Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар Қазақстанда парламент мәжілісінің таратылғандығына айрықша мән беріпті: бірқатар басылымдар үшінші шақырылымдағы мәжілістің тарауын жөн көрсе, тағы бір газеттер өз еркімен тарауға барған депутаттар дәрменсіздік танытқандығына тоқталып отыр.
Қазақстан парламенті тарағандығы туралы «Айқын» газеті былай деп жазыпты: «Маусымның 20-күні тарихта тұңғыш рет халық қалаулылары өз беттерімен ел сеніп тапсырған міндеттерінен мерзімінен бұрын бас тартып, мандаттарын кері қайтарып отыр. Осылайша үшінші сайланымдағы депутаттар өз өкілеттіліктерін тоқтатып, жаңа құзыреттердің «сегіз өрім қамшысын» қолдарында салмақтап көретін «төртінші толқынға» жол ашып отыр». Сонымен қатар, мақала авторы парламентті тарату туралы жарлыққа қол қоймас бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс депутаттарынан бұл соңғы шешімдеріңіз бе деп сұрағандығын атап көрсеткен. «Бір сәттік үнсіздіктен кейін: «Біз айтқаннан қайтпаймыз!» деп жауап қатты «Нұр Отанның» парламенттік фракциясының жетекшісі Әмзебек Жолшыбеков. «Ендеше, сіздер бәрін өздеріңіз шештіңіздер... Маған тек соны бекіту ғана қалды» деді мемлекет басшысы. Кешегі оқиғаның бір қарағанда, ұсақ көрінетін осы бір эпизоды шын мәнінде, көп жайттан хабар береді. Бұл кейбіреулер айтып жүргендей, ел басшылығының заң шығарушы билікті өз қолдарымен құртқызып, оның тағдырын аяқ астынан саясат қажетіне қиюластырып жібермегендігін дәлелдейді» деп жазды «Айқын» газеті.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса мәжіліс сайлауы осы жылғы тамыздың 18-іне белгіленгендігіне мән беріп отыр. «Үшінші құрамдағы мәжілістің жұмысы 2009 жылы аяқталуы тиіс еді. Бірақ депутаттар басқаша шешті» делінген мақалада. «Қос палатаның бірлескен отырысында Н.Назарбаев сайлау ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды. Ол бойынша партиялық тізім бойынша сайлау тамыздың 18-күні, ал халықтар ассамблеясы атынан сайлау тамыздың 20-ына белгіленді. Мәжіліс депутатына үміткерлерді ұсыну осы жылғы маусымның 22-күні басталып, бұл шілденің 11-іне дейін созылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындықты ұйымдастыруды, ал үкімет пен жергілікті билікке материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жағын тапсырды» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
«Жас Алаш» газеті болса үшінші шақырылымдағы парламенттің тарағандығын мақұл көріп отыр. «Қуғынмен келген, сүргінмен кетеді» деген рас екен. Табалағанымыз емес, бірақ осы үшінші шақырылымдағы депутаттардың қалай келгенін біз жақсы білеміз» делінген мақалада. «Біреуді қаралап, енді біреуді даттап, енді біреудің дауысын ұрлап, шу-шырқынмен өткен 2004-тегі сайлау есімізден әлі шыға қойған жоқ. Дәрмені де, пәрмені де жоқ парламенттің тарағанынан мемлекет те, халық та тек ұтады. Ұтылмайды. Керісінше, бұлардың кеткені дұрыс болған сияқты» деп жазды «Жас Алаш» газеті.
Мәжілістің өзін-өзі таратуы қажеттіліктен туды ма, әлде тәуелді психологияның әсерінен болды ма деген сұраққа «Айқын» газеті жауап іздепті. «Мәжіліс депутаты Амалбек Тшанның айтуынша, Парламент өз сайлаушыларының пікіріне құлақ аспай-ақ өзін-өзі таратып жіберуге асықты. Біздің халықтың көзқарасынан гөрі жоғары жаққа тәуелділігіміз тағы да көрінді дейді ол. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, биліктің көздеген белгілі бір жоспарлары болған шығар, Мәжілістің орта жолдан өзін-өзі тарату еркі оның билік институты екендігіне қарамастан, ықтиярсыздығын байқатады. Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов болса әр уақыт талабына сай реформа жүзеге асырылып отыратындығын басқа айтқан. Сондықтан конституциялық реформалардың жүгін арқалау үшін Мәжілістің келесі шақырылымының қажеттігі туындады» депті Тито Сыздықов «Айқын» тілшісінің сауалына.
Қазіргі Қазақстанның жағдайында полиолигархиялық қоғамнан демократияға өту үшін біршама ұзақ мерзім қажет екендігі туралы саясаттанушы Әзімбай Ғалидің мақаласы «Жас Алаш» газетінде жарық көріпті. «Полиолигархиялық қоғамда ірілі-ұсақты дағдарыстар ұдайы қайталанып отыратындығы – заңдылық. Бірінші қауіп, олигархтар немесе олигархтардың бір тобы мемлекетке шабуыл жасайды» делінген мақалада. Автор екінші қауіп ретінде олигархиялық топтардың өзара күресін атап көрсеткен. «Бірінші жағдайда, яғни мемлекетке шабуыл жасаған олигархтар шетелге қашып барып, күресін сол жақтан бастайды. Бізде Әкежан Қажыгелдин сырттан күрес жүргізіп жатыр. Австриядағы Рахат Әлиев – осы топтың классикалық үлгісі. Ал Ержан Досмұхамедовты бұл топқа жатқызуға болмайтын сияқты. Себебі, ол – олигарх емес, саяси күрескер. Командадан шығып қалған қайраткер» деп жазды саясаттанушы Әзімбай Ғали «Жас Алаш» газетіндегі мақаласында.