Жұма күні жарық көрген басылымдардың бірі Нұрбанктің із-түссіз жоғалып кеткен бұрынғы басшыларының денесі табылған ба деген сұраққа жауап іздепті. Сонымен қатар, газеттер Қарағанды абақтысында отырған азамат сот шешіміне наразылық ретінде өз ауызын жіппен тігіп тастағандығы туралы жазса, басылымдардың дені сайлау науқанына қатысты ақпараттарға ерекше мән беріп отыр.
Нұрбанктің бұрынғы топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасенов табылды ма деген сұраққа «Республика» газеті жауап іздепті. «Біздің дерек көздеріміз із-түссіз жоғалып кеткен кісілердің денелері табылған деген пікір білдіріп отыр, алайда мұндай болжамды ҚР ішкі істер министрлігі жоққа шығарады» делінген мақалада. «Өзін таныстыруды жөн санамаған азамат Темірәлиев пен Хасеновтың денесі осыдан екі апта бұрын Қазақстан аумағынан табылғандығын айтты. Алайда билік өкілдері бұл ақпаратты жария етуді жөн санамай отыр дейді әлгі кісі». Сонымен қатар, «Республика» басылымы жоғарыда айтылған болжамдарға ұқсас мәтінді хатты келтіріп отыр. «Мұнда да екі кісінің денесі осыдан екі апта бұрын табылғандығы, арнайы зерттеу олардың Темірәлиев пен Хасенов екендігін дәлелдегендігі жазылған. Алайда ішкі істер министрлігі мұндай ақпаратты жоққа шығарып отыр. Жолдас Темірәлиевтің зайыбы Армангүл Қапашева да күйеуінің тірі табылғандығын қалайды» деп жазды «Республика» газеті.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі Нұрбанктің бұрынғы басшылары қайда болуы мүмкін деген сұраққа жауап бергісі келмейтіндігі туралы мақала «Панорама» газетінде жарық көріпті. «Министрліктің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов банктің бұрынғы топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың тағдыры туралы ештеме білмейді» делінген мақалада. «Бағдат Қожахметовтың айтуынша, олардың тірі немесе өлі екендігі туралы ешқандай ақпарат жоқ. Мүмкін бұл туралы ақпарат тергеу тобында бар шығар дейді ол. Сонымен қатар, Бағдат Қожахметов осыдан екі апта бұрын Австрия билігі Рахат Әлиевтің ақшаны жылыстатқандығын растайтындығын мәліметтерді сұратқан. Тиісті материалдар Австрия жағына тапсырылған» деп жазды «Панорама» газеті.
Бұл уақытта «Бутя-капитал» ісіне қатысты сот аяқталуға жақын қалғандығына «Начнем с понедельника» газеті мән беріп өтіпті. «Сөз болып отырған процестің басталғандығына сегіз айдың шамасы болып қалды. 130 томға жуықтайтын материалдар негізінде қаржы полициясы жеке фирманың бұрынғы басшыларын айыптап келеді» делінген мақалада. «Айыпталушылардың бірі Болат Әбілов келесі сот мәжілісі маусымның 16-на белгіленгендігін айтты. Сонымен қатар, ол процестің сағыздай созылып бара жатқандығына қынжылыс білдіреді. Қазіргі күні сотқа жәбір көрушілер ретінде қатысқандардың 90 пайыздайынан астамы өздерінің талаптарынан бас тартты. Ал Болат Әбілов болса сот біткенше Алматы қаласынан шыға алмай отыр» деп жазды «Начнем с понедельника» газеті.
Ал «Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса Қарағанды абақтысында отырған азамат өз ауызын жіппен тігіп тастағандығы туралы баяндап отыр. «33 жастағы Николай Шишков өзіне қатысты шығарылған сот шешіміне наразылық ретінде осындай әрекетке барған. Есірткі затын сақтағаны үшін айыпты деп танылған ол, сот шешіміне сәйкес, төрт жылды түрмеде өткізуі керек» делінген мақалада. «Қазақстанда адам құқығының сақталуы жөніндегі халықаралық бюро өкілі Юрий Гусаковтың айтуынша, Шишков осы жылғы мамыр айында аштық жариялаған. Маусым айында қарағандылық омбудсмен өкілдерімен кездестіру үшін әлсіреген Шишковты қолымен көтеріп әкелген» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Сонымен қатар, газеттер алдағы сайлау науқаны жөнінде де материалдар жариялады. Мәселен, адам құқықы жөніндегі бюро жетекшісі Евгений Жовтис «Начнем с понедельника» газетіне берген сұхбатында тамыз айындағы сайлауға оппозиция қатыспаса да болады деген пікір білдіріпті. Сондай-ақ, ол Қазақстанда саяси іс-қимыл еркіндігі жоқтығын сынға алған. «Алға» және «Атамекен» партиялары әлі тіркелген жоқ. Алты жылдан бері оппозициялық партиялар ұлттық телеарналардың эфиріне шыға алмай отыр» депті Евгений Жовтис «Начнем с понедельника» газетіне берген сұхбатында.
«Алма-Ата ИНФО» газеті болса тіркеуден өте алмай отырған «Атамекен» партиясының төрағасы Ержан Досмұхамедовтың сұхбатын жариялап отыр. Онда партия басшысы тамыздың 18-күнгі сайлаудан соң Қазақстанның саяси тіршілігі біте салмайтындығын атап көрсеткен. «Партия қызметі – күрделі әрі ұзақ жұмыс. Шұғыл түрде ұйымдастырылған сайлау – партияның жұмысын орға жықпайы тиіс. Ал партияны басқару тізгіні төрағаның қолында. Мен ешкімге басқа да партиялармен бірігу туралы келіссөздер жүргізуге тапсырма берген жоқпын» депті Ержан Досмұхамедов «Алма-Ата ИНФО» газетіне берген сұхбатында.