Алайда сарапшылар Техранда орын тепкен жаңа халықаралық арнаның әлемдік CNN, BBC, Әл-Жазира ұйымдарымен иық тірестіріп, тең түсе алатындығына күмән келтіреді. Өйткені Иранда баспасөз еркіндігінің жоқтығы және басқа да мәселелердің орын алуы бұған басты кедергі келтіріп, олардың неғұрлым үлкен аудиторияны жаулап алуына мүмкіндік бере қоймас деген ойды алға тартады.
Иран баспасөзінің қатарына 2 шілде күні тәулігіне 24 сағат бойына жаңалықтар беретін жаңа "PressTV" телеарнасы қосылды. Аталған телеарнаның қаңтар айынан бастап ашылған вебсайтында жаңа арна батыстық БАҚ-ның ғаламдық жаңалықтар әлеміне ықпал етіп, басқаларды көлеңкелеу әсерін әлсіреткісі келетін мақсаты турасында жазылған еді.
Жаңалықтар арнасы өз штатында 400-ден астам қызметкер бар екендігін, оның ішінде 26 тілшінің Ираннан тыс жерлерде жұмыс істейтіндігін мәлімдеген. Тілшілері жұмыс істейтін бар елдер мен қалалар қатарында Ұлыбритания, АҚШ және Газа, Иерусалим мен Рамалла сияқты қалаларды атауға болады.
Техранда орналасқан бұл жаңа телеарна жарты сағаттық жаңалықтармен қатар, ток-шоу бағдарламаларын көрермендеріне ұсынбақшы. Мұндай ток-шоу бағдарламалары Дамаск, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларының өміріне арналады деп айтылған болатын. Дегенмен де, жаңа телеарнаның басты бағдарламалық бағыты Таяу Шығыс болары сөзсіз. Демек, жаңа теледидар 24 сағат бойына ағылшын тілінде хабар тарататын CNN, BBC жәнe Әл-Жазира, "Бүгінгі Ресей", "24 сағат Франция" деп аталатын телеарналардың қатарын толықтырады деген сөз.
Десек те, Иранның өз ішіндегі оның сыртындағы кейбір сарапшылар жаңа жаңалықтар телеарнасының кең аудиторияға ие боларына оншалықты сеніммен қарамайды. Ирандағы баспасөз еркіндігі ассоциациясының мүшесі Иса Сахархиз бұлай деуге бірқатар себептер бар дегенді айтады, Техраннан «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.
- Бақылау мен өзіңді өзің бақылау бар жерде халықаралық жаңалықтар жүйесіндегі редакторлар кейбір маңызды деген жаңалықтарды елемеуге, көрмеуге тырысып, керісінше, мәнсіз жаңалықтарға назар аударып, соларды маңызды етіп көрсетуге тырысатын болады.
Бұған қосымша кейбір талдаушылар Ирандағы билік жүйесінің репрессивті табиғатын білетін батыстық көрермен мен тыңдарман ондағы мемлекетік жаңалықтар арнасына сенімді деген ақпарат көзі ретінде қарамас еді деп мәлімдейді. Сарапшы Сахархиз сондай-ақ Исламдық киіну кодексі де Техранда орналасқан теларнаның журналистері үшін Батыста көрермен табудың бір қиындығы болуы мүмкін деген ойды айтады. Оның ойынша, телеарнаның тілшілерінің қандай киіммен эфирге шығу мәселесі де үлкен талқыға түсері анық деп атап көрсетеді. Мәселен, әйел жүргізушілер Техранда басына орамал салуы керек, ал батыс көрермені үшін деп ол жалаңбас эфирге шығатын болса, бұның өзі өзіндік қайшылық туғызары сөзсіз дейді.
Лондондағы Чатам орталығының Таяу шығыс бағдарламасының жетекшісі Клэр Спенсер Press TV арнасы Батыста Иранннан шыққан хабарлар мен басқа да жайттар қызықтыратын тыңдарман, көрермен табуы мүмкін, бірақ ол көп болмайды деген ойын білдіреді.
- Кейде сырттағы адамдар Иран саяси жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін аңызға айналдырып жібереді. Егер бұл телеарна Иран қоғамын қалай түрлендіру тәсілін тек саясатты қамту үшін қолданатын болса, онда менің ойымша, бұл Иранда мәдениет, экономика саласында не болып жатқанын саясаттағы сияқты оншалықты біле бермейтіндер үшін пайдалы болары сөзсіз.
Лондондағы Араб және Иран зерттеулері орталығының жетекшісі Алиреза Нуризаде Иранның басқа халықаралық арналарының көремендер тарту қабілетіне ие бола алмағандығын айтады.
- Иран Сахар немесе Әл-Алам деп аталатын арналардың жұмысын бастау үшін соңғы жылдардың өзінде миллиондаған доллар қаржы жұмсады, бірақ өкінішке қарай бұл инвестиция ешқандай нәтиже берген жоқ. Ислам республикасы баламалы жаңалықтар көргісі, тыңдағысы келетін көрерменге ешқашан ие бола алмайды, - деп атап көрсетеді ол.