Сейсенбі күні жарық көрген басылымдар Шымкенттегі жүздеген дәрігердің түрмеге жабылған әріптестерін босатуын талап етіп жатқандығы туралы баяндапты. Сонымен қатар, газеттердің бірі Қарабатан қыстағында итальяндық компанияда істейтін жұмысшылар наразылық шеруіне шыққандығына мән берсе, тағы бір басылым Алматы әкімшілігі қала шетіндегі құрылыс барысын толығымен бақылауға алмақ екендігіне тоқталып өтіпті.
Шымкенттегі жүздеген дәрігер 16 қызметтесінің ВИЧ инфекциясының жаппай таралу оқиғасына қатысты өткен соттың шешіміне сәйкес түрмеге түскендігіне наразы екендігі туралы мақала «Время» газетінде баяндалыпты. «Сот үкім шығарған күні Әл-Фараби аудандық соттың алдына елу шақты дәрігер өз наразылықтарын білдіріп кеткен еді. Содан үш күн өткен соң жүздеген дәрігерлер шұғыл түрде кәсіподақ конференциясын өткізді» делінген мақалада. «Осындай жиын өткізу бастамасын бірқатар белсенді дәрігерлер мен Оңтүстік Қазақстан тәуелсіз кәсіподағының белсенділері көтерген. Төрт сағатқа созылған жиналыста жұртшылық өз ойларын ашық айтудан қымсынған жоқ» деп жазды «Время» газеті. Сонымен қатар, мақала авторы бұл жиынға дәрігерлермен бірге қала тұрғындары да қатысқандығын атап көрсеткен. «Бұл уақытта қамауға алынған дәрігерлердің жағдайына олардың туған-туыстары алаңдаушылық танытып отыр. Олардың барлығы да психологиялық күйзеліске түскен» деп жазды «Время» газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Комсомольская правда: Казахстан» газеті былай деп жазды: «Шымкент қаласында өздерінің қызметтестерінің қамалғандығына наразы 15 дәрігер өз беттерімен жұмыстан кетті. Өткен сенбі күні бес жүзге тарта дәрігер бас қосып, абақтыдағы дәрігерлерді қорғауды көздейтін үндеу қабылдады». Сонымен қатар, мақала авторы бұл үндеу Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11 мың дәрігердің атынан жазылғандығын атап көрсеткен. «Үндеу мемлекет басшысына, парламентке, Қазақстан мен ТМД аумағындағы ауруханаларға жолданған. Сондай-ақ, қамалған дәрігерлерді қолдау үшін қор құрылды. Бала реаниматологы Нұрсұлу Сапарбекованың айтуынша, дәрігерлердің талаптары орындалмаған жағдайда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11 мың дәрігер жұмыстарын тастап кетпекші. Бұған дейін де аймақта дәрігерлер жетіспейтін, 15 дәрігердің қазірдің өзінде жұмысынан кетуінің өзі аурухананың жұмысын ойсыратып тастады» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта Қарабатан қыстағының тұрғындары тағы да наразылыққа шыққандығы «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Атырау облысындағы Мақат ауданына қарасты Қарабатанда тағы да жұмысшылардың наразылық шеруі болды. Бұл жолы да ереуілге мұрындық болған шетелдік қожайындар» делінген мақалада. «Кезекті наразылықты туғызған мұнай тазалау зауытының құрылысын салушы италиялық NCC компаниясына кіретін «Бонатти» фирмасы. Қарабатандықтарды қаратабан жұмыс күшіне айналдырғысы келген құрылыс фирмасының қожайындары уәде етілген қосымша 27 мың теңгені қазақстандық жұмысшыларға төлеуден бас тартқан. Оған қоса мамыр айындағы тиесілі жалақыларын кесіп тастапты. Мұнай тазалау зауытының құрылысына тапсырыс берген «Agіp KCO» консорциумы, «Бонатти» фирмасында істейтін жұмысшыларға берілетін қосымша ақшаны ай сайын бөліп отырған екен. Жоғарыдан жіберілген ақшаны ортадағы делдал италияндықтар «сындырып», өз қалталарына басқан сыңайлы. Шетелдік фирманың қожайындарына наразылықтарын білдіру үшін екі жүзден астам қарабатандық жұмысшылар теміржол вокзалының жанына жиналып, ереуіл жасады. Өз қателіктерін мойындаған шетелдік фирманың қожайындары бұл мәселені бір аптаның ішінде ретке келтіретін болды» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Алматы қаласының әкімшілігі болса қала төңірегіндегі құрылыс біткеннің бәрін бақылауға алғысы келетіндігі туралы мақала «Литер» газетінде жарық көріпті. «Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов маусымның 29-күні жер учаскелерін пайдаланудағы бірқатар мәселелер туралы қаулыға қол қойды. Осылайша әкімшілік қала төңірегіндегі құрылыс барысын толығымен бақылауға алмақ» делінген мақалада. «Әкім Тасмағамбетовтың айтуынша, Алматы төңірегін реттейтін уақыт жетті. Құрылыс жұмыстарын бас жоспарға сәйкес жүргізгенде ғана әлеуметтік толқулардан арыламыз дейді ол. Егер осы жұмыстарды осыдан бастап қолға алмасақ, ертеңгі күні одан да зор қиыншылыққа тап боламыз» депті әкім Тасмағамбетов «Литер» газетіне берген сұхбатында.
«Экспресс К» газеті болса бұрынғы елші Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір азаматқа іздеу жарияланғандығын баяндап өтіпті. «Рахат Әлиевтің 25-жастағы көмекшісі Төлеген Имашевқа халықаралық іздеу жарияланды, ал Интерпол болса оны қызыл тізімге алды» делінген мақалада. «Қазақстандық полиция аталған азаматтың адам ұрлау ісіне қатысы бар екендігін анықтаған. Қазір ол Қазақстанда жоқ. Оны бүкіл дүние жүзі бойынша іздестіріп жатыр» деп жазды «Экспресс К» газеті.