Журналистика бойынша мәртебелі халықаралық сыйлықтың лауреаты тәуелсіз өзбек журналисі Руслан Шарипов АҚШ-та қиындықтарға тап болып отыр. Руслан Шарипов өзі туып өскен елі Өзбекстанда “балалармен жыныстық қатынас жасады” деп айыпталып, түрмеге жабылған болатын. Бірақ, адам хұқын қорғаушы топтар мен журналистің өзі оған тағылған айыптардың ойдан шығарылғандығын айтқан еді. Кейінірек Руслан Шариповқа АҚШ-та саяси баспана берілген тұғын.
Қазір 29-жасқа келген Шарипов Өзбекстан қамауында 10 ай болған. Журналисттің айтуынша, оны түрмеде қорқытқан және қинап-азаптаған. 2004 жылы саяси баспанаға ие болған Руслан Шарипов қазір бюрократиялық және заңды кедергілерге тап болып отыр. Қазір Калифорнияда тұрып жатқан Шариповтың айтуынша, ол түрмедегі күндерін есіне түсіріп, стрестік күйге душар болуда.
Америка Құрама Штаттарында Шариповтың тұрақты мекен-жайы жоқ. Калифорния штатындағы Сакраменто қаласынан “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Руслан Шарипов “АҚШ билік орындары мені депортациялауы мүмкін” деп мәлімдеді.
“2007 жылы шілденің 3-і күні АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік департаменті ашық түрде маған “бізде болған ақпарат негізінде сені Өзбекстанға қайтаруымыз мүмкін” деп айтты. Маған келген хатта адамгершілікке жатпайтын қылық жасағаныңызға байланысты сотталғаныңыз үшін Грин Карта алу мәртебесіне лайықты емессіз делінген. Олар осы терминді пайдаланыпты”, - деді Шарипов.
Өзбекстан соты Руслан Шариповты кішкентей балалармен жыныстық қатынас жасады деп айыптап, оны 5 жарым жылға түрмеге жапқан болатын. Бұл мерзім кейін 3 жылға қысқартылды. Адам хұқтары бойынша халықаралық Хьюман Райтс Уотч ұйымы мен журналистерді қорғайтын комитеттің айтуынша, Шарипов гомосексуал болғаны үшін емес, өзінің журналистік жұмысына байланысты сотқа тартылған.
2003 жылы түрмеге жабылардың алдында, Шарипов адам хұқтарының бұзылып жатқаны туралы және елдегі жемқорлық жөнінде мақалалар жазып, Өзбекстан үкіметін сынаған болатын. Сот барысында Шарипов өз айыптарын мойынына алып, үкіметті сынағаны үшін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтан кешірім сұраған еді. Бірақ шетел үкіметтері мен адам құқықтарын қорғайтын топтар Каримовтың әкімшілігі тұтқындарды үнемі қинап азаптайды дейді.
Шариповтың айтуынша, түрмеде оны противогаз маскасымен тұншықтырып, зорлап, ВИЧ инфекциясын жұқтырамыз деп қорқытқан. Сол себепті мен өз айыптарымды мойындауыма тура келді, дейді Шарипов.
Сосын халықаралық ұйымдардың көмегімен Шариповқа АҚШ-та саяси баспана берілді. Ол 2004 жылы қазан айында анасы және екі бауырымен қосылу үшін Калифорнияға келген. Шариповтың пікірінше, ол өзінің саяси көзқарасы үшін қазіргі жағдайға тап болып отыр. Журналист Ирақ соғысына қатысты наразылық акциясына қатысқанын және президент Джордж Бушқа импичмент жариялау керек деп Интернеттегі сауалнамаға жауап бергенін, сондай-ақ, АҚШ президентін сынап мақалалар жазғанын айтып отыр.
Өзбекстандағы Бейбітшілік Корпусында ерікті болып жұмыс істеген әрі журналистке жәрдем берген Джон Смарттың айтуынша, Буш әкімшілігінің Шариповтың саяси көзқарасымен шаруасы жоқ. Бірақ Руслан Шарипов дискриминацияның басқа түріне байланысты қиындықтарға душар болып отырған шығар, дейді Смарт.
“Ол Ислам елінен болғандықтан оған байланысты осындай әрекет жасалып отыр. 11-қыркүйек шабуылдары мен Ирақ соғысына орай Ұлттық Қауіпсіздік департаменті Ислам елдерінен келген адамдарға дискриминация жасап отырған сияқты”, - дейді Смарт.
Оның пікірінше, АҚШ билік орындары мұсылмандарға немесе халқының басым бөлігі мұсылмандар болған мемлекеттерден келген адамдарға күдікпен қарайды. Шариповтың анасы мен екі бауыры және көптеген өзбек босқындары АҚШ Грин Картасына ие.
Шарипов Калифорния губернаторы Арноль Шварценегерге хат жазып, көмек сұрағанын айтып отыр. Шілденің 13-і күні журналист Шарипов Шварценегердің кеңсесінен жауап алған, онда бұл - федералды іс, ол губернатордың міндетіне жатпайды деп айтылған.
Осыдан 3-4 жыл бұрын Шариповтың ісіне назар аудартқан халықаралық ұйымдар журналисттің қазіргі қиын жағдайы туралы ешқандай мәлімдеме жасамады. Шарипов 2004 жылы баспасөз бостандығын қолдау ұйымы тарапынан “Алтын қаламсап” деген сыйлықпен марапатталған болатын.
Сонымен АҚШ билігі Шариповтың болашағына байланысты шешімін тамыздың 4-іне дейін шығарады деп күтілуде. Журналисттің айтуынша, егер ол Өзбекстанға қайтарылатын болса, онда ол түрмеге жабылуы немесе одан да нашар жағдайға тап болуы мүмкін.