қапас пен қуғын-сүргінді көрген, енді қазір жасы 70-80-ді алқымдаған қарттар.
Солардың бірі Нью-Джерсиден үш сағаттық жол жүріп келген архитектор Тони Вандеред. Ол ата-анасы, аға-бауырларымен бірге Эстониядан АҚШ-қа 1940 жылы келген. Эстонияны олар Совет оккупациясы басталардан бірер апта бұрын ғана тастап шыққан екен.
- Біздің Таллиннге бара жатқан поезға мініп кете алғанымыз, сосын Германияға бет алған әскери кемеге отырып кеткеніміз өте бір таңғажайып жағдай болды.
Президент Буш сөйлерден бұрын Коммунизм құрбандарына ескерткіш орнату туралы идеяның авторы Ли Едуардс осы күні президент Роналд Рейганның Совет мемлекетінің басшысы Михаил Горбачевқа Берлин қабырғасын құлату туралы айқанына тұп-тура 20 жыл толды деп атап көрсетті.
- Жиырма жыл бұрын Брандендбург қақпасының алдында тұрып, Рейган: «Горбачев мырза, мына қабырғаны құлатыңыз» деп айтқан еді. Оған кейбіреулер күле қараған-ды, бірақ содан екі жыл өткен соң Берлин қабырғасы құлады, одан соң көп өтпей-ақ Совет империясы да жоқ болды.
АҚШ президенті өз сөзінде коммунизм жазықсыздан қырылған 100 миллион адамның өлімі үшін жауапты дей келе, бұл мемориал солардың рухына бағышталып, еске түсіруге арналады деді.
- Коммунизм құрбандарының нақты санын белгілеп айту мүмкін емес. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, коммунизм Қытайда, Совет одағында ондаған миллион адамның өмірін жалмаса, Солтүстік Корея, Камбоджа, Африка, Ауғанстан, Вьетнам, Шығыс Европада және басқа да жерлерде миллиондаған адам құрбан болды.
АҚШ президенті коммунизм зардабын шегіп, оның құрбандарына айналған мыңдаған адамдардың аттарын көпшілік ешқашан да біле алмайды деп атап көрсетті.
Ескерткіш екі қолымен жанып тұрған шырақты қысып ұстап алған тұтас тұлғасы бронзадан құйылған әйел құдайдың мүсіні. Бұл 1989 жылы Бейжіндегі Тянанмың алаңында студенттер шеруі барысында студенттердің қолымен орнатылған 10 метрлік биік ескерткіштің көшірмесі деуге болады. Ол мемориалды студенттер асығыс түрде жасап, бірақ үкіметтік әскерлердің оны бұзып, қиратуы қиын болуы үшін мейлінше үлкен етіп қойылған болатын.
Буш ескерткіш пен ол орналасқан шағын парк тірілер үшін қажет, ол қатаң жүйеден зардап шегіп, қиындық көргендерді ұмытпай еске алып тұратын орын болады дейді.
- Біз зардап шеккендердің, құрбан болғандардың барлығының есімдерін ешқашан да біле алмаймыз, бірақ осы бір қасиетті орында оларды еске алып рухына тағзым етуге болады. Біздің бұл мемориалды ашқан себебіміз өлілердің алдындағы міндетіміз - тірілердің оларды ұмытпай есте сақтауы, - деді ол.
Осылай дей келе, президент Буш ескілікті коммунизм қауіп-қатерін, жаңа қауіп қатер - терроризммен салыстырып, байланыстыра сөйледі. Президент Буш бұл ескерткіш арқылы егер қоғам тоталитаризмге жол беріп, демократиядан бас тартса, осындай құрбандықтың орын алуына жол беріледі дегенді ескерту болып табылады деп атап көрсетті.
Қырғи-қабақ соғыс сабақтары әлі де маңызды екенін атап сөйлеген Буш былай деді:
- Коммунистер сияқты ұлтымызға шабуыл жасаған террористер мен радикалдар адам өлтіру, азаптау идеологиясын ұстанып, бостандықты жек көретіндер, басқаша көзқарастағыларды құртатындар, тоталитарлық мақсатты көздейтіндер. Коммунистер сияқты біздің жаңа жауларымыз радикалды көзқарасқа қызмет ету үшін жазықсыз жанды өлтіруге болады деп ойлайды. Коммунистер сияқты радикалды ислам бағытын ұстанушылар да жеңіліске ұшырайтын болады, - деп атап көрсетті Буш.
Вашингтондағы коммунизм құрбандарына қойылған ескерткіш жекелеген адамдар мен компания, кейбір үкіметтердің бөлген қаржысына тұрғызылды.