Бейсенбі күні жарық көрген басылымдардың бірінде бұрынғы елші Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіне орай Австрия билігінің Қазақстан елшілігіне жолдаған нотасы жарық көріпті. Сонымен қатар, газеттер «Нұрбанктің» бұрынғы басшыларының жоғалуына қатысы бар деген күдіктілер саны артып отырғандығына мән берсе, тағы бір басылым ҚР Парламент мәжілісі депутаты Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрали Әлиев «Нұрбанктің» ірі акционерлеріне айналғандығына тоқталып өтіпті.
«Время» газетінің бүгінгі санында бұрынғы елші Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіне қатысты Австрия сыртқы істер министрлігінің Венадағы Қазақстан елшілігіне жолдаған нотасының мәтінін жариялап отыр. Онда Қазақстан азаматтары: Рахат Әлиев, Виктор Сапожников, Вадим Кошляк, Сергей Кошлай және Айдархан Бектібаев экстрадициялау мәселесі аясында Вена қаласында жер сотында қамауда болғаны айтылған. «Аталған кісілерге қатысты оларды Қазақстанға экстрадициялау процесі жүріп жатыр. Ол азаматтардың ешқайсысы да қамауда отырған кезде Қазақстан елшілігінің өкілдерімен кездесуге құлық танытқан жоқ» делінген құжатта. Сонымен қатар, жоғарыда аталған азаматтардан басқа Құрман Әкімқұлов пен Олег Бекбатыровтың қайда жүргені белгісіз екендігі айтылған. «Ал ұсталған азаматтардың барлығы өз төлқұжаттарын сотқа өткізіп қойды. Экстрадиция процесінің қанша уақытқа созылатындығы әзірге белгісіз» делінген «Время» газетінде басылған құжатта.
«Литер» газеті болса «Нұрбанк» ісіне қатысты күдіктілер саны артып отырғандығына мән беріпті. «Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдарында отставкадағы генерал-майор Сергей Кузьменконың ұсталғандығы туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл мәліметті ресми органдар растамай отыр. Бірақ біздің дерек көздеріміз Сергей Кузьменконың шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу абақтысында отырғандығын айтты» делінген мақалада. «Аталған азаматтың үйінен заңсыз қару табылған. Бұған дейін ол Нұрбанктің қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Сергей Кузьменконың бұрынғы елші Рахат Әлиевпен достық қатынаста болғаны белгілі» деп жазды «Литер». Сонымен қатар, мақала авторы «Нұрбанкке» қатысты істе Қазақстан футбол федерациясының бас директоры қызметін атқарушы Құрман Әкімқұловтың да ұсталғандығына мән беріп отыр. «Оны шұғыл тергеу қызметкерлері Нұрбанк ісіне қатысты күдіктілердің қатарына жатқызды» деп жазды «Литер газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Время» басылымы былай деп жазды: «Құрман Әкімқұлов «Нұрбанктің» бұрынғы басшылары Темірәлиев пен Хасеновтың жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен тергеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, ресми емес ақпарат көздері арқылы бізге Асқан Бекмұратов есімді тағы бір азаматтың осы іске қатысы бары анықталып отыр». «Время» газетінің ақпаратына қарағанда, бұл кісі Темірәлиевті азаптаған адамдардың қатарына жатқызылған. «Біздің ақпарат көздеріміздің айтуларына қарағанда, тергеу орындары Асқан Бекмұратов пен Құрман Әкімқұловты қылмысты жүзеге асырғандар қатарында қарастырып жатыр» деп жазды «Время» газеті.
Президент Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиевтің сотқа келуге уақыты жоқ екендігі туралы мақала «Жас Алаш» газетінде жарық көріпті. «Нұрбанктің» бұрынғы басшыларына қатысты сот процесіне Нұрали Әлиевті бұған дейін екі мәрте шақырды. Екеуіне де келген жоқ» делінген мақалада. «Нұрбанктің» қорғаушысы Л.Балмағамбетованың айтуынша, Әлиевтің қазір уақыты жоқ. Банктің бар ісіне басшылық жасап жатыр. Ал банкке төрағалық жасап келген Г. Жұмаділлаеваны оның қорғаушысының өзі таппай жүр. Алдағы сейсенбідегі сот отырысына Жұмаділлаеваны күштеп алып келуге судья шешім шығарды. Кейбір деректерге қарағанда, 4 ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Ж.Темірәлиевті соңғы рет осы Г.Жұмаділлаева көрген» деп жазды «Жас Алаш» газеті.
Бұл уақытта мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрали Әлиевке «Нұрбанк» компаниясының ірі акционері болуға рұқсат берілгені туралы «Время» газетінде баяндалыпты. «Қаржыны бақылау агенттігінің төрағасы Арман Дунаев бұл ақпаратты растап отыр. Бұл дегеніңіз, Дариға мен Нұрали банк акциясының 10 пайызы немесе одан көп мөлшердегі акциясына ие бола алады. Тиісті рұқсат берілді. Енді олар банктің ірі акционерлеріне айналды» деп жазды «Время». Сонымен қатар, мақала авторы Рахат Әлиевтің акциялары Дариға мен Нұралидің атынан жазылған жоқ па деген сұраққа жауап іздеген. «Арман Дунаевтың айтуынша, Рахат Әлиев ешқашан банктің ірі акционері болмаған. Тек оған ірі акционер мәртебесі уақытша берілген болатын» деп жазды «Время» газеті.