БҰҰ-ның жаңа зерттеулері Сахара шөлінің маңындағы Африка мен Орталық Азияның он миллиондаған халқы шөл даладан безіп өз үйлерін тастап кетуі мүмкін деп ескертеді. Ұйымның бұл баяндамасында климаттың өзгеруі құрғақшылық тудырып қазіргі қоршаған ортада үлкен проблема жасап отырғанын алға тартады.
Бұл баяндамада егер шөлдің алдын алмаса, алдағы 10 жылдың ішінде сол аймақтардағы 50 миллиондай адамның басқа жаққа қоныс аудару қажеттігі туып тұрғанын айтады. БҰҰ-ның Токиода орналасқан зерттеу құрылымының 46 беттен тұратын зерттеуі бүгін шығып отыр, және оған 25 елдің 200 сарапшысы қатысып, жұмыс істеген.
Аталмыш зерттеулердің жетекші авторларының бірі, БҰҰ-ның Халықаралық Су Жүйесі,Қоршаған орта және Денсаулық Университетінің басшысы Зафаар Адилдің айтуынша, бұл өзгеріс әлеуметтік дүрбелеңге әкеледі. Демек, шөл далаға айналған аймақтардан жаппай көшу сол зобалаңның бір көрінісі болмақ.
Ол аймақтарға тоқталар болсақ, Орталық Азия елдері бірінші кезекте айтылған. Мұнда құрғақшылықтың жайылуына бұрынғы совет кезеңдегі суландыру жүйесі негіз болғаны сөз болады. Сонымен қатар, зерттеулер әлемнің әртүрлі аймағындағы құрғақшылық процесін тежеуге көмектесетін бірқатар мүмкіндіктерді алға тартады.
Онда олар құрғақ жерлерде егін егіп, орман шаруашылығын құруды, қазба отындарының орнына күн көзін айтарлықтай көбірек пайдалануды ұсынылған. Бұл проблеманы шешудің тағы бір жолы эко-туризм мәселесі болып отыр. Бұл жағдай шөл аймақтардағы адамдарға жұмыс тауып беріп, олардың тұрақтап қалуына жол ашады. Тіпті, Израйл, Пәкістан және Мысыр елдеріндегідей, балық фермасын құру қажеттігі де қарастырылған.
Бұл арада Британиядағы "Christian Aid" қайырымдылық қорының таяудағы зерттеулері табиғи апат салдарынан қазірде 155 млн адам орын алмастырғанын айтып отыр. Ол зерттеулердің авторы Джон Дэвисонның Нью-Йорк Таймсқа айтқанындай, ауа райының осындай құрғап, өзгеруінен 2050 жылы миллиардтаған адам өз үйлерін тастап кетуі мүмкін екен.