“Мисс Қазақстан” Гаухар Рахметалиева 28-ші мамырда Мехико қаласында өткен “2007 жылғы Ғаламшар аруы” халықаралық байқауына қатысып келді. Әлемдегі 77 елдің таңдаулы арулары бақ сынаған бұл байқауда Қазақстан аруы Гаухар Рахметалиева қазақтың ұлттық киімін таныстырып, ол әлемдік дизайнерлердің назарына іліккен. Қазақстанда жыл сайын “Сұлулық байқауы” Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтіп келеді. 2006 жылдың соңында Алматыда “Мисс Қазақстан” титулын жеңіп алған Гаухар Рахметалиеваға байқаудың демеушілері Германия-Чехияға туристік жолдама ұсынған. Сөйтіп, Чехияға сапармен келген Қазақстан аруы Гаухар Азаттық радиосының Прагадағы кеңсесіне арнайы келді.
Үкілай Бестай: Гаухар, Азаттық радиосының Прагадағы студиясына қош келдіңіз! Алғашқы кезекте сізді Қазақстан аруы мәртебеңізбен құттықтаймыз!
Гаухар Рахметалиева: Рахмет Сіздерге!
Үкілай Бестай: Гаухар осындай үлкен байқауға қатысуыңызға кім себепкер немесе не түрткі болды?
Гаухар Рахметалиева: Өзімнің ниетім болды. Атырауда тұрамын. Атырау қаласындағы Мұнай-газ институтында оқимын. Ең басында мені осы институтта болған байқауға шақырды. Онда жеңіске жеткеннен кейін, мені “Атырау қаласының аруы” байқауына шақырды, оны да жеңгеннен соң мен Республикада өтетін “Мисс Қазақстан” байқауына жолдама алдым. Басында мамам қарсы болды, осындай жетістіктерімді көргеннен кейін, ол мені қолдады. “Мисс Қазақстан” атағын алғаннан соң, мен халықаралық “Miss Universe”, Ғаламшар аруы байқауына барып келдім.
Үкілай Бестай: Гаухар осындай үлкен байқауларға қатыстың, үлкен жеңістерге жеткенде қандай күйде болдың?
Гаухар Рахметалиева: Көптеген байқауларға қатысқандықтан, біраз тәжірбие жинап қалдым. Сол себепті республикалық және халықаралық байқауларға шыққанда өзімді сенімді сезіндім.
Үкілай Бестай: Мисс Қазақстан” мәртебесін иеленіп, Қазақстан аруы атанып отырсың, елдің көркі болу үшін байқауда қандай талап қойылды?
Гаухар Рахметалиева: Әрине, қазақта гүл жердің көркі, қыз елдің көркі демекші, әділ қазылар ең алдымен сырт келбетіңмен қоса, мінез-қылық пен өзіңді ортада қалай ұстайтыныңа, мәдениетіңе, біліміңе қарап, осындай талаптарға мән берді.
Үкілай Бестай: Гаухар Қазақстиандағы арулар байқауының бас жүлделерін жеңіп алып, жақында Мехикоға барып келдің, ол жақта Қазақстанды қалай таныстырдың?
Гаухар Рахметалиева: Әрине мен халықаралық байқауға Қазақстанның өкілі ретінде бардым. Бұл мамырдың 28-інде Мехико қаласында өткен “Ғаламшар аруы” байқауына 77 елдің арулары қатысты. Мен әдемі ұлттық киімімізді киіп шықтым.
Үкілай Бестай: Ол жердегі қыздармен қарым-қатынасың қалай болды, тіл табыса алдың ба?
Гаухар Рахметалиева: Ия, көптеген қыздармен достастым. Мен осындай байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Және өз атымнан ғана емес, Қазақстанның атынан бардым. Әлем елдерінің аруларымен танысуға менде мүмкіндік болды.
Үкілай Бестай: Қазақстанға көрші қай елдердің арулары осы байқауға қатысты?
Гаухар Рахметалиева: Орта Азиядан тек мен ғана болдым. Көршілес елдерден Ресей болды, Қытай болды және Украина елінен келді.
Үкілай Бестай: Халықаралық байқауда есіңде қалған жағдай болды ма?
Гаухар Рахметалиева: Ия, бір жағдай болды. Байқауға бір күн қалғанда, біз дайындық өткізіп жатқан аудиторияда қоңырау соғылып, аудиторияда бомба бар деп бізді 5 минуттың ішінде далаға шығарды. Біз бәріміз қатты қорықтық. Кейін эвакуация болғаннан кейін, бомба жоқ екені белгілі болған соң тынышталдық. Өте қорқынышты болды.
Үкілай Бестай: Гаухар, енді Азаттықтың жастарына не айтасың?
Гаухар Рахметалиева: Жастарға не айтам, өз тілдеріңізді ұмытпаңыздар, дамыта беріңіздер. Басқа да тілдерді меңгеріп, үйреніп жүріңіздер. Және түрлі байқауларға қатысып, өз күштеріңізге сенімді болуыңызды тілеймін.
Үкілай Бестай: Әңгімеңе көп рахмет Гаухар.
2006 жылғы “Мисс Қазақстан” байқауының жеңімпазы 21 жасар Гаухар Рахметалиева Атыраудағы Мұнай-газ институтының 3-ші курсында оқиды. Алдағы қараша айында өтетін байқауда жеңіске жеткен келесі Қазақстан аруына Гаухар “Мисс Қазақстан” тәжін ұсынатын болады.