Бейсенбі күні жарық көрген басылымдардың бірі Алматы әуежайында апатқа ұшыраған түрік ұшағының қызметкерлері оқиға орын алған уақытта мас болғандығы туралы жазыпты. Сонымен қатар, газеттер «Нұрбанктің» бұрынғы топ-менеджерлерінің мәйіттері табылған ба деген сұраққа жауап іздесе, тағы бір басылым ұлт-азаттық қозғалысты басқарған Сырым батырдың мазары ғылыми тұрғыдан анықталғандығына тоқталып өтіпті.
Шілденің 7-күні Түркияның 310 нөмірлі аэробусының Алматы әуежайында апатқа ұшырауына қатысты тың мәліметтер «Время» газетінде баяндалыпты. «Қазіргі күнге дейін сөз болып отырған ұшақтың ішінде қанша адам болғаны беймәлім қалып отыр. Осы аэробусқа арналып 197 билет сатылыпты, турік агенттігі болса бортта 208 азамат болғандығын хабарлады, ал құтқарушылар ұшақтан 213 адам түсірілгендігін айтып жатыр» делінген мақалада. Сонымен қатар, мақала авторы аэробустың төтенше жағдайға дайын болмағандығын атап көрсеткен. «Ұшақтың алты есігінің екеуі ғана дұрыс жұмыс істеген. Бес метрлік биіктіктен жерге секіруге мәжбүр болған жолаушылардың бірқатары ауыр жарақаттанған. Мәселен, Алматылық Светлана Корнилова бүйрегінен зақымданса, Бақытгүл Күлгімбаеваның қолы сынып, миы шайқалған» деп жазды «Время» газеті.
«Экспресс К» газеті аэробус апатқа ұшыраған кезде оның қызметкерлері масаң күйде болғандығын хабарлап отыр. «Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің өкілі Мұхит Қубаевтың айтуынша, оқиға болған кезде жолсеріктердің екеуі алькоголдік ішімдіктің әсерінде болған. Оған қоса, экипаж апаттың шын мәнінде неден туындағандығын жасыру мақсатында ұшақтың дыбыс таспасын өшіріп тастаған. Бұл жағдайда ұшқыштар жауапкершілікке тартылуы керек. Алайда түрік экипажына қылмыстық жауапкершілік жүктелмейтін болды. Шетелдіктер Қазақстан жағына келген шығынның барлығын өтеуі тиіс. Одан соң Түркия билігіне олардың авиациясы қандай жағдайда екендігі туралы нота жіберіледі» депті Мұхит Қубаев «Экспресс К» газетіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, басылымдар «Нұрбанктің» бұрынғы топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтардың мәйіттері табылыпты-мыс деген ақпарат төңірегінде ой тарқатыпты. Мәселен, «Жас Алаш» газеті Темірәлиевтің жұбайы Армангүл Қапашеваның пікірін келтіріп отыр. «Әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Мынадай алып-қашпа әңгімелердің ешқайсысына да сенбеймін. Жаман хабар айтып жатқандардың сөзіне сенгім де келмейді. Үшкі істер министрлігінен басқа ешкімге сенбеймін... Жақсы хабар ғана күтем... Аяғы тәтті болады, бәрі жақсы болады деп сенемін...» депті Армангүл Қапашева «Жас Алаш» тілшісіне.
«Айқын» газеті болса рулі оң жақта орналасқан көлікті жүргізушілер үшін түсініксіз жайттар көп болып тұрғандығына мән беріп өтіпті. «Оларды Қазақстанға әкелуге тыйым салынғаны белгілі. Ал мемлекет басшысы үкіметке оларды тозығы жеткенше пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырған еді. Бірақ Қазақстанға әлдеқашан келіп қойған «темір тұлпар» иелері үшін әзірге «әліптің артын бағу» не «рульді дұрыс жаққа» ауыстырудан өзге амал жоқ» делінген мақалада. «ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімовтің айтуынша, қазір Қазақстанда рульдің орнын ауыстырумен айналысуға жеті мекеме ғана рұқсат алған. Алматы аумағында қызметтің мұндай түрімен айналысатын кәсіпорындардың бірі – «Кристал-моторс» кәсіпорнының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Денис Копутков мәшинені осындай жөндеуден өткізу маркасына қарай шамамен 3000-4000 долларға түсетіндігін жеткізді. Тәуелсіз автокөлік одағы келтірген деректерге сәйкес, республикада өткен жылдың аяғында 151 мыңнан астам «теріс тізгінді» автокөлік құралы тіркелген» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Осыдан шамамен екі ғасыр бұрын Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілісті басқарған Сырым батырдың мазары табылғандығына «Ана тілі» газеті тоқталып өтіпті. «Сырым батырдың мәңгілік мекенін іздестіру жұмысы соңғы соңғы жиырма жылдың көлемінде үздіксіз жүргізіліп келді. Екі ғасыр бойына түрлі себептермен белгісіз болып келген батыр баба зиратын анықтауға бағытталған экспедициялық топ осы жылы жұмбақ жайттың түйінін шешті» делінген мақалада. «Ұлт батыры, әрі шешен Сырым Датұлының туғанына 265 жыл. Осыған орайластырылған Қазақстан-Өзбекстан тарихи-этнографиялық экспедициясының жұмысы алдымен Қарақалпақ астанасы Нүкістен басталып, Үргеніш, Хиуа қалаларында жалғасты. Өзбекстанның Қыпшақ, Бестөбе, Гүрлен ауылдарында да болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, Хорезм облысының Гүрлен ауданы орталығынан тоғыз шақырым қашықтықта орналасқан Майлы шеңгел ауылындағы бейіт ғылыми тұрғыдан Сырым батырдың қорымы ретінде дәлелденді» деп жазды «Ана тілі» газеті.