Осы жылдың бас кезінде АҚШ президенті Дж.Буш өзінің Ирақ турасындағы жаңа стратегиясын жариялағанда Ирақтағы әскербасшы, генерал Дэвид Петреус қыркүйек айының ортасында қол жеткен жетістіктер жайында хабарлама жасайды деп атап көрсеткен еді. Дегенмен де шілденің 12-күні Ақ үй Ирақ үкіметінің Конгресс қойған талаптар негізінде алға басушылығына қатысты уақытша баяндама жарияланады деген болатын. Онда Ақ үй бір аймақта жақсылық белгілері болса, енді бір аймақта күрделі жайттардың орын алып тұрғанын мойындаған.
Ал Сенаттағы оппозициялық демократтардың көпшілігі осы уақытша баяндаманың негізінде Буштың Ирақтағы жаңа стратегиясының қаншалықты табыстылығын таразылап, сын талқысына салуға әзірміз дейді. Бірақ Ақ үй мұндай талқылауды болдырмауға тырыспақшы және Буштың бірқатар республикандықтары Петреустың баяндамасы жарық көргенше, демек әлі екі айға дейін, ол сыни талқылауларды болдыртпаймыз деп отыр.
Сонымен Ирақ соғысының оппоненттері өз үкімдерін шығаруға не себепті асығулы? Республикандықтардың бірнешеуі қазірдің өзінде Ирақ соғысы турасында Буштың бағытын қолдамайтындығын көпшілікке жариялады. Ақ үй болса мұндай сәтсіздіктерді болдырмас үшін жұмыс істеуге мәжбүр.
Президент Буштың өзі жақында өндірісті Кливленд қаласында болғанда көпшіліктің қолдауына ие болу үшін Ирақта алға жылушылық болатынына олардың көздерін жеткізуге тырысты. Ол американдықтарды Ираққа барған қосымша жасақтардың процеске араласып, өздерін көрсетуі үшін генерал Петреуске уақыт берулерін өтінді.
- Мен бұл соғыстағы табыс немесе жеңіліс жайында ашық та әділ талқылауларды жақсы қабылдаймын. Бірақ ондағы қолбасшылыққа барлық әрекетті іске қосуға мүмкіндік беру ұлттың мүддесі деп ойлаймын. Және мен Конгресс қандай да бір шешім жасамас бұрын генерал Петреустың стратегияның қалай жұмыс істеп жатқаны жайында баяндамасын күтеді деп сенемін. Американдықтардың күткені міне осы, - деді президент.
Ал Конгрестің кейбір мүшелері бұл мәселені қазір-ақ талқыға салуға соншалықты құлшынып отыр. Вашингтондағы Американ университетінің американдық саясат тарихы профессоры Алан Личман Ирақ турасындағы Ақ үй мен Конгресс арасындағы пікірталастар туралы былай дейді:
- Бұл екі жақ үшін де бірдей. Хабарламада не жазылғандығының ешқандай маңызы жоқ. Оны мағынасыз деуге болады. Әкімшілік өзіне бағалау береді. Мұның бәрі саяси шиеленіс мәселесі және саясаттағы әрқилы көзқарас мәселесі.
Личман сондай-ақ бұл жердегі басты мәселе қайсысы әділетті - Ирақтағы жағдайды қазір талдап-талқылау ма, жоқ болмаса екі айдан кейін бе деген емес, мұндағы жайт американдықтардың, оның ішінде Ирақ соғысына қарсы болушылардың, миын айналдырып, ақыл-ой, саналарына әсер ету мақсаты тұр.
Вашингтондағы саясат зерттеулері жекеменшік орталығы, Американың кәсіпкерлік институтының байырғы саясат талдаушысы Норман Орнстеин бұл мәселеге басқаша көзқараспен қарайды.
- Ол бұл жаңа стратегиясын бастағанда уақыт керек деген болатын, ол алдымен жасақтарды апарып, оларды орналастыру үшін, сосын не дұрыс болды, не жұмыс істемеді, міне осының бәріне уақыт қажет деген Петреустың өзі. Түбегейлі саясатқа әсер етер асығыс шешім, талқылау жасамас бұрын Петреусқа мүмкіндік берілді ме - осыны ойлану керек, әйтпесе әділетті болмайды, - дейді ол.
Орнстеиннің айтуынша, жеткілікті әскер күші мен жеткілікті уақыты болса Петреус Ирақта премьер-министр Нури әл-Маликидің үкіметінің елдегі қауіпсіздікті өз қолдарына алуына мүмкіндік туғызар үлкен өзгерістер жасайтындығына сенімді. Бірақ Орнстеин мұнда Петреустың жауапкершілігіне жатпайтын тіпті маңыздырақ басқа бір шындық бар екендігін айтады.
- Президент айтқандай, жаңа стратегияның мәнісі - онда әскери жеңіске жету емес, мұнда геноцидтік соғыс жүргізуден аулақ болып, Ирақта саяси тыныштыққа жеткізер атмосфера қалыптастыру. Міне, бұған Петреус ықпал ете алмайды. Ол оның мүмкіндігіне кірмейді, - дейді ол
Орнстеин АҚШ-ың өз ішінде Ирақтағы саяси жағдайдың алға жылжымағаны турасында пікір кең тараған дейді. Ол Ирақты қазір бей-берекеттік жайлады, Буш әкімшілігі өзінің әскери қимылдары мен саяси әрекеттерін бір бағытта үйлестіргенше ол тазарып, реттеле қоймайды деп атап көрсетеді.