Ауғаныстандағы ресмилер Орталық және Оңтүстік Азиядағы радикалды исламшыл топтардың әрекеті туралы ескерту мәлімдеме жасап, өздерінің Өзбекстанның Ислам Қозғалысымен байланысты жеті азаматты ұстағанын хабарлады. Көрші Тәжікстанда маусым айының соңында билік Өзбекстанның Ислам Қозғалысының мүшесі деп күдіктелген 10 адамды қамауға алса, дәл осындай күдікпен ұсталған тағы 14 адамның үстінен сот жалғасып жатыр. Бұл шаралар жақында Тәжікстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласы ресмилерінің Орта Азияда экстремистік және террористік топтардың қаупі күшейіп барады дегенін нақтылап отыр. Бірақ, Орта Азия жетекшілері экстремистік топтардың қауіптілігін алға тартып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының алдағы саммиті алдында өз елдерінің терроризмге қарсы күреске қолдауын жарнамалап көрсетуі мүмкін бе?
Ауғаныстанның Ұлттық Қауіпсіздік Басқармасының хабарына қарағанда, Ауған ресмилері елдің солтүстігіндегі екі провинциядан Өзбекстанның Ислам Қозғалысымен байланысты жеті ер адамды қамауға алған.
Ал, оған көрші Тәжікстанда сот бұл қозғалыстың мүшесі деп күдіктелген 14 адамды жауапқа алып жатыр. Өзбекстанның Ислам Қозғалысының мүшесі делінген тағы 10 адам елдің солтүстігіндегі Соғд аймағынан ұсталған.
Жалпы, Құрама Штаттармен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер Өзбекстанның Ислам Қозғалысын террористік ұйым деп таниды. Осыған дейін, олар бұл ұйым мен әл Қаида тобының арасында жаттығудан өткізу және аға жетекшілік байланыс бар екенін айтқан. Жақында Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының басқосуында, Тәжік қорғаныс министрі Шерали Хайруллоев Ауғаныстандағы апиын көкнәры жиналып жатқан тұста Орталық және оңтүстік Азияда исламшыл жауынгерлік топтың белсенділігі артып кетуі мүмкін деп ескерткен:
“Әл Қаида, Талибан және Өзбекстанның Ислам Қозғалысының әрекеттері шілде айынан бастап белсенді бола бастайды. Олардың Ферғана даласына ықпалы алаңдатарлықтай бола ма жоқ па дегенде, біз көбірек Өзбекстанның Ислам Қозғалысы туралы алаңдаулымыз. Өздеріңіз білетіндей, оларды кейбір шетелдік үкіметтер қаржыландырып отыр, сөйтіп олар өздерінің жағдайын нақтылап алды. Егер ол жерде ешқандай әрекет болмаса, онда қаржыландыру да болмайды.”
Өзінің ортаазиялық әріптестеріне айтқанында Хайруллоев, Тәжікстан мен Өзбекстан Өзбекстанның Ислам Қозғалысының мүшелерін ұстау үшін өз шекараларын қатайтуды қарастырып жатыр.
Ресми ескертулер мен ислам қозғалысының қолдаушылары деп күдіктеліп қамауға алу әрі соттарға қарамастан, кейбір бақылаушылар ол жерде әсіре діншіл жауынгерлік топтың белсенділігі артқанын көрсететіндей дәлел жоқ екенін айтады.
Сыншылар, Орталық Азия үкіметтерін өз еліндегі келіспеушілік баскөтерулерді басып тастап, өз әрекеттерін қауіптің алдын алып жатырмыз дегенмен ақтап, өздерін халықаралық терроризммен күреске айтарлықтай күш салып жатқандай көрсетіп отыр деп айыптайды.
Халықаралық Дағдарыс Тобының Орта Азиялық жобасының басшысы Майкл Холлдың айтуынша, тамыз айында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының үлкен жиыны алдында, бұл аймақтағы билік өкілдері Өзбекстанның Ислам Қозғалысының қаупі туралы көбірек мәлімдеме жасап отыр. Демек, Холлдың пікірінше, орта азиялық ресми өкілдер Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мүшелері Ресей мен Қытайға өздерінің үлкен қолдауға алуға тұратындай терроризмге қарсы тиімді одақтас екенін көрсеткісі келеді.
Майкл Холлдың сөзіне қарағанда, Орта Азияда қауіптің түрлі деңгейі туралы айтылып жатқанымен, негізінде Өзбекстанның Ислам Қозғалысы Құрама Штаттар 2001 жылы террорға қарсы күрес жариялаған кезге қарағанда әлсіреген:
“Бұл күнде Орталық Азияда Өзбекстанның Ислам Қозғалысының қалдықтары болуы мүмкін. Бірақ, олардың қандай дәрежеде Пәкістанда орналасқан Өзбекстан Ислам Қозғалысымен байланысы бар, олардың тағы бір ұйыммен байланысы қандай, олардың қандайда бір террорлық әрекеттерді жүзеге асыратындай мүмкіндігі бар. Менің пікірімше, бұл тұрғыда мұндай мәлімдеме жасау өте қиын. Көп жағдайда топтардан төніп тұрған қауіп туралы белгілі бір дәрежеде әсірелеп айтылады”, - дейді Майкл Холл.
Сол сияқты, Британияда орналасқан “Жейн” ақпараттық тобының Еуразия бойынша редакторы Мэтью Клементстың айтуынша, Орталық Азияда радикализмнің қандайда бір қаупі болса, ол биліктің діни топтар мен саяси еркіндікке қысым жасауы негізінде болып отыр.
“Менің пікірімше, бұл жағдайдағы қауіптің белгілері көбірек радикалданудан болады. Және ол көбінде адамдардың экономикалық-әлеуметтік жағдайын екінші орынға қоятын үкіметтің әрекетіне байланысты. Олар өздерінің саясаттан тыс қалғандай сезінеді. Сонымен қатар, үкімет халықты күшпен басып тастайды. Бұл басып тастаулар радикализм сезімін тудырады”.