Жұма күні жарық көрген басылымдар алдағы Мәжіліс сайлауында кім қанша дауыс жинауы мүмкін деген болжамдарын келтіре бастады. Сонымен қатар, газеттер Астанадағы 15 үкіметтік емес ұйым наразылық шеруіне шыққалы жатқандығы туралы жазса, тағы бір басылым Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығына тоқталып өтіпті.
Осы жылғы тамыздың 18-не белгіленген ПарламентМәжілісі сайлауында қай партия озатындығы жөнінде басылымыдар өз болжамдарын жариялай бастады. Мәселен, «Литер» газеті мынадай болжам келтіріп отыр: «Алдағы сайлауларда «Нұр Отан» партиясының жеңіске жететіндігіне ешкім күмән келтірмейді. Сайлаудан жеті апта бұрын сарапшылар биліктің партиясы 60 пайыздан жоғары дауыс жинайды деген болжам жасап отыр. Ал қалған сегіз саяси ұйым «Нұр Отаннан» қалған дауыстарды өзара бөліске салуы мүмкін. Сарапшылар екінші орын үшін коммунистер мен ақжолдықтар таласады деген болжам келтіреді». Сонымен қатар, «Литер» газеті сарапшылар болжап қана айтатындығын еске салып отыр. «Нұр Отандықтардың» өздері 70-80 пайыз дауыс жинауды жоспарлап отыр. Сарапшылардың пікірінше, жеті пайыздық өткелден «Ақ жол» партиясы да өтуі мүмкін. Тағы төрт партия, атап айтқанда: Ауыл, Халықтық коммунистік партиясы, Коммунистік партия және социал-демократтар да жеті пайыз жинауға таласып көрмек. Қалай дегенмен, сайлауға әлі жеті апта бар, бұл уақыттың ішінде партиялардың беделі едәуір өзгеріске ұшырап қалуы мүмкін» деп жазды «Литер» газеті.
«Новое поколение» газеті болса «Нұр Отан» партиясына қатысты болжам жасауды қажет деп таппапты. «Алдағы сайлауға қатысуға ниет білдірген төрт партияның ішінде социал-демократтар табиғи ресурстарды сатудан түскен қаржының әділетті бөлінуін ұран қылып көтеріп отыр. Сонымен қатар, олардың жалақы деңгейін көтеру туралы уәделері де сайлаушылардың назарын аударуы мүмкін» делінген мақалада. «Ақ жол» партиясының сайлау алды бағдарламасы әлі дайын болмаса керек. Қалай дегенмен, олардың ұраны «нұротандықтардың» бастамаларымен ұқсас болатын шығар» деп болжайды «Новое поколение». «Айта кетерлік бір жайт, қазірдің өзінде көпшілік жұрт парламенттен оппозицияға қанша орын бөлінуі мүмкін екендігі туралы болжамдар келтіріп жатыр. Мәселен, социал-демократтарға 3-5 орын, коммунистерге екі орын, ал билікке адал «Ақ жол» партиясына 5-10 орын бөлінуі мүмкін деген болжам бар» деп жазды «Новое поколение» газеті.
Астана тұрғындары қаладағы саябақты сақтап қалу мақсатында ереуілге шығуды жоспарлап жатқандығы туралы мақала «Республика» газетінде жарық көріпті. «Тұрғындардың қаладағы кіші-гірім саябақтың орнына автотұрақ салуды көздеген құрылысшылармен күресіп жүргеніне бір айдан астам уақыт болды» делінген мақалада. «Мемлекеттік экология инспекторы Марат Жаманбаевтың қолы қойылған акт бойынша, құрылыс компаниясы жаңағы саябаққа орнатылған қоршауды алып тастауы тиіс. Алайда «Паркинг-ГХК» компаниясы іске кірісер емес. «Астана – жасыл қала» үкіметтік емес ұйымдар коалициясының басшысы Александр Чаустың айтуынша, қалалық билікке талапты орындату үшін наразылық митингісіне шығу жоспарланған. Аталған коалицияға 15 үкіметтік емес ұйымдар біріккен. Наразылық акциясы осы жылғы шілденің 1-не жоспарланып отыр» деп жазды «Республика» газеті.
Атыраудағы көліктік экспедиторлық қызмет көрсетуші «НЭК» компаниясының жұмысшылары ереуілге шыққандығы туралы мақала «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Олар жергілікті атқарушы биліктен облыстың қаржы полициясы тұтқындап тастаған компания есеп-шотын ашуды және төрт айдан бері ала алмай жүрген жалақыларын беруді талап етті» делінген мақалада. «Аталған компанияда бірнеше ай тергеу жұмыстарын жүргізген облыстық қаржы полициясының тергеу басқармасының қызметкерлері жеке шағын серіктестік қызметінен айтарлықтай шикіліктер тауыпты. Олар салық төлеуден жалтарып, мемлекетке 1 миллиард жарымнан аса қаражат төлемей келген. Тексеруден кейін «НЭК» компаниясың үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс көтерілген. Бірақ, қалай қылмыстық іс қозғала бастады, солайша серіктестіктің басшысы мен бас есепшісі Ресей асып кете барған. Бірақ салық төлеуден жалтарған серіктестік басшысы мен бас есепшісі түптің-түбінде есеп-шоттарындағы миллиардтарды алу үшін Атырауға қайта оралары сөзсіз. Олар қазіргі күнге дейін іздестірілуде» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса Астанадағы АҚШ елшілігінің қызметкері даяшы қызды кепілде ұстағандығы туралы жазып отыр. «Осыдан бір ай бұрін елшіліктің қауіпсіздік қызметшісі Астанадағы мейрамханалардың бірінде масаң күйде шу көтеріп, даяшы қызға пышақ кезеу арқылы көпшілікті қорқытқан. Артынша-ақ оқиға орнына жеткен полицейлер бұзақыны ұстап, ертесіне қолхат арқылы босатқан. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.