Баспасөз бостандығын қорғайтын америкалық «Фридом Хауз» ұйымы ТМД елдерінде цензураның жаңа түрі, интернет цензурасы пайда болды деген баяндамасын жариялады. Ал интернет-цензурасына қарсы амал бар ма, тұмшаланып қалған веб-сайттарға басқа жолдар арқылы кіріп, оқуға бола ма? Мамандар «жабылды» деген веб-сайтты оқу оңай нәрсе, «жабылды» деген веб-сайттарды интернет туралы қарапайым түсінігі жоқ оқырмандар ғана аша алмайды дейді. Сонымен, «жабылды» деген веб-сайттарға қалай кілт табуға болады?
Интернет деген шексіз әлемде әр мемлекеттің виртуалды шекарасы орнатылғаны аян. Мәселен, Қазақстан мемлекетінің өз интернет сервері бар. Кейбір интернет-серверлер мемлекеттік шекараны мойындамайды. Қалай болғанымен, интернет-компания, яки интернет аймағының провайдері қандай да бір веб-сайтты тұмшаласа, ол веб-сайтты басқа жолдармен көруге болады. «Азаттық» радиосы интернет цензурасын айналып өту мәселесі жайында «Би-Ти Каунтерпейн» компаниясының бас техникалық қызметкері Брюс Шейерден сұхбат алды. Бұл компания компьютер саласының қауіпсіздігімен айналысады. Брюс Шейер нақты веб-сайттарды жабу да оңай, оларды көру жолын табу да оңай дейді.
- Тұмшаланған веб-сайтты табуға бірнеше мүмкіншілік бар, бұлар прокси-сервер және анонимайзер деп аталады. Оларды Google деген баршаға мәлім іздестіру веб-сайты арқылы табуға болады. Google веб-сайтында «web anonymizer tools» не болмаса «web proxies» деп жазсаңыз қажет веб-сайтты табатын бірнеше жолды табасыз, бірнеше интернет құралын табасыз, - дейді Брюс Шейер.
Осылайша Google веб-сайты тұмшаланған веб-сайтты іздестіретін талай адресті көрсетеді. Олардың ішінде орыс тілді іздестіру сайттары да бар. Іздестіру-сайттары өз алдына компьютерлік бағдарламаға ұқсайды, олардың кейбіреуі жиі жаңартылып тұрады. Олардың кейбіреуімен жұмыс істеу оңай, кейбіреуімен жұмыс істеу қиындау, бұл олардың конфигурациясына тәуелді.
Тыйым салынған веб-сайтты «миррор сайт» деген жолмен де табуға болады. «Миррор» деген сөз айна деген мағынаны білдіреді. Жабыламыз-ау деп қорыққан веб-сайттардың редакциялары көшірмелерін дайындап қояды, көшірме веб-сайттарда бастапқы веб-сайттың ақпараты айнадағыдай көрініп тұрады. Яки, бастапқы сайт тұмшаланып қалғанда, пайдаланушылар дәл сол адреспен көшірме сайтқа түседі. Кейде көшірме веб-сайттың адресі басқа болуы мүмкін, ол адрес қажет уақытқа дейін құпия ұсталынады. Көшірме веб-сайттар басқа мемлекеттің серверіне қойылады. Мәселен, «Амнести интернешнл» халықаралық ұйымының веб-сайтына Беларуста шектеу қойылса, осы ұйым көшірме сайтын, мәселен, көршілес Украина серверінде ашса, Беларус оқырмандары осы веб-сайтты Украина серверінен оқи бере алады.
- Іс жүзінде мұндай тәсіл жиі пайдаланылады. Әсіресе, ұйымыңыз саясатпен айналысатын болса, әсіресе ақпарат таратқыңыз келсе. Интернет адресіңізге қандай да себептен болсын тосқауыл қойылса, көшірме сайтыңызды басқа жерге шығарып, тосқауылды оңай айланып өте аласыз, - дейді Брюс Шейер.
Интернет өз алдына жеке планетаға айналды. Интернет әлемі, интернет қауымдастығы, интернет мәдениеті қалыптасып жатыр. Мамандар кеңес беріп отырған «анонимайзер» және «прокси-сервер» деген тәсілдерді пайдалануға қиналсаңыз, интернет қауымдастығынан ақыл сұрасаңыз болады. Интернеттің чат-сайттарында, яки сұхбаттасу сайттарында көптеген мәселе бойынша кеңес ала аласыз. Тапқан, білген нәрсеңізді өзге оқырмандарға, өзге пайдаланушыларға айтып берсеңіз болады.